Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет77/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   182
Өлеңді талдау үлгісі 
 
Шумақта
р 
Тақырыпшал
ар 
Қысқаш
а аннотация 
Ақын 
стилі 
Поэтикалы
қ тілі 

 
 
 
 
 
II 
 
 
 
III 
«Өткіздім 
сенде көп айлар». 
 
 
 
 
«Ол 
майданда...ер 
жолы...» 
 
«Өмірді 
шықтым арқалай...» 
Айдар 
келбеті, 
лирикалық 
кейіпкердің 
соғыс жолы 
 
Майдан, 
соғыс, ажал... 
 
Партиза
н  жолы,  өмір 
үшін күрес... 
Сырлас
у, 
ақын 
монологі, 
қарата  айту. 
Лирикалық 
шегініс, 
шалыс 
ұйқасты 
ұтымды 
пайдалану, 
лирикалық 
сұрақтар 
«Өр 
Айдар»,  «жағаң 
сурет, суың бал». 
«Сұлу 
Айдар, 
сырлы 
Айдар». 
«Ар, 
адалдық оты» 
 
Көркем  шығармаларды  окытуда  барлығынақкойылатын  ортақ  талап  көркем 
компоненттеріне  талдау.  Бұл  өлеңде  ерекше  еске  ұстар  мәселе  -  өлеңнің  сырласу 
стилінде жазылуы, ақын монологінің, лирикалық кейіпкердің әр алуан рендерінің тоғыса 
келуі (сағыныш, өкініш, куаныш, сенім, оптимизм, қайғы, мақтаныш). 
Талдау барысында оқушылармен лирикалық кейіпкер айналасында шағын сырласу, 
пікірлесу  әңгімесін  өткізу  керек.  Себебі,  лирикалық  шығармалардың  бәріне  тән  ортақ 
қасиеті лирикалық кейіпкерлері болуында. Лирикада лирикалық кейіпкер өмір сүреді. 
Сұрақтар: 

Өлеңдегі лирикалық кейіпкерге сипаттама бер. 
Ж а у а п: 
21.Ол - бұрынғы партизан, ер солдат, өмір үшін күрескер, адал дос, патриот, 
интернационалист. 
22.Лирикалық кейіпкердің көңіл күйіне сипаттама бер. 
 
Шумақтар  
Көңіл күйінің сипаты  
I шумақ  
II  -  III  шумақтар  IV 
шумақ 
IX шумақ 
X шумақ  
Еске алу, Айдар келбетіне сүйсіну.  Мұң, ауыр 
мұң. Өмір, өлім күресі. Тербеліп ойға түсуі. Отанға, 
елге деген ыстық сезім, достық сезім, серт беру, сену.  
Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін,  төмендегі  көмекші  құралды  көрнекі  етіп  жазып, 
ұсынуға болады. 


 
94 
Е с к е р т у: Оқушылар екінші баған жауабын өздері айтады. Тек бірер жауабы ғана 
үлгі ретінде беріледі. 
Қасым  Аманжоловтың  «Туған  жер»,  «Домбыра»  өлеңдерін  оқыту  барысында  да 
музыканы  пайдалану  тиімді  болмақ.  «Туған  жердің»  өз  әуені,  әні  арқылы  тамаша 
лирикалық  шыгармаларда  әуен  құйылып  тұратынын,  олардың  музыка  тілеп  тұратынын 
дәлелдей кетудің артықтығы жоқ. 
«Домбыра»  өлеңін  талдау  сабағында  мектептегі  музыка  пәні  мұғалімімен  пәнаралық 
сабақ  немесе  күйші-домбырашылармен  кездесу  сабағы  тиімді  болмак.  Мұндай  сабақтарды 
«Жарасым  сабағы»  немесе  «Домбырада  қонақта»  тақырыптарымен  өткізуге  болады. 
«Домбыра» өлеңі - адам сезімінің нәзік қылына, нәзік пернелеріне әсер ететін, сезімнің көзге 
көріне бермейтін, бірақ бүкіл жан рухын баурап алатын қасиеті бар музыка әлемі туралы 
өлең. Сол себептен де Қасым сол әуенді сөзбен беруге талаптанса, әдебиет пәні мұғалімі оны 
оқушыға  жеткізуге  талаптанса,  ал  сабаққа  ша-қырылатын  қонақтар  күймен,  домбыра 
сазымен жеткізуге талаптанса, яғни сөз-әуен үйлесім тауып жатқан мұндай сабақтардың 
тек  білім  емес,  эстетикалық  ләззат,  нәр  беретініне ешқандай шүбә жоқ. Оқушыларды 
әдемілікті  сүюге,  одан  ләззат  ала  білуге  тәрбиелеуде,  эстетикалық  нәзік  талғамдарын 
дамытуда лириканың атқаратын рөлі зор. Сондықтан да оны оұытудың тиімді жолдарын 
қарастыра  отырып,  мүғалім  міндетті  түрде  осы  мәселелерге  де,  яғни  сабақтың  тәрбиелік 
нәріне де ерекше көңіл бөлуі керек. 
Лирикалық  шығармаларды  өту  әдістемесін  сөз  ете  отырып,  енді  оқушылардың, 
жасөспірімдердің  оларға  деген  жағымды  көзқарасы,  қызығушылығын  қалай  туғызу  керек, 
оның  тиімді  әдіс-тәсілдері  қайсы,  осы  мәселеге  тоқталайық.  Жоғарыда  айтылғандай, 
лирикада ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде 
ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, қабысқанда, бір-бірін тапқанда ғана 
ол  туралы  сөз  қозғау  тиімді  болмақ.  Оқушыларды  лириканы  сүюге,  түсінуге,  оны  өз 
еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты 
болып табылады. Оқушылардың оған деген жағымды көқарасын қалыптастыру  жүйелі 
жұмысты  талап  етеді.  Бұл  жұмыс  сонау  мектепке  алғаш  келген  күндерінен,  мектеп 
табалдырығын  алғаш  аттаған  күндерінен  басталуы  керек.  Оқу-тәрбие  жұмысы дұрыс 
қойылған мектептерде бастауыш сыныптар мен жоғары сынып мұғалімдері арасында тығыз 
байланыс  болады.  Әсіресе,  3-сынып  оқушыларын  оқытудың  жаңа  баспалдағына 
психологