Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет100/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   182
Е с к е р т у: Тапсырманы оқушылар орындап, толтырады. 
2.  Көркем  туынды  мен  ғылыми  монография  арасындағы  осы  бір  ұқсастықты  қалай 
түсіндірер едің? 
Ғылыми зерттеу еңбектерін оқытуда түсіндірмелі оқу интеграциялық сабақтарды да 
пайдалануға болады. Мысалы, осы сабақта тарих, орыс әдебиеті пәні мұғалімінің көмегіне 
жүгіну  дүрыс.  Себебі,  монографияның  алғашқы  беттерінде  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік жағдайларына сыншы біршама талдау береді. 
Ондағы  мақсат  -  Абай  дәуірімен  таныстыру,  өйткені  Абайдың  бүкіл  шығармалары  -  сол 
дәуірдің  айнасы  деуге  болатын  тарихи  туындылар.  Әдебиетші  мүғалім 
монографияның осы мәселені көтерген жерлерін қыскаша түсіндіріп, ең керекті жерлерін 
оқи отырып, зерттеудегі тарихи шындыққа, яғни Абай өмір сүрген дәуір шындығына оқушы 
көзін  одан  әрі  жеткізе  түсу  үшін,  тарих  мұғаліміне  сөз  береді. Тарихшы  XIX ғасырдың 
екінші  жартысындағы  қазақ  халкы,  Абай  дәуірі  туралы  косымша  тоқтала  кетеді.  Орыс 
әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  кысқаша,  Абай  үлгі  алған,  монографияда  айтылатын  Салтыков-
Щедрин, Лермонтовтар туралы хабарлама жасайды. 
 
Түсіндірмелі  оқу  -  зерттеу  еңбектерін  оқытудың  басты  тәсілдерінің  бірі.  Оны  мұғалім 
еңбектің ең шұрайлы деген  жерлеріне түсіндіру кезінде пайдаланады. Оқушылардан да осыны 
талап ету керек. Сабақ айтқан кезде олар да еңбектен үзінді оқып, жауабын ғылыми тілде беруге 
талаптансын. 
3.  Ғылыми-зерттеу  еңбектерін  оқытудың  келесі  бір  жолы  -  негізгі  түйіні,  дәнін  бөліп  ала 
отырып,  окыту.  Бұл  мәселеде  мұғалім  еңбек  бойынша  өзі  жұмыс  істеп,  негізгі  мәселелерді 
сұрыптап,  соны  оқушыға  жеткізу  айналасында  ізденеді.  Мысалы,  осы  «Абай  Құнанбаев» 
туралы  монографияның  үлкен  бір  бөлімі  «Абайдың  лирикасы»  деп  аталады.  Бұл  бөлімді 
оқытудың  маңызы  ерекше,  себебі  сыншы  бүкіл  Абай  поэзиясына  құнды,  бағалы  талдау 
жасайды.  Ұлы  ақын  мұрасын  оқыту  барысында  ол  оқушыға  да,  мұғалімге  де  үлкен  көмек. 
Бағдарламаға жүгіне отырып, оқып, талдауға ұсынылған шығармалар туралы еңбектің басты-
басты пікірлерін саралап алып, сол бойынша тақырыпшаларға бөлу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет