Ќанипа Бітібаева


Эпопеяның негізгі бөлімдері



Pdf көрінісі
бет46/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   182
Эпопеяның негізгі бөлімдері 
Құнанбайдың іс-әрекеті 


 
59 
«Қайтқанда» 
 
 
«Қат-қабатта» 
«Жолда» 
 
«Шытырманда» 
 
«Бел-белесте» 
 
«Өрде» 
«Тайғақта» 
 
«Оқапта» 
а) Қодар мен Қамқаны өлім жазасына 
кесу. 
ә) Қарашоқыда үкімді орындату 
 
а)  Құнанбайдың  аталас  руларға 
өктемдігі. 
ә)  Бөкенші,  Борсық  қыстауына  кіріп 
алуы. 
б)  Атшабарлары  жазалағаннан  кейін, 
Үркімбай  аулын  жігіттерімен  келіп  шабуы, 
Бөжейді дүрелеуі. 
в) Жігітек, Бөжей аулын шабуы 
 
а) Қарқаралыда мешіт салдыруы. 
ә) 
Бөжейлердің 
Құнанбаймен 
татуласуы. Кәмшат трагедиясы. 
 
а) Абайды Құлыншаққа жіберуі 
(Ақпердіге 
– 
Бетқұдықтық 
жайылымын шауып алу жөнінде). 
ә) Кәмшат жайын Абайдан естуі. 
б) Өз мойнына кінә алуы. 
   
 
а)Бөжей  қыздарының  Құнанбайды 
өлең арқылы жазалауы. 
ө)  Құнанбайдың  Майбасар  мен 
Құдайбердіні  жазалаған  жігітек  аулын 
шабуға жиналуы. 
б)Қаралы көшке шабуылы. 
в) «Мұсағұл соғысы». 
г) 
Құнанбайдың 
шегінуі 
(Құнанбайды 
ұлықтардың тергеуге алуы) 
 
 
 
 
а) 
Құнанбайдың 
Байсал 
қыстауына таласуы. 
ә) 
Құнанбай 
жылқыларының 
ұрлануы. 
б) 
Балағазды, 
оның 
жанындағы 
он 
жігітті ұстатып, айдатуы. 
в) 
Құнанбайдың Базаралыны жат 
көрмеуі, 
оны бағалай, түсіне білуі. 
г) 
Абайға таққан үш кінә 
 
 


 
60 
 
 
а)  Құнанбайдың  қажыға  аттануы. 
ә)  Дәркембайдың  Дәрмен  қарызын 
сұрай келуі 
 
 
а) 
Өз  немересі  Әмірді  өлтірмек 
болуы. 
ә) Әмірді Абайдың қорғауы. 
б) 
Ақшоқыда  туған  Абай  әнінің 
Құнанбайға жат естілуі, әнге тыйым салуы 
 
  Иллюстрациялар  арқылы  Құнанбайлардың  қаталдық,  жаны  ашымастық  іс-
әрекеттерін көз алдарына елестеттік. 
Бұдан кейін оқушылар назарын төмендегі проблемалық сұрақтарға жұмылдырдық. 

Қодар мен Қамқа өлімінің басты себебі неде? 
3.: - Құнанбай оларды өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін өлтірді. Өсекті сылтау етеді. 
- Осы  пікірге  келісуге  бола  ма?  Құнанбай  Қодарды  өлтіртпей-ақ,  жерін  тартып  алуға 
шамасы келмей ме? 
Н.: - Әрине, шамасы келеді, меніңше, бір жағы Құнанбай -діншіл, сол заманның салтын 
берік  ұстаушы.  Сол  дінді  сылтау  етіп,  «кәпірлерді»  құрбандыққа  шалады.  Феодалдар, 
діндарлар үшін оның ісі - заңды, дұрыс. Ол жер үшін ғана Қодарды елтіртпейді. Өз заңын, 
дінін, салтын қорғайды. 
- Ал енді, балалар, осы сұрақтың нақты жауабына эпопеяның өзінен, мәтіннен үзінді ала 
отырып,  кім  дәлел  айта  алады?  Қане,  мына  кестеге  қарап  (көрнекі  етіп  ілінген), 
естеріне  түсіріңдерші,  «Қат-кабатта»  бөлімінде  Құнанбайлардың  қандай  әрекеттері 
жазылған? 
Оқушы С.: - Құнанбайлар Бөкенші, Борсық жеріне, 
ЯҒНИ 
қыстауларына өктемдік етіп 
кіріп алады. 
- Дұрыс. Енді 77-бетті ашып, акырғы абзацқа қараңдаршы, қане, кім оқып жібереді? 
Ж.:  Оқиды  -  «Ойпырай,  не  дейсің?»  әттең,  аузыңнан  айналайын  Бөжей-ай.  Қодар 
өлгенде:  «Бұл  шылбыр  Қодардың  мойнына  ғана  түскен  жоқ.  Бұйырса,  Бөкенші,  Борсық, 
сенің мойыныңа да түскен шылбыр болар деп едің...» Арманда кетіпсің ғой, есіл ерім, Қодар-
ай! - деп, үні өшіп, атының жалын құшып, бүгіліп тұрып қалды. 

