Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет100/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120
Орталық мүшелерге сүйектің қызыл кемігі,айырша без тимус жатады.
Шеткі мүшелеріне бадамша без,аппендикс,көк бауыр,лимфа түйіндері.
Сүйектің қызыл кемігінде Т-В лимфоцит жасушалары өндіріліп шығарылады.
Бадамша без. Ол жоғарғы тыныс жолдарын инфекциядан қорғап,ауыз қуысындағы микроптың ценоздық дамуына қатысады.Адам денесіндегі лимфоидты тіндерін қосымша тіндерімен қамтамасыз етеді.
Аппендикс.Оның лимфоидты тіндерінде антигендерге жауап қайтаратын бласты жасушалар мен лимфоциттер /В-Т/ жиынтығы кездеседі.Аппендикулярлы өсінді ішек микрофлорасының бір қалыпты жағдайын реттейді.
Көкбауыр.Гемопоэзге қатысады гемоглобинді билирубинге айналдырып,темірді қанайналымға қайта әкеледі,көптеген қызметтер атқарады .Көкбауырда өлген эритроциттер мекендейді.Сол себепті көкбауырды эритроциттер моласы деп айтамыз.
Лимфа түйіндері. Мөлшері 3-30мм,сапақша мен домалақ пішінді,адамда 500-ден 1000 –ға дейін лимфа түйіндері бар.Лимфа түйінінде милы және қыртысты заттары бар.Лимфа түйіндері қалыпты жағдайда қолға сезілмейді.Ағзада қабыну белгілері болса лимфа түйіндері шошынады,ұлғаяды.
Сонымен қатар иммунды жүйені гуморальды және жасушалық деп екі топқа бөлеміз.Гуморальды иммунитет В-лимфоцит жасушаларымен қызметі іске асырылады.Ал жасушалық иммунитет Т-лимфоцит жасушаларының есебінен жұмыс жасайды.Гуморальды иммунитет сырттан келген бөгде заттарды микробтарды,вирустарды жояды.Ал жасушалық иммунитет генетикасы бұзылған,мутацияға ұшыраған жасушаларды жояды.
Тромбоциттер,қалыпты мөлшері, қызметі.
Тромбоциттер немесе қан табақшалары түссіз, ядросы жоқ, пішіні сфералық денешіктер. Өмір сүру ұзақтығы 4 күн. Тромбоциттер қызыл сүйек миында пайда болады. Қандағы тромбоциттер саны 100 300,0х1мың /л Олардың көп бөлігі талақта, бауырда, өкпеде, яғни қор мүшелерінде болып, қажет жағдайда қанға түседі. Тамақ ішу, бұлшық еттік жұмыс қандағы тромбоциттер деңгейін көтереді яғни тромбоцитоз байқалады. Тромбоциттердің бөгде заттардың бетіне жабысу немесе өзара желімделу ерекшеліктері бар.Тромбоциттің ең басты қызыметі қан ұюту немесе гемокоагуляция ,қан 3-5 минутта ұйды, 5-6 минутта қою ұйындыға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет