Тегерішті /дискалы/ вакуум сүзгі. Мұндай аппараттарда сүзінді қозғалысының бағыты ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Сүзгінің сыртқы көрінісі: жарты цилиндр пішінді секцияларға бөлінген астаулар ішінде іші қуыс білікке орнатылған тік сүзгілі тегеріштер айналады.

Артықшылықтары: 1) сүзгі бетінің көптігі; 2) жұмыстан шыққан кейбір тегерішті немесе сүзгі бөгеттерін алмастыру оңай; 3) сүзгі бөгетінің /матаның/ шығыны аз; 4) энергия аз жұмсалады.
Кемшіліктері: 1) тұнбаның жуылуы нашар. Сондықтан бұл сүзгілерді біркелкі және жай тұнатын қатты бөлшектері бар суспензияларды ажыратуға қолданады.
Ленталы вакуум сүзгілер. Бұл сүзгілерде ауырлық күші әсерінің және сүзінді қозғалысының бағыттары бірдей. Тесіктері және жиегі бар резиналы лента қозғалтқыш және кергіш барабандар арқылы жылжиды. Шексіз ленталы сүзгіш мата роликтер арқылы резиналы лентаның бетінде керіліп жылжиды.

Артықшылықтары: 1) құрылымының қарапайымдылығы; 2) сүзінді және жуатын судың араласпауы; 3) тұнбаның тиянақты жуылуы; 4) сүзу және тұну бағыттарының бірдейлігі.
Кемшіліктері: 1) сүзгі бетінің аздығы және сүзгі матаның толық пайдаланбауы; 2) сүзтінің көп ауданды иеленуі; 3) лентаның тез тозуы.
Жіктеу (Классификация; classification) -объектілерді (заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді) нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі.
Жіктеу формуласы - аналитикалық синтездік жіктеудің синтездеу кезіндегі толық нұсқа таңба элементтер орналасуының бірізділігін білдіретін формула.
Жіктеуді бөлу - жіктеу нұсқа таңбасынан, сөздік тұжырымынан, меңзеу-анықтама аппаратынан және әдістемелік көрсеткіштерден тұратын жіктеу кестелерінің элементі. Негізгі кестелерде бөліктеу деңгейіне қарай тиісті атаулар (топ, топша, тармақ-тармақша т.б.) алады.