Ертегідегі элетроды кітапшалар Диалект сөз – белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз.
Сым Шалбар Термин сөз - ғылымның, техниканың, спорттың, белгілі бір салаларына жататын сөз.Термин бір ғана мағыналы сөз болып келеді.
Мысалы: лексика, фонетика, оптика, энергия, күш, қуат, синус,теорема т.б
Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер.
Қалам, ғылым, отан, мұғалім,абырой, мейір, парыз т.б
Императрица, полковник, закон, дуга (доға), доктор, фельдшер, агроном, электр т.б.
Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты сөздер.
Түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма.
Табу сөз - қазақ дәустүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап айтылған сөз. Мысалы: ұлыма – қасқыр, жаман ауру – қылтамақ т.б
Эвфемизм -дөрекі, жағымсыз сөздерді сыпайылап айту.
Дисфемизм - эвфемизмге карама – қарсы тұрпайы сөз.
Мылжың
Боқмұрын
Өсекші
Өлді
Ұрлықшы
Жалқау
Сөзуар
Жас
Аузы жеңіл
Дүниеден өтті
Сұқ қол
Ақ саусақ
Тұрақты тіркес - сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерді өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейтін сөз тіркестері. Мысалы: Айдар тақты – әйгілі қылды, Таяқ тастам жер – жақын, Көзбен қастың арасы – лезде, Ақылға салды – ойланды т.б
Фразеологиялық тұтастықтардың кейде идиомалар деп те атайды. Мысалы: Үріп ауызға салғандай (сүйкімді) деген тұрақты тіркестегі сыңарлар (үріп, ауыз, салған) жеке лексикалық мағынасынан айрылып, мүлде басқа сағынаны білдіріп тұр.
Мақал – өмір құбылысын жинықтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Мысалы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға астарлап, жұмбақтап айту мәні басым халық мұрасы.
Мысалы: Көппен көрген – ұлы той. Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бір.