Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет113/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Көру мүшесі. Құрылымы.
Көру мүшесі, organum visus, көз шарасында орналасатын көзден және оның көмекші мүшелерінен тұрады. Көз,oculus, көз алмасынан,bulbus oculi, және көру жүйкесінен, nervus oculi, тұрады. Көз алмасының пішіні шар тәрізді.
Көз алмасы үш қабықпен қапталған ішкі ядродан тұрады. Көз алмасы қабықтарының сыртқысы – фиброзды; ортаңғысы – тамырлы және ішкісі – торлы қабық деп аталады. Көз ядросына алдыңғы және артқы камералардағы сулы ылғал, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жатады.
Көз алмасының талшықты қабығы, tunica fibrosa bulbi, жарық өткізу және қорғаныстық қызмет атқаратын сыртқы тығыз қабығы. Алдыңғы, аз бөлігін алып жататын мөлдір қабығы, артқы басым бөлігін алып жататын ақ қабығы болады.
Мөлдір қабық, cornea, көздің жарық өткізуші және сындырушы ортасы болып табылады. Пішіні сағат әйнегіне ұқсас, бір беті дөңес, екінші беті ойыс. Мөлдір қабықта қан тамырлары мен лимфа тамырлары болмайды, сондықтан ол қоректі заттарды алдыңғы камераның сулы ылғалынан алады. Мөлдір қабықтың негізі тығыз талшықты дәнекер тінінен түзіледі. Ол сыртқы жағынан көпқабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен, ал ішкі жағынан бірқабатты жалпақ эпителиймен қапталады. Мөлдір қабықта жүйке талшықтары өте көп, сондықтан да ол өте сезімтал.
Ақ қабық, sclera, тығыз талшықты дәнекер тінінен түзіліп, тіректік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Оның көрінетін бөлігі көздің ағы деп аталады. Ақ қабыққа көзді қозғалтатын бұлшықеттер бекінеді.
Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa bulbi, көптеген қан тамырлардан тұрады. Қан тамырлары көздің торлы қабығын қоректендіреді және сулы ылғал бөледі. Тамырлы қабық меншікті тамырлы қабықтан, кірпікті денеден және нұрлы қабықтан тұрады.
Меншікті тамырлы қабық, choroidea, ақ қабықтың артқы бөлігін ішкі жағынан астарлайды. Ол қан тамырлары мен дәнекер тінінен түзіледі.
Кірпікті дене,corpus ciliare, меншікті тамырлы қабық пен нұрлы қабық арасында орналасқан тамырлы қабықтың жуандаған бөлігі. Кірпікті дене көздің алдыңғы және артқы камераларының сулы ылғалын бөледі. Кірпікті бұлшықеттің жиырылуы көз бұршағының дөңестігін арттырып, оның жарық сындыру қабілетін күшейтеді, яғни аккомодацияны жүзеге асырады. Аккомодация деп көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көре алу қабілетін айтады,
Нұрлы қабық, iris, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі, пішіні диаметрі 10-12мм дискі тәрізді, ортасында фронталды орналасқан тесігі болады. Ол тесік көз қарашығы деп аталады. Нұрлы қабық қан тамырларынан, дәнекер тінінен, пигментті жасушалардан және бұлшықет талшықтарынан тұрады. Пигментті жасушалар көзге түс береді. Пигментті жасушалар көп болса көздің түсі қоңыр немесе қара болады, ал салыстырмалы түрде аздау болса көк немесе жасыл түсті болады.
Нұрлы қабықта радиарлы орналасқан қарашықты кеңейтетін бұлшықет талшықтары жиырылғанда көз қарашығы кеңейеді, ал циркулярлы орналасқан көз қарашығын тарылтатын бұлшықеттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады.
Көз алмасының ішкі қабығы,tunica interna bulbi, немесе торлы қабық, retina, тамырлы қабыққа тығыз жанасып жатады. Торлы қабық артқы көру бөлігінен, алдыңғы кірпікті және нұрлы қабықтық бөліктерінен тұрады. Соңғы екеуі “соқыр” бөлік деп аталады. Торлы қабықтың “соқыр” және көру бөліктерінің арасында тісті жиек орналасады.
Торлы қабықтың көру бөлігі тамырлы қабықпен жанасып жатқан, сыртқы пигментті бөлігінен және ішкі жүйкелік бөліктерінен тұрады. Торлы қабықта сауытша және таяқша пішіндес жарық сезгіш жасушалар орналасады. Осы жасушаларда жүйкелік қозулар пайда болады. Сауытшалар күндізгі жарық сәулелерін қабылдайды және түс ажыратады. Сауытшалардың болмауы туа пайда болған түстік соқырлыққа (дальтонизмге) әкеледі. Таяқшалар кешкілік жарықты қабылдайды және ақ-қара түстерді ажыратады.
Көз ядросын артқы және алдыңғы камералар, көз бұршағы мен шыны тәрізді дене құрайды. Көздің алдыңғы камерасы ақ қабықтың ішкі беті мен нұрлы қабықтың арасында орналасады. Көздің артқы камерасы көз бұршағы мен нұрлы қабықтың арасында жатып, қарашық тесігі арқылы алдыңғы камерамен байланысады. Көз бұршағы, lens, диаметрі 9-10мм, қалыңдығы 4мм жуық екі жағы дөңес линза. Фронталды жазықтықта жатып, жарық сындырғыш қызметін атқарады. Адам қартайғанда көз бұршағының серпімділігі төмендейді де, ол алыстан көргіштік – гиперметропияға әкеледі.Шыны тәрізді дене,corpus vitreum, сыртынан мембранамен қапталған түссіз қоймалжың зат. Оның 98 пайызы судан, сонымен қатар гликопротеидтер мен тұздардан, борпылдақ коллагенді талшықтардан тұрады. Шыны тәрізді дене де көздің жарық сындырғыш ортасына жатады, онда қан тамырлары мен жүйкелер болмайды, қорғаныстық және тіректік қызметтер атқарады.

Көздің көмекші мүшелері


Көздің көмекші мүшелеріне көз алмасының бұлшықеттері, көз шарасының шандырлары, қабақтар, қастар және көзжас аппараты жатады.
Эндокринді жүйе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет