Бастауышпен қоштасу Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге және де өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар , гүлдер және шарлар.
Жүргізуші : Бұлт торлады аспанды,
Жаңбыр жауды нөсерлі.
Сол жаңбырдан нәр алған,
Көбелектер тараған.
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл-жасылды,
Кемпірқосақ асылды.
Сол түстерге сәйкесті,
Ынтымақшыл, бірлікшіл,
Көбелектер бірлесіп,
Мектебіне қонады.
Ұстазсыз шәкірттерге бақ келгенбе,
Бар білімін балаларға ап келгенде.
4 жыл бойы білім беріп біздерге,
Ізгілік пен мейірімі бар бойында,
Сынып жетекшіміз: Құлмұратова Назира Құдакелдіқызы
Жүргізуші Асемай : Әлемдік тәжірибені қолданумен,
Сындарлы білім алған тұлғалары.
Жаңашыл мектеп деген атқа ие боп
Ұшырар тәрбиелеп әр шәкіртті.
Жүргізуші Сұлтанби: Жиынымыз өткелі тұр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Ортаға шақырайық түлектерді
Халайық қол соғыңдар мархабатты.
(Әсем әуенмен сахна ашылады. Оқушылар ортаға шығады) Жүргізуші Асемай : Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Мұғалім:Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты- бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Ә» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.