Ќанипа Бітібаева


Ән, өнер туралы эстетикалық көзқарасы



Pdf көрінісі
бет105/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   182
Ән, өнер туралы эстетикалық көзқарасы 
«Көңіл  құсы  құйқылжыр...»,  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар».  Абай  халқының 
тілін,  өнерін  аса  зор  бағалады,  халык  әнін  сүйді.  Ол  әннің  адам  өміріндегі  орны,  рөліне 


 
124 
тоқталды, халық әні - Абай мұңдасы, азаматтық еңбегіне қанат  бітіретін сенімді серігі. 
Әннен  ақын  шабыт  табады,  көңілін  емдейді,  мұңдасады.  Ән  мен  күйге  талап  қояды, 
тыңдаушыға да, айтушыға да ақыл айтады. 
Абайдың уытты сатирасы 
«Сабырсыз,  арсыз,  еріншек».  Ел  сорына  біткен  қу  мен  сұмның  неше  алуан 
жексұрын, жиіркенішті кескінінің бейнеленуі. 
«Сегіз аяқ» өлеңі. Көркем, келісті шыққан зор шығармалардың бірі. Түрі де өзгеше. 
Сегіз  жолдан  келеді.  Сол  себептен  де  сегіз  аяқ  аталынған.  Абайға  дейін  ешкім  таппаған 
қиын  ұйқасты  өлең.  Абай  бұл  өлеңге  ән  шығарған.  Өлең  бұзық  ортаның  дертті  кескінін 
сынайды. Еңбекті үгіттейді, тағы да халық үшін қамқорлық шегетінін айтады. Ұлы ақын өзі 
туралы  айта  отырып,  халқы  туралы  айтады.  Ақынның  бас  қайғысы  -  халық  қайғысы. 
Лермонтов үні (143- 145-беттер). 
Зерттеудің  түйінді  дәнін  бөліп  ала  білуде  сол  жерлерді  өзгертпей,  еңбек  бойынша 
көшіріп  беру  бар  да,  балаларға  ұғынықты  болу  үшін,  анёнотация  үлгісінде  сол 
сұрыпталынып  алынған  мәселелерді  түсіндіріп  беру  бар.  Жоғарыдағы  жұмыс  сол 
аннотация,  түсіндірме  беру  үлгісінде  жазылған.  Арнайы  үлестірме  қағазға  жазып  (бір 
үстелдегі  екі  балаға  біреу  жетеді)  пайдалануға  болады  немесе  кесте-плакатқа  жазып, 
балалардың көз алдында тұратындай етіп ұстауға болады. Соңғы тәсілдің тиімділігі зор. 
Себебі,  біріншіден,  мұғалім түйінді мәселелерді  бөліп  алады, әрі  оған  түсінік  береді.  Бұл 
балаларды  зерттеу  еңбектің  басты  мәселелерін  тез  қабылдауларына  ықпал  етеді. 
Екіншіден,  ол  мәселелер  туралы  қай  беттерде  жазылған,  ол  да  айқын  көрсетілген.  Сол 
бойынша оқушылар енді еңбектің өзімен  жұмыс  істей  алады.  Абай  шығармашылығын 
тақырып-тақырып  бойынша  талдау  басталған  сабақтардың  ең  алғашқысында 
мұғалім  өзінің  кіріспе  сөзін  осы  еңбек  негізінде  түсіндіре  алады.  Ал  әр  тақырыпты 
өткенде,  сол  тақырып  ауқымында  ғана  сөз  болатын  мәселелерде  де  оны  пайдаланып 
отырады.  Зерттеулерді  тұтастай  пайдаланбағанның  өзінде  мұғалім  өз  дәрісі,  түсінігінде 
ғалымдар  еңбегіне  жүгініп,  үзінділерді,  қажетті  дәйектемелерді  келтіріп  отырса,  бұл  тәсіл 
зерттеу еңбектеріне деген оқушы ынтасын арттырар еді. 
Зерттеулерді оқытудың келесі бір жолы - оны өтіліп жатқан тақырып ауқымында ғана, 
ішінара теріп пайдалану. 
а) 
Еске ұстайтын, басшылыққа алатын бір маңызды мәселе. Мүғалім 
зерттеуді кандай тәсіл, қандай жолдармен оқытпасын, оның мазмұн бірлігі, тұтастығын 
сақтай отырып, оқытуды ойластырғаны жөн. Мұғалім алдымен еңбек туралы сөз етіп, оның 
маңызын, мәнін, суреткер шығармашылығын зерттеудегі орнын әңгіме етуі керек; 
ә) Осы еңбек туралы берілген басқа сыншылар бағасы болса, соны негізге алуларына 
болады; 
б) 
Зерттеулермен жұмыстың бұл түрінде де мұғалім түсіндірмелі оқуды, 
конспект-тезис, дәйексөз жаздыруды еңбектен үзінді жазылған кесте-плакаттарды 
пайдаланады; 
в) 
Окушыларды әңгімелесуге, өз 
ойларын айтуға, пікірлесуге, әдеби айтысқа баулиды (зерттеу еңбектерді оқытудың басты 
мақсатының өзі де осы). 

Бірнеше  зерттеулерден  мысал  келтіріп,  оқушыларды  іздендіруге,  салыстырмалы 
жұмысқа баулуға, өз беттерімен қорытынды жасауға, пікірлерін айтқызуға болады. Мысалы, 
Абайдың  лирикасын  оқыту  барысында  Қ.Жұмағалиев,  Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебаев, 
Х.Сүйіншәлиев еңбектерінен салыстырмалы жұмыстар жүргізу тиімді болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет