Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет115/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

төменгі бөксе жүйкесі, n.gluteus inferior;


  • жыныс жүйкесі, n.pudendus;


  • ішкі жапқыш бұлшықет жүйкесі, n.musculi obturatorii interni.

    Ұ з ы н т а р м а қ т а р ы :




    • санның артқы терілік жүйкесі, n.cutaneus femoris posterior;


    • шонданай жүйкесі, n.ischiadicus.


    Вегетативті жүйке жүйесі.
    Вегетативті жүйке жүйесі, systema nervosum autonomicum, құрамында тегіс бұлшықеттері бар мүшелерді және безді эпителийді жүйкелендіретін жүйке жүйесінің бір бөлігі. Вегетативті жүйке жүйесі организмнің вегетативті қызметін: зат алмасу, өсу, көбею, гомеостазды ұстау; атқаратын мүшелер жұмысын реттейді.
    Вегетативті жүйке жүйесі орналасуы мен қызметіне қарай орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.
    Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Бұл екі бөлім әртүрлі мүшелер қызметіне түрлі әсер етеді: егер біреуі мүшенің қызметін күшейтсе, екіншісі керісінше тежейді.
    Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі- pars sympatica, орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. Орталық бөлігі жұлынның VІІІ-ші мойынннан ІІ-ші бел сегментіне дейін бүйір мүйізінде орналасады. Шеткі бөлімі аталған сегменттерден шыққан түйін алды талшықтарынан тұрады. Симпатикалық талшықтар омыртқа бағанасының екі жағында симпатикалық сабау, truncus sympathicus, түзе тізбектеліп орналасқан симпатикалық түйіндерде аяқталады. Симпатикалық сабау бассүйек негізінен құйымшаққа дейін созылады. Симпатикалық сабау орналасуына қарай 4 бөлімге бөлінеді: мойын, кеуде, бел және сегізкөз.


    Жоғарғы жүйке жүйесі


    Жоғарғы жүйке жүйесінің типтері.
    Біз күнделікті өмірде адамдардың бірдей жағдайда, өздерін әртүрлі ұстайтындығын бақылаймыз. Адам мінезін бірнеше негізгі түрге бөлуге болады.Адам темпераментін осы күнге дейін маңызы жойылмаған. Жіктерін ең алғаш рет Гиппократ жасады. Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады ,омір бойы өзгермейді. Табиғатта екі бірдей адамды,жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды.Бірақ адамдар бір –біріне ұқсауы мүмкін.Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез –құлықтың журу қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.Гиппократ темпераментті адамның анатомиялық-физиологиялық психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсінді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет