Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Көмей, орналасуы, құрылысы мен қызметі



бет61/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Көмей, орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Көмей, гортань, laryngs, ауа өткізу және дауыс түзу қызметтерін атқарады. Көмей мойынның алдыңғы бөлігінде тіласты сүйегінен төмен, ІV-VІІ мойын омыртқалар деңгейінде орналасады. Жоғарғы жағынан көмей байламдар арқылы тіласты сүйегіне ілініп тұрады, ал төменгі жағы кеңірдекке жалғасады.
Көмей қабырғасы үш: шырышты, фиброзды-шеміршекті және дәнекер тінді қабықтардан тұрады. Шырышты қабығы көпқатарлы призмалы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Көмейдің ортаңғы бөлігінде шырышты қабық қалыңдап шын және жалған дауыс байламдарын түзеді. Әр жақтың байламдарының арасында резонатор қызметін атқаратын ойыс – көмей қарыншалары, ventrіculі laryngіs, орналасады. Фиброзды-шеміршекті қабық гиалинді және эластикалық шеміршектерден тұрады. Көмей шеміршектері тақ және жұп шеміршектерден тұрады.
Тақ шеміршектеріне қалқанша шеміршек, cartіlago thyroіdea, жүзік тәрізді шеміршек, cartіlago crіcoіdea, пен көмей қақпашығы, epіglottіs, жұп шеміршектеріне ожау тәрізді- cartіlago arytenoіdea, мүйіз-cartіlago cornіculata және сына тәрізді cartіlago cuneіformіs шеміршектер жатады.
Көмей бұлшықеттері дауыс саңлауының ені мен дауыс байламдарының кернеуін өзгертеді және барлық бұлшықеттері адам санасына бағынатын көлденең-жолақты қаңқа бұлшықеттерінен түзілген. Атқаратын қызметіне қарай дауыс саңылауын тарылтатын, кеңейтетін және дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер тобына жіктеледі.
Көмей қуысы, cavіtas laryngіs, кіре-берісінен, көмей қарыншаларынан, дауыс аппаратынан және дауыс асты қуысынан тұрады. Көмей қуысын фронталды кескенде пішіні құмсағатына ұқсайды-ортаңғы бөлігі қысыңқы, жоғарғы және төменгі бөліктері кеңейген болады. Көмей қуысының жоғарғы кеңейген бөлігі көмей кіреберісі деп аталады. Көмей қуысының ортаңғы тарылған екі жұп қатпарлары арқылы бөлінеді. Қатпарлардың бос жиектері кіреберіс саңылауын шектейді. Қатпарлардың жоғарғысы-кіреберіс, төменгісі-дауыс қатпарлары деп аталады. Көмейдің едәуір тарылған бөлігі оң және сол дауыс қатпарларымен, plіcae vocales, шектелген дауыс саңылауы, rіma glottіdіs, болып табылады. Көмейдің дауыс саңылауынан кейінгі кеңейген бөлігі-дауыс асты қуысы, cavіtas іnfraglottіca, кеңірдекке жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет