Қандас-бауырлар



Дата29.01.2023
өлшемі397,67 Kb.
#63557
Байланысты:
Презентация Оралмандар

Қандас-бауырлар

Орындаған: Орал Бахтияр

  • Қазақстаннан тыс 6 млн. этникалық қазақтар 40-тан астам елде тұрып жатыр. Шамамен 1,5 млн. — Өзбекстанда, 1,5 млн. — Қытайда, 1 млн. — Ресейде, 100000 — Түркменстанда, 80000 — Монғолияда және 45000 — Қырғызстанда. Қазақ диаспорасының басым бөлігі Турцияда, Ауғанстанда, Иранда тұрады. Қазақтар сондай-ақ, Батыс Европада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Африкада өмір сүреді [1].
  • Шет елдегі этникалық қазақтардық басым бөлігі — 20-шы және 30-шы жылдары, саяси қуғыншылықтан, репрессиядан, аштық пен коллективизациялаудан қашып, Кеңес Одағын тастап кеткен азаматтардың тұқымдары. 200000 қазақтар сол кезде Қытай, Монғолия, Индия, Ауғанстан, Иран, Турцияға көшіп кетті, сондай-ақ көрші республикаларда 1926 жылдар мен 1930 жылдар арасында қазақтар 2,5 есе көбейіп, 794000 адам болды.
  • Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, Қазақстан этникалық орыстар мен немістердің эмиграциясының өсуіне байланысты халық санын азайтып алды. 1991 жылмен 2004 жылдар аралығында 3158400 адам елден кетті. Эмиграция, ағымының өсуімен бірге адам тууы азайды, иммиграция төмендеді. Есептеулерге қарағанда 1989 жылмен 1999 жылдар аралығында республика халқы 16,5 млн адамнан 15 млн адамға азайды.
  • 1991 жылы 18 қарашада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Үкіметтің «Ауылдыұ жерде жұмыс істеуге талпынысы бар басқа республикада, шет елдерде тұратын қазақтарды Қазақ ССР-на көшіру тәртібі мен шарттары туралы» қаулысы қабылданды, бұл қаулы қазақтардың иммиграциясын реттеп қана қоймай, сол кезде дағдарысқа ұшыраған қазақ ауылы мен ауыл шаруашылық кешендерін дамытуға септігін тигізді. Осының нәтижесінде 1991–1992 жылдары Қазақстанға 61609 этникалық қазақтар көшіп келді.
  • 1992 жылы мамыр айында «Көші-қон туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес, этникалық қазақтарға тарихи Отанына көшіп келуге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық иммиграция бойынша жұмыс істейтін арнайы орган құрылды.
  • Қазақстан халқының саны бойынша биыл 246 елдің ішінде 63 орынға тұрақтады. Ресей – 9, Түркия – 19, Ауғанстан – 38, Өзбекстан 43 орында.
  • Әлемде 17,13 млн-нан астам қазақ бар (2018 жылғы соңғы деректер негізінде жинақталған):
  • Қазақстанда – 12,5 млн; Қытайда – 1,8 млн; Өзбекстанда – 1,5 млн; Ресейде – 0,8 млн; Моңғолияда – 150 мың; Қырғызстанда – 80 мың; Басқаларда – 300 мыңға жуық.
  • 1897 жылғы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 4 млн 333 мың адам тұрған. Есепке 60 ұлт өкілі алынған. Олардың ішінде:
  • Қазақтар – 3 392,7 мың адам немесе 81,7%;
  • Орыстар – 454,4 мың (10,9%);
  • Украиндер – 79,5 мың (1,9%);
  • Татарлар – 55,9 мың (1,34%);
  • Ұйғырлар – 55,8 мың (1,34%);
  • Өзбектер – 29,5 мың (0,75%) т.т.
  • Қазақтардың облыстардағы үлес салмағы: Семейде – 90,6%, Торғайда– 88,3%, Оралда –71,3%, Ақмолада – 62,6%, Сырдария – 60,4%, Жетісуда – 52,1%. Орыстар Ақмола (25,5%) мен Орал (25%) облыстарында көбірек болды.
  • Қазақстан халқы 2018 жылдың соңына дейін 18 608 079 адам болып көбейеді, 249 393 адамға табиғи өсім болады. Бір жылда 411 929 бала туып, өлім-жітім саны – 162 536 ге жетеді деген болжам шықты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет