Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет60/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Мұрын, нос, nasus,(грекше-rhіnos, қабынуы ринит деп аталады) – тыныстық жүйенің бастапқы бөлігі, сыртқы мұрын мен мұрын қуысынан құралады. Сыртқы мұрын түбірінен, арқасынан, ұшынан және мұрын қанаттарынан тұрады.
Мұрын қуысы, cavіtas nasі, сыртқы мұрын мен бет қаңқасы сүйектерінен құралады. Мұрын қуысынан өткен ауа шаңнан тазартылады, ылғалдандырылады, жылытылады немесе керісінше салқындатылады. Мұрын қуысының сыртқы тесіктері танаулар,nares, деп аталады. Мұрын қуысының алдыңғы-жоғарғы қабырғасын бас сүйектері мен мұрын шеміршектері құрайды, ал төменгі жағынан мұрын қуысын ауыз қуысынан қатты және жұмсақ таңдай бөледі. Мұрын қуысының өзі мұрын пердесі, septum nasі, арқылы екі бөлікке бөлінеді. Перденің сүйекті негізін тор сүйегінің вертикалды табақшасы мен өре сүйектері түзеді. Мұрын қуысы артқы жағында хоана тесіктері, choanae, арқылы жұтқыншақпен байланысады. Мұрынның әр бөлігінде мұрын кіре-берісі, vestіbulum nasі, болады. Ол танау арқылы өткен терімен астарланады, онда тері және май бездері мен шаш түктері орналасады. Мұрын қуысының сыртқы бүйір қабырғасынан сүйекті табақшалар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын қалқандары, conchae nasalіs, иіліп шығып тұрады. Мұрын қалқандары мұрын қуысын бір-бірімен байланысатын жіңішке мұрын жолдарына бөледі және ол жолдарға мұрын қасы ауа қойнаулары ашылады. Әрбір мұрын жолына мұрын қасы қойнаулары мен бассүйек өзектері ашылады: жоғарғы мұрын жолына тор сүйегінің артқы ұяшықтары мен сына тәрізді қойнау; ортаңғы мұрын жолына тор сүйегінің алдыңғы және ортаңғы ауалы ұяшықтары, жоғарғы жақ (Гайморов) және маңдай сүйегінің ауалы қойнаулары; төменгі мұрын жолына көзжас-мұрын өзегі ашылады.
Мұрын қуысы ішкі жағынан шырышты қабықпен астарланады. Жоғарғы мұрын қалқаны мен онымен жанаса орналасқан мұрын пердесінде ерекше иіс сезу жасушалары орналасатындықтан, мұрын қуысының жоғарғы бөлігі иіс сезу аймағы деп аталады. Төменгі мұрын қалқаны аймағындағы шырышты қабық пен шырыш асты негізінде көптеп орналасқан веноздық тамырлар қойнаулы веноздық өрім түзеді. Тамырлы өрімнің болуы бір жағынан жұтылған ауаны жылытса, екінші жағынан мұрыннан қан кетулерге себеп болады. Жұтылған ауа хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігіне, одан әрі ауа өткізу, қорғаныстық және дауыс түзу қызметтерін атқаратын мүше-көмейге қарай өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет