Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет110/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Варолий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі өткізгіштік. Өткізгіштік қызметі негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай төмендеші жолдарымен іске асады.Сонымен қатар, көпірде дем алуды және дем шығару процесімен алмастырып тұратын орталық орналасқан.
Мишық. Құрылысы мен орналасуы.

Мишық, cerebellum, ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады. Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 г болады. Мишық құртша арқылы байланысқан екі жарты шардан түзіледі. Мишық та сұр және ақ заттардан түзіледі.


Сұр зат сыртқы бетінде орналасып, мишықтың қыртысын түзеді. Сұр заты ақ затының ішіне тармақтала енеді, оның бұлай орналасуын “өмір ағашы”, “arbor vitae”, деп атайды. Ақ затының ішінде мишықтың төрт жұп ядролары жатады: ең ірісі және бүйір жағында орналасқаны - тісті ядро, nucleus dentatus, ол тепе-теңдікті сақтау қызметін атқарады. Одан төмен қарай тығын тәрізді ядро, nucleus emboliformis, шар тәрізді ядро, nucleus globosus, және шатыр ядросы, nucleus fastigii, орналасады.
Мишықтың үш жұп: жоғарғы, ортаңғы және төменгі аяқшалары болады. Оның төменгі аяқшалары сопақша мимен, ортаңғы аяқшалары көпірмен, жоғарғы аяқшалары ортаңғы мимен байланысады. Мишық аяқшалары арқылы сәйкес ми бөліктеріне өткізгіш жолдар өтеді.
Мишықтың негізгі қызметі - денені қозғалтып, қимылға келтіру, тепе-теңдік, үйлесімділікті рефлекс жолымен басқарып, бұлшық еттердің жиырылғыштық күшін реттеп тұру болып табылады. Сонымен қатар өткізгіштік қызмет атқарады.
Мишық үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстінде орналасқан.Мишықтың қызметі адамның кеңістіктегі қимыл іс ірекеттерін реттеп отырады. Қимылдың дәлме дәл орындалуы, тепе теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Тәжірибе ретінде жануардың мишығын алып тастағанда оның қимыл әрекеті бұзылған. Адам миына қан құйылса да осылай болады. Мишықтың бұзылуынан келіп шығатын өзгерістер:
Атаксия жүріс тұрысы бұзылып, мас сияқты жүруі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет