120
Сын-зерттеулерді оқытудың мақсаты, маңызы: Оқу бағдарламаларында әдеби сын-
зерттеу еңбектерін оқытуға арнайы сағат берілген, оқулықтарда әр ақын- жазушының
(жоғары сыныптарда) өмірі, шығармашылығынан соң ғылыми сын еңбектерінің тізімі
көрсетілген. Тәжірибеде ұстаздар кауымы тақырып мазмұнын ғылыми еңбектермен
байытып, тереңдетіп беруде сын еңбектерге назар аударып келеді. Әсіресе, қазір әдебиетті
тереңдетіп оқыту кеңінен тарауда. Сын-зерттеулерді оқыту-тереңдетіп оқытудың ең
маңызды бір саласы.
Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы неде?
1. Өтіліп отырған тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту, көркем
шығарманы оқушы жан-жақты терең түсінуде, танымын дамытуда;
2. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен
жұмыс істеу, қорытьшды жасау
дағдыларын жетілдіруде;
3.
Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға,сын болатынын түсінеді,
әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу, өзіндік пікір айта білуге баулу,
зерттеу, іздендіру бағытындағы жұмыстарға икемдеу
мәселелерінде сын-зерттеу еңбектерінің маңызы ұшан-теңіз.
Сын-зерттеу еңбектерін оқыту мынадай жолдармен жүзеге асырылды:
а)
Еңбекті толық оқыту, арнайы оқыту;
ә) Ең негізгі түйінін,
пәнін біліп ала отырып, оқыту;
б)
Өтіліп жатқан шығармаға ғана байланысты ішінара керекті пікір, ойларын
теріп алып, оқыту.
Сын-зерттеу еңбектерін оқытуға койылатын бірден-бір талап - оны көркем
шығармамен бірлікте оқыту. Сондай-ақ сын-зерттеу еңбектің жазылу тарихы, мақсаты
туралы түсінікті мұғалім міндетті түрде оны пайдалану алдында беруі керек. Сын-зерттеу
еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлық сипаты туралы да теориялық үғым беру де
мұғалім назарынан тыс қалмағаны дұрыс (мысалы, «Шоқанның еңбектері, Абайтану ғылымы
не?» деген сұрақтарды). Еңбектерді оқытудың жолдары, әдіс-тәсілдері: а) Еңбекті толық
оқыту (арнайы оқыту). Мысалы, 10- сынып әдебиетінде Абай Құнанбаев
шығармашылығын оқытуға ерекше кеңіл бөлінеді. Осы сыныптағы әдебиет курсының
ішіндегі ең басты тақырып - Абай шығармашылығын талдау. Абайдың өмірі,
шығармалары туралы бірінші сабақтан кейін-ақ мұғалім М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев»
атты монографиясына арнайы тоқтауына болады (алғашқы бөлімдер). Балаларға бұл
еңбектің негізгі түйінді дәнін, маңызын бірден аңғарту мақсатында, әрі оны игерудің бірден-
бір тиімді жолы ретінде «Нені міндетті түрде білу керек?» деген такырыпшамен монографияның
ең басты мәселелерін төмендегідей етіп жазып қою керек:
Абайды тудырған дәуір - ХІХғасырдың екінші жартысына берілген талдау, әсіресе,
патшаның отарлық саясаты, мемлекеттік-әкімшілік жүйенің шындықпен берілуі.
Ағартушы-демократтардың шыға бастауы, оған екінші Ресей - Пушкин Ресейінін
әсері.
Абайтану ғылымының қалыптасу жолы, Кәкітайдың бұл саладағы еңбегі, Абай
шығармаларының халыққа жету тарихы. Абайтануға қалам тартқан әдебиетші ғалымдар.
Абайдың өмірбаяны, ата тегі, ұшқан ұясы (Өскенбай, Құнанбайлар туралы дерек).
Абайдың білімге канат қағуы. Шығыс шайырлары - Науаи, Физули мұраларының
әсері.
Туған халкының мол мұрасы, акындығының игі ықпалы (жыраулар, айтыскер ақындар).
Өз ортасындағы надандык, әділетсіздік, рулық-патриархалдық тартыстардың Абайды
халық жағына шығаруы.
Орыс зиялыларымен достасу, Михаэлиспен танысу, орыс, еуропа, әлем әдебиетінің
әсері (Пушкин, Белинский, Чернышевский, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Гете,
Байрон, Дарвин, т.б.)
121
Абай ақындығының өрістеуі, 1886 жылдың нағыз ақындық өнімді еңбек жылы
болуы.
Азамат ақынның өткір,
ашулы, сынға толы өлеңдерінің туу себебі (өз
ортасындағы
озбырлык, әлеуметтік кемшіліктердін көбеюі).
•
Орыс поэзиясын қазақ даласына аударма аркылы тарата бастауы.
Дала жауыздығы, әділетсіздікпен күрес. Жеке басындағы трагедияларының халық
трагедиясымен ұштасуы. Абай басына жасалған қастандық, оның негізгі себептері.
Абай ұрпақтары, оның тағдыры.
Әрі күрделі, әрі маңызды нәрсе - Абай шығармашылығын, оның мәнін, акынның ащы
үнін, өткір сатирасын терең түсіну үшін, осы монографияның алғашқы бөлімін, яғни ұлы
ақын өмірі, басынан кешкен трагедиялык жағдайларды, олардың ақын көзкарасы,
шығармашылығына әсері туралы шындықты оқушыларға жеткізудің маңызы зор.
Әрі бұл
бөлім (X том, 682-бет, «Жазушы», 1985 ж.) бір қарағанда ұзақ көрінгенімен, оқуға жеңіл.
Абай басынан өткен қызықты окиғалар, шешендік қақтығысулар, кейбір аңыздардың орьш
алуы окушыларды қызықтыра түседі. Монографияны әңгіме-дәріс әдісімен түсіндіре
отырып, жоғарыда айтылып кеткен оқиғалардан оқушыларға хабарлама, әңгіме
жасатып, оны сабақта пайда-ланып отырудың да маңызы зор. (Мысалы, Абайдың
Қаратайлармен, әкесімен сөз қағысуы.) Сьн-зерттеу еңбектерін оқытуда да мұғалім конымды,
жеңіл әдіс-тәсілдерден ізденуі қажет, яғни күрделі материалдарды оқытудын қарапайым,
әрі тиімді жолдарын сұрыптап, таңдап ала білуі керек.
1. Соның бір жолы жоғарыда көрсетілді, яғни еңбектің түйінін, дәнін мұғалім екшеп
алып, өз сабағында әңгімесінде оны пайдалана білуі. Оқушы назарын негізгі мәселеге
аударуы.
2. Оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, қатыстырып отыру (шешендік сөздер, Абай
басынан өткен кызыкты мәселелер, Қаратайлармен сөз қақтығысуы, т.б.).
3.
Сондай-ақ «Абай жолы» эпопеясының «Қияда» бөліміндегі Абай -
Құнанбай диалогінен инсценировка беруге болады. Негізінде бұл қақтығыс
монографияда
да
айтылған. Міне, осындай әдіс-тәсілдер сабақты, әрлендіріп, оқушыларды оған әрі
қызықтырып, әрі терең білім алуын қамтамасыз етеді. Монография аукымды, калған
бөлімдерін Абай шығармашылығын талдау барысында тақырыпқа сай ішінара, теріп
пайдалану керек.
4. Мұғалім әңгіме-сабағы тұжырымды,
әрі жеңіл тілмен жасап, керекті жерлерін
жазғызып, сұрақ-жауап арқылы басты мәселелерге қайта оралып, пысықтап, қайталап,
толықтырулар жүргізгені тиімді.
5. Үйге еңбектің сүбелі-сүбелі жерлерінен сұрақтар беріп, оның нақты, тұжырымды
жауабын тауып, жазып келуін тапсырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: