150
1. Кек жолында Сәлменнің жылқысын ұрлауы, сәтсіздік.
2. Қорған, пана іздеу жолында Жарасбаймен достығы,сенім.
3. Адасу. Арам іске қол былғау.
4. Сатқындық, опасыздық.
5.
Дерттен, ызадан арылу. Жарасбайдың жазасы.
Сюжеттік жоспар (жай, қарапайым түрі);
1. Тектіғүлдың Сәлмен текпісінен қаза болуы.
2. Бақтығұлдың өш алуға кірісуі, ұрлық.
3. Соққыға жығылуы. Ашыну.
4. Арқар аулауы, оны Жарасбайға сыйға тартуы.
5. Ұзаққа созылған іліктестік, достықтың басталуы.
6. Жарасбайдың адал Бақтығұлды арамдыққа пайдалануы.
7. Билердің әділетсіз шешімі.
8. Қашып шығуы.
9. Өш алу.
Жоспар жасауға дагдыландыру, әсіресе, 5-7-сыныптарда күрделі де маңызды мәселе.
Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек. Көркем мәтінді
оқу, мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып, оқушы
назарын үнемі соған аудартып отыру керек. Оған қысқа, тұжырымды тақырып қойып,
тақтаға, не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.
1. Негізгі, маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп, оған ат
қойғызады.
2. Эпизодтарға бөлгізеді. Композициялық құрылысын анықтатады (байланыс,
шарықтау шегі деген сияқты).
3. Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп, сол бойынша сұрақтар қойып,
мазмұндатады.
4. Шығарманы оку, талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу
керек?» деген атпен жазуға болады) көмекші-нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді. Себебі,
жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.
Үлгі:
Достарыңызбен бөлісу: