Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тыныс алу жүйесінің зерттеу әдістері



бет62/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114
Тыныс алу жүйесінің зерттеу әдістері
Дәрігерге соңғы диагноз қоюда зерттеу әдістері маңызды орын алады. Олардың ішінде лабораториялық әдістермен қатар аспаптық әдістерде маңызды болып келеді.
Тыныс алу жүйесін зерттеу барысында келесі әдістер қолданылады:
1.Рентген зерттеу әдісі- барлық науқастарға қолданылады. Оның көмегімен өкпедегі және плевра қуысындағы өзгерістерді анықтайды.
2.Томография, Компютерлі томография, Магнитты резонансты томография – тыныс алу мүшелерінде ісіктерді анықтауға көмектеседі.
3.Бронхография- Бронхтардағы өзгерістерді анықтайды.
4. Ангиография- Тыныс алу мүшелерінің қан тамырларын зерттейді.
5. Спирометрия - Өкпенің тіршілік сийымдылығын анықтайды
6.Ультра дыбыстық зерттеу – Плевра қуысында сұйықтық жиналуын анықтайды.


Тыныс алудың реттелуі және орталығы
Ересек адам қалыпты жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алудың жиілеуі тахипноэ, басеңдеуі-брадипноэ, болмауі апноэ деп аталады . Тыныс алу өмір бойы бір-бірімен байланысқан екі рефлекс арқылы жүріп өтеді.

  1. Дем алу-инспирация –бұл кезде өкпе көлемі ұлғайып,көкет төмендеп, қабырға аралық бұлшықеттер жиырлады

  2. Дем шығару- экспирация- барысында мұнда өкпе көлемі кішірейіп, көкет 1-1,5см жоғарлап, қабырға аралық бұлшықеттер босаңсиды.

Мұндай қимыл адам ағзасында автоматты түрде арнайы орталық сопақша мидағы төртінші қарынша деңгейінде орналасқан инспирациялық және экспирациялық нейрондар арқылы жүзеге асады. Тыныс алу орталығынан жүйке талшықтары бойымен жұлын арқылы импульстер тьныс алу және тыныс шығаруға жауапты бұлшық еттердің белгілі бір тәртіппен жиырылуын туғызады.
Тыныс алудың реттелуі қан құрамындағы көмірқышқыл деңгейіне байланысты. Тыныс алудың жиілеуі көмірқышқыш газы концентрациясының жоғарлағанда, төмендеуі тыныс алу жиілігінің сиреуіне алып келеді. Тәжірибе жасау барысында жануардың сопақша миының 4 қарынша денгейіне ине салғанда тыныс алу тоқтаған. Сондықтан бұл ми бөлігі адам мен жануар ағзасында тыныс алу орталығы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет