Жұлынның ішкі құрлысы. Жұлын ақ және сұр заттан тұрады. Жұлының сұр заты, substantia grisea, ортасында орналасып, жан-жағынан ақ затпен, substantia alba, қоршалады. Сұр зат жұлынның оң және сол жақтарында вертикалды орналасқан екі бағана түзеді. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді.
Сұр затының ортасынан жұлын-ми сұйықтығы ағатын орталық өзек, canalis centralis, өтеді. Өзектің жоғарғы жағы бас миының ІV қарыншасымен байланысады, төменгі жағы жуандап, терминалды қарыншамен тұйық аяқталады. Орталық өзектің қабырғасы эпендимамен астарланады. Сұр заттың әрбір бағаны алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді.
Жұлынды көлденең кескенде сұр затының пішіні “Н” әрпіне немесе көбелекке ұқсайды. Сұл затының алдыңғы, cornu anterior, - кеңейген мүйізі және артқы, cornu posterior, - сүйір мүйізі болады. Жұлының кеуде бөлімінде және екі жоғарғы бел сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздері, cornu laterales, болады.
Жұлынның ақ заты сұр затының айналасында орналасып, жүлгелер арқылы үш бойлық жіпшеге: алдыңғы жіпше – funiculus anterior, бүйір жіпше – funiculus lateralis, және артқы жіпшеге – funiculus posterior, бөлінеді.
Жұлын қабықтары
Жұлын сыртынан үш қабықпен қапталған.
Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis.
Жұлынның торлы қабықшасы, arachnoidea spinalis.
Жұлынның жұмсақ қабықшасы, pia mater spinalis.
Миелит - жұлынның қабынуы қимыл әрекеттің, сезімнің, зәр және нәжіс қызметінің бұзылуымен сипатталады.
Жұлынның екі атқаратын қызметтері бар:
1) Рефлекторлық қызметі;
2) Өткізгіштік.
Рефлекторлық қызметі ақпаратты импульс түрінде жауап беру. Жұлын 31 бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрондар болады. Олардың 97%-і сезгіш және аралық, 3%-і қозғалтқыш нейрондар.
Достарыңызбен бөлісу: |