Өзің осы үзіндіден қандай қорытынды шығара аласың? 
Н.: - Менің ойымша, Құнанбай Қодарды өлтіру арқылы 
Бөкенші,  Борсықты  да  ауыздарын  аштырмай,  өзіне  бағындырып, кіріптар етуді 
мақсат еткен, мына үзінді соны дәлелдейді. 
О.: - Бөжей Құнанбайдың мақсатын қалай дұрыс болжаған. Бірақ ара түсе алмаған 
соң,  одан  пайда  не?!  Ал  енді  осы  үзінді  Қодар  өлімінің  нақты  себебін  дәлелдеп  тұр  деп 
есептеймін. Құнанбайдың түпкі мақсаты  - жер иемдену, байлығын  асыра  беру,  өктемдігін 
тоқтатпау. Мына үзінді соны сөзсіз дәлелдеп тұр. 
Оқушылар пікірі мен болжамын толықтырып, ары қарай тағы да проблемалық сұрақтар 
арқылы талдауды жалғастырдық. 
- Ал енді, балалар, мына бір сұрақтың айналасында ойланайық. Құнанбай көпе-
көрнеу өз баласын, яғни Кәмшатты неге арашалап алмайды? Тіпті оның күтімсіз, 
аянышты өмірін естігенде де, әрекет жасамай, өлімге қиғандай болады. Бұл туралы не 
айта аласыңдар? 
0.:  -  Құнанбай  ақылсыз  адам  емес,  өз  қатесін,  яғни  Бөжейлерге  істеген  өктемдігін 
түсінеді. Сондықтан да араша болмайды. 


 
61 
Осы  кезде  үйірме  мүшелерімен  алдын  ала  дайындаған  инсценировка  көрсетіледі  (1-
томның,  177-бетіндегі  Абай,  Ділдә,  Құнанбай,  Айғыз,  Ұлжан  диалогтері  бойынша). 
Кәмшаттың  ауыр  тағдырын  көріп  келген  Абай  Айғыздың  өтінуімен  бар  шындықты  өз 
туыстарына айтып береді. Сонда Құнанбай: «Құтқар анау қаршадай жетімегімді» деген Зере 
бұйрығына:  «Қайтейін?  ...  Мен  қайтейін?  ...Кешегісі  Арғынның  игі  жақсылары 
бұйырды!»  -  деп,  лажсыздық  кейіп  көрсетеді.  Инсценировканы  тыңдаған  оқушылармен 
бірге  Құнанбайдың  әдет-салт,  ата  жолын  өзі  де  мықтап  ұстағанын, сол себептен де «игі 
жақсылар»  шешіміне  қарсы  келе  алмағанын  дәлелдедік.  Яғни,  Құнанбайдың  феодалдық 
салттың қатал сақшысы екендігіне көзімізді жеткіздік. 
Оқушылар  болжамы  мен  жауабын  негізге  ала  отырып,  әсіресе,  жазушының 
эстетикалық табысына көбірек тоқтадық. Құнанбай тек қатал сақшы емес, оның ақылды 
әрі айлалы, әрі терең, қайсар, қайратты бейнесіне талдау жасай отырып  
Құнанбайды осылай жан-жақты етіп көрсетудегі жазушының шеберлігі мен табысына 
тоқталдық. 
Оқушылар  кітапты,  алдарында  жатқан  үлестірме  жұмыстарды  (Құнанбай 
бейнесін  ашатын  үзінділер  жазылған)  пайдаланып,  Құнанбайдың  әр  алуан  сипатта 
көрсетілетінін  дәлелдеді.  Осы  практикалық  жұмысты  жүргізу  арқылы  оқушыларды 
жазушының  Құнанбай  бейнесін  жасаудағы  шеберлігін  байқауға  жетеледік.  Мысал 
келтірейік:  «  -  Қаратай  жүйрік  қой,  жер  таниды.  Айтқаны  шын  болса  керек.  Бірақ  өз 
топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. Мен 
өмірде  ұстаған  нәрсемді  табандылығында  деп  білемін.  Соның  түбінен  мін  шығатын  кез  де 
болады!» - деп, үндемей отырып қалды. Дау айтқан жоқ. 

Адам 
пенде 
ғой. 
Пенденің 
жоқ-жітігі 
толған 
ба? 

деді. 
Бұл кезде Абайға әкесі жадағай көрінбеді. Ол шешендіктен гөрі, басқарақ түкпірі бар 
жан сияқты. Оңай жан емес. Қабат-кабат шың сияқты. (170-бет, 1-кітап.) 
Міне, осы үзінді жазылған үлестірмені оқушылар ең алдымен өздері оқып, сонан соң 
бір-бірімен  (кейде  қатар  отырған  екі  бала  немесе  екі  партадағы  төрт  бала  бірігіп) 
сыбырлай пікірлесіп, ойларын бөліседі. Осы үзінді кай оқиғаға байланысты екендігіне 
де тоқталып, Құнанбай характерін Абай ойы, Абай бағасы арқылы дәлелдеді. 
Е с к е р т у: Құнанбай және рулық-патриархалдық тартыс мәселесіндегі ең жетекші 
әдіс - проблемалық сұрақтарға негізделген шағын әдеби пікірталас болды. Оны әңгіме және 
мәнерлеп оқумен ұштастырдық. 
Плакат түрінде ілулі тұрған пікірталас сұрақтары  мынандай болды: 
1. Бөжей мен Байсалдар қандай кейіпкерлер? Оларды Құнанбай типтестерге 
жатқызуға бола ма? 
2. Абай оларға неге іш тартады? Әлде оларды «Халық ұлы» деп түсінгендіктен бе? 
3. Дәркембай - Құнанбайлар арасындағы тартыс пен әлеуметтік мән 
айырмашылығын қалай түсінесің? 
Пікірталас сұрақтары бойынша мынадай мәселелер айналасында пікір таластырдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет