Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет138/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   182
Е с к е р т у: Мұндай сызба-кестеде кейіпкерлер іс-әрекетін ашатын, басты-басты ғана 
оқиғалар  сұрыпталып,  теріліп  алынуы  керек.  Сонда  ол  пайдалануға  қолайлы,  әрі  ондай 
сызбаны жасау да жеңіл. 
Көрнекіліктерді  қолдан  жасау  -  аса  күрделі  дүние.  Оған  қойылатын  басты  талаптар 
мыналар: 
1. Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу керек. 
2. Көркемдеуі,  безендіруі,  бояулары  әлем-жәлем  емес,  қарапайым,  оқушы  жан 
жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек. 
3. Қолдануға оңай (мұғалімге де, оқушыға да) әрі мазмұнды, сабақ процесінде мұғалім 
іс-әрекеті, қызметі, сондай-ақ оқушы іс-әрекеті, қызметіне тиімді бірден-бір көмекші құрал 
дәрежесінде  болуы  керек.  Оқушыға  беретін  білім  мазмұнын  байытып,  танымын 
арттыратындай, әрі қосымша хабарлама беретіндей жасалуы да басты талаптардың бірі. 
4. Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағын ан тереңдік те басты шарт. Қолдан 


 
159 
жасалынған осы көрнекі құралдарды пайдалана білу де педагогикалык шеберлікті талап 
етеді. Мысалы, жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған хронологиялық кесте, 
былай қарағанда, көрнекіліктердің ең карапайым түрі сияқты. Ал осы кестемен мына сияқты 
маңызды жұмыстар атқарылады: 
а) 
Суреткер  өмірінің  басты-басты  кезеңдеріне,  сол  кезеңдерде  жазылған 
шығармаларына оқушы назарын аудару. 
б) 
Кесте арқылы оқушыларды пікірталасқа, әдеби айтысқа тарту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет