66
VIII
Қуғын
Өш
2.Қуғын
1.Тау-тасқа жасырыну.
2.Жарасбайды
атып
өлтіріп, өш алуы.
Мазмұнын сыныпта оқыған кезде мұғалім оқылып жатқан бөлімдердің басты-басты
эпизодтарын ашатьн сұрақтар қойып, тұжырымдап отырады. Ал үйге берер алдында сол
бөлімдердің мазмұнын қысқа түрде өзі айтып беріп, өз беттерімен оқуды тиімді ұйымдастыру
үшін сұрақтар беріп, соған жауап дайындауды талап етеді. Мысалы, IV бөлімді үйге өз беттерімен
оқып келу тапсырылса, мынадай сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:
1. Соққыдан оңалған Бақтығұл қандай шешімге келеді?
2. Архар ату себебі не?
3. Оны Жарасбайға неге сыйға тартады?
4. Жарасбайға қандай тілек, өтініш айтады?
5. Жарасбай ол өтінішке қалай қарайды?
Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, әсіресе, оқиғалармен қабаттаса келіп отыратын суреттеу,
портреттеулерге ерекше көңіл бөлуі керек. Сол себептен де осы үйге берілген бөлімді сұрақтар
арқылы талқылай отырып, кітаппен жұмыс, яғни практикалық жұмыс арқылы портреттеу,
суреттеулерді таптырып, олар қандай тілмен берілген, оның шығармадағы орны, маңызына да
тоқталып отыру тиімді болмақ. Әңгіме-хикаяны оқытуды қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге
асыру керек, ол солардың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, осы «Қараш-
Қараш оғиғасында» практикалық жұмыстардыыың рөлі ерекше. Себебі, суреттеулер,
портреттеу, мінездеу, баяндаулар, кейіпкерлердің психологиялық әр түрлі жан дүниесінің
сипатталуы өте жиі кездеседі, тілі де күрделі (сөйлемдердің ұзақ, құрмалас сөйлемдерге
құрылуы, пейзажды беруде бейнелі, образды суреттеулердің молынан кезігуі, диалогтар
мағынасының, астарлы ойларының тереңдігі, т.б.)- Тіпті, мазмұнын меңгерту де,
яғни мазмұндату да мұғалімге оңайға түспейді. Мысалы,
оқулықтыыың Бақтығұл келе
жатқан Талғар сайының көрінісін суреттейтін жерді балалардың айтып беруі - мүмкін емес
нәрсе. Мұғалімнін өзіне де сол қалпында суреттеп беру қиындыққа түсер еді. Сондықтан
да мазмұнын айтқызу кезінде ондай суреттерді кітаптан оқи отырып айтқызу тиімді
болмақ. Әсіресе, бұл шығарманы оқу барысындағы ең тиімді әдістердің бірі - мәтінге
жуық мазмұндату, портреттеу, көріністер, диалогтегі ұтымды сөздер, көр-кемдегіш
айшықты сөздерді сақтай отырып, мазмұндату болып табылады. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін, шыгармадағы суреттеулер, портреттеулерді жинақтап, үнтаспаға мәнерлеп
оқу арқылы жаздырып, тыңдатып, сөйтіп,
құлақтарына сіңісті ете отырып,
сол арқылы
ойша көз алдарына сол сурет, көріністерді келтіріп отырудың да маңызы ерекше.
Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық-эстетикалық мәніне әдеби талдауды
проблемалық сипаттағы, пікірталас тудыратын, іздендіру сұрақтары арқылы жүзеге
асыруға болады. Әңгімелеу, пікірлесу, әдеби шағын пікірталастар бұл сабақтарда да жетекші
әдіс болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: