Аныктама 2022 жылдын 20 қыркүйек күні 5 « В » сынып жетекшісі Сауханова Ж.К К «Ұстаз-ұлағатты есім » атты сынып сағатын еткiздi .
Максаты : Оқушылардың мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.Ұстазды құрметтеуге баулу
Балаларға қазақтың тұңғыш ұстазын Ыбырай Алтынсарин екенін айттым. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашқанын айтып түсіндірдім.
Ән: «Ұстазым,менің ұстазым» хормен ән айқызып, ұстаз туралы видеоролик тамашалады.
Корытындылай келе сынып жетекші ұстаздарды құрметтеп, сыйлай білуі керек екенін түсiндiрiп , сынып сағатын аяктады .