Қазақтың ұлы ойшылы, философ – Абай Құнанбаевпен сұхбат
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл)
— ұстаз, ақын,
ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің,
қазақ әдеби тілінің негізін
қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер[1],
либералды
көзқарасын исламға дініне таяна отырып, орыс
және еуропа мәдениетімен
жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай
ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік,
қоғамдық, моральдық
мәселелерін арқау еткен.
Сұрақ: Адам деген кім? Ол қоғамда қалыптасып, тұлға болу үшін
қандай қасиеттерді басшылыққа алуы керек? Ұлы үш қасиет бар, солармен
өмір мәнді болмақ депсіз, бұлай айтуыңыздың себебі неде?
Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек. Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік
ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеміз. Ол ғылымды
үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін
үйрену керек. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға
жетелейтіні рас. Меніңше, адамгершілік
нормалары мен принциптерін
күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп
есептеуге болады.
Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы
адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру.