Ќанипа Бітібаева


«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» Мұқағали Мақатаев



Pdf көрінісі
бет140/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   182
«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» Мұқағали Мақатаев 
 «Ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясының 
дәуірі басталды». 
(Ә. Тәжібаев.) 
Өлең үшін туған ақын тұлпар боп,  
Өлең үшін жанып кетті сенер ме ең? 
(А. Әбдіқалов. ) 
«Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұкағали алдымыздан шығатын болады». 
(О. Асқар.)  
 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, 
Өлтіре алмас өлеңді алайда ешкім...»     (М.Мақатаев.)      
 
«Сенің жырың жаралған Гималайдың  
Төбесіне ойнаған найзағайдан»    
(Т.Молдағалиев) 
 
Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді». 
(Л. Әзімжанқызы.) 


 
160 
Мұқағали  поэзиясын  талдау  барысында  осы  көрнекілікті  нәтижелі  пайдалануға 
болады.  Ең  алдымен,  ақын  туралы  пікір,  бағаларды  оқып  беріп,  әр  пікірдің  негізіндегі 
шындыққа  тоқталып,  оны  дәлелдеуге  еңбектендіру  керек.  Мысалы,  окушыларға 
Т.Молдағалиевтың  өлең  жолдарынанан  алынгған  (Мұқағалиға  арналған)  өлең  үзіндісі 
бойынша сұрақ қойып, іздендіріп, өз пікірлерін, ойларын ортаға салғызуға болады. Әсіресе, 
бұл  жұмысты  ақын шығармашылығы  туралы түсінік, талдау берілгеннен кейін жүргізген 
дұрыс.  «Балалар,  Мұқағали  туралы  Тұманбай  ағаларыңның  пікірі,  бағасы  туралы  не  айтар 
едіңдер?  Оның  жырлары,  шынында,  «Гималай  төбесінде  ойнаған  найзағайдай  ма?»  Немен 
дәлелдер едің? Немесе Әбділдә ақын: «Бізде енді Мұқағали поэзия-сының дәуірі басталды», 
- дейді. «Осы пікірге қосыласың ба? Қалай ойлайсың, сонда Мұқағалиға дейін қазақта поэзия 
болмаған  ба?»  дейтін  проблемалық  сүхбаттағы  сұрақтар  оқушыны  еріксіз  ойландырады, 
пікірталасқа  жетелейді.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  жасалатын  осындай  жалпы 
графикалық  көрнекіліктер  мазмұн,  тақырыпты  ашуға  көмек  жасайтындай,  оқушыларды 
ойлы, маңызды еңбекке  жұмылдыра алатындай, әрі терең біліммен қаруландыратындай 
дәрежеде жасалынуы керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет