ТМК=ҚТА х МТЖ Тыныс aлy қозғалысының 1 минуттағы саны жас пен жынысқа байланысты болады. Жаңа туылған нәресте минутына 50-60, бес жасар бала минутына 14-16, ересек адам 14-20 peт тыныс алып, тыныс шығарады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы,көрсеткіштері. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз адам терең тыныс алғаннан кейін тыныс шығара алатын ауаның ең көп мөлшері. Ересек адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы орташа 4000 мл-ге тең. Оны арнайы құрал — спирометрдің көмегімен өлшейді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы үш ауа көрсеткіштерімен анықталады:
ӨТС=ҚТА+РДАА+РДША ӨТС= 500мл+2000мл+1500мл=4000мл ҚТА қалыпты тыныс ауа 500 мл адам қалыпты жағдайда тыныс алғандағы атмосфералық ауаны көлемі. ҚТА 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу үрдісіне қатыспайды, оны өлі кеңістік ауасы деп атайды. Қалған ауаның 350 мл-ы ғана өкпеге жетіп, газ алмасу процесіне қатысады.*Өлі кеңістік* Ауа жолын жайлаған ауа,газ алмасу үрдісіне қатыспайды ,сондықтан бұл жол *өлі кеңістік деп аталады.Өлі кеңістік көлемін анықтау ушін өлген адамның ауа жолын гипске толтырады да гипс қатқан соң оны басқа бір ыдыстағы суға салады,ығысқан су көлемі арқылы өлі кеңістік өлшенеді.Орта есеппен мөлшері 140-150 мл.*Өлі кеңістік* көлемі ауа жолы құрлысының ерекшеліктеріне байланысты өзгкріп отырады.
РДАА резервтегі дем алу ауасы 2000 мл адам терең дем алғанда қосымша ауаның көлемі.
РДША резервтегі дем шығару ауасы 1500 мл адам терең дем алғандағы
іле шала дем шығарғандағы көлемі.
Сонымен үш түрлі ауа — қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы, резервтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрайды.
ӨТС адамның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің күшіне, ширақтығына байланысты болады. ӨТС қарт адамдарда аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қасиеті төмендейді. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ еттері әлсіздеу келеді. Спортшы адамдардың тыныс еттері ширақ, күштірек келеді. Дем алған кезде, көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС-ы жоғары болады. Ер адамда 3500-5500 мл,әйелде 3000-3500 ӨТС-ын, оның құрамындағы ауа көлемін спирометрмен өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға болады.