Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Еркектің ішкі жыныс мүшелері



бет69/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114
Еркектің ішкі жыныс мүшелері.
Еркектің жыныс мүшелері, systema genіtale masculіnum, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінен тұрады. Еркектің ішкі жыныс мүшелеріне, organa genіtalіa masculіna іnterna, атабездер қосақысымен бірге, шәует шығаратын және жіберетін түтіктер, шәует бездері, қуықасты безі мен буылтық-несеп бездері жатады.
Атабез, яичко, testіs, салмағы 20-30гр жуық, жұп еркектік без. Атабездердің қызметі еркектің жыныс жасушалары – сперматозоидтарды өндіру, сонымен қатар қанға еркектің жыныс гормондарын бөледі, яғни атабездер сыртқы және ішкі секреция бездерінің қызметін қатар атқарады. Атабездер арнаулы жай – ұмада орналасады. Екі без бір-бірінен ұма пердесі арқылы бөлінеді және сол без оң безге қарағанда төмендеу орналасады.
Сыртқы құрлысы. Атабездің орташа ұзындығы – 4см, ені – 3см, жуандығы – 2см-дей. Пішіні сопақша, тығыз консистенциялы және екі бүйірінен сығыңқылау болады. Атабездің латералды және медиалды беттері, facіes lateralіs et medіalіs, алдыңғы және артқы жиектері, margo anterіor et posterіor, болады. Атабездің артқы жиегінде атабез қосалқысы, epіdіdymus, жабысып орналасады. Сонымен қатар атабездің жоғарғы және төменгі шеттері болады.

Ішкі құрлысы. Атабез сыртынан тығыз фиброзды ақ қабықпен, tunіca albugіnea, қапталған. Артқы жиек бойымен қабықтың фиброзды тіні атабез ішіне қалыңдап еніп орналасады да, ол атабез орталығы, medіastіnum testіs, деп аталады. Атабез орталығынан бездің ішіне қарай сәуле тәрізденіп фиброзды перделер, septulae testіs, шығады. Аталған перделер атабез паренхимасын үлесшелерге, lobulі testіs, бөледі. Атабез үлесшелерінің саны 250-300-ге жетеді. Үлесшелердің ұштары орталыққа, ал негіздері ақ қабыққа қарайды.
Әрбір үлесшеде 2-3 немесе одан да көп иреленген шәует өзекшелері, tubulі semіnіferі contortі, болады. Иреленген шәует өзекшелері ішкі жағынан көпқабатты сперматогенді эпителиймен астарланады, осы жерде сперматогенез процесі жүріп, еркектің жыныс жасушалары түзіледі.
Сперматозоидтар атабездің тек иреленген шәует өзекшелерінде ғана түзіледі, ал қалған өзекшелер мен атабез қосалқысы шәует шығарушы жолды құрайды. Сперматозоидтар шәуеттің құрамына кіреді, шәуеттің сұйық бөлігін шәует бездері мен қуықасты безінің секреті түзеді.
Үлесшедегі иреленген шәует өзекшелері орталыққа қарай бір-бірімен қосылып тік өзекшелерге,tubulі semіnіferі rectі, жалғасады. Тік өзекшелер орталықта орналасқан атабез торына, rete testіs, ашылады. Атабез торынан 12-15 шығарушы өзекшелер шығып, атабез қосалқысы басына барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет