Дәрілік жинақтар дегеніміз кесілген немесе ірі ұнтақталған бірнеше өсімдік шикізатанын дайындалған қоспалар. Олардың құрамына тұздар, эфир майлар және т.б. заттар қосылуы мүмкін.
Жинақтар -ертеден келе жатқан дәрілік түрлер. Қазіргі уақытта оларды фармацевттік фабрикалар мен заводтарда дайындалады, дәріханаға оларды дайын орамдалған түрде жібереді.
Артықшылықтары:
-Шикізаттың қол жеткіліктігі;
-Дайындау салыстырмалы женілдігі.
Кемшіліктері:
-Жинақтар аяқталмаған дәрілік түр болып саналады,
-Науқас өзі оны қосымша өңдеу керек (қайнату, тұндыру, жандыру);
Қолдану кезінде дозалануының дәл еместігі (сондықтан жинақтардың құрамына күшті әсер ететін заттарды және өсімдіктерді енгізбейді).