Қанның жалпы талдауының қалыпты көрсеткіштері :(эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин, тромбоциттер, ЭТЖ). Қан құрамы қан жасушалары мен қан плазмасынан тұрады.
Қан жасушаларыға: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер жатады.
Эритроциттерқалыпты жағдайда ер адамда 4,0 - 5,0 х1012/л, әйел адамда 3,9 - 4,7 х1012/л тең.
Гемоглобинбұл оттегі тасымалдайтын қан пигменті.
Гемоглобин ер адамдардағы 130-160 г/л, ал әйел адамда 120-140 г/л-ге тең.
Эритроциттер тұну жылдамдығы (ЭТЖ) Әйелдерде 2-15 мм/сағ, ерлерде 2-10 мм/сағ. оның өзгеруі қан плазмасындағы белок санының өзгеруіне байланысты болады.
Лейкоциттер қанның ақ түйіршіктерін атайды.
Қалыпты жағдайда лейкоциттер 4-9 -109/л-ге тең.
Тромбоциттерқан пластинкалары, ядросыз клеткалар.
тромбоциттердің саны 100-300 х 109 /л. дейін ауытқиды.
Қанның биохимиялық талдауының қалыпты көрсеткіштері.
Жалпы белоктың қалыпты мөлшері 66-87г/л. Қанда қалыпты мөлшері төмендейді(гипопротеинемия):бүйрек ауруларында,көп қан жоғалтқан кезде, ісік ауруларында, белок түзілу бұзылған кезде.Қанда жоғарылайды(гиперпротеинемия):сұйықтық көп жоғалтқан кезде, қабыну процесі жүріп жатқанда.
Креатинин калыпты мөлшері 45-115ммоль-ге тең. Креатинин жоғарылауы:жедел және созылмалы бүйрек ауруларында, бүйректің қатерлі және қатерсіз ісіктерінде, күйікте.Төмендеуі:бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде, ашығуда, полиурияда.
Холестериннінканнын сарысуындағы мөлшері -3,1-5,2ммоль/л.Гиперхолестеринемия:ұйқы безі ауруларында, жүрек қан-тамыр жүйе ауруларында, май алмасу бұзылғанда, семіздік.Гипохолестеринемия:ашығу кезінде, май сіңуі бұзылған кезде, бауыр ауруларында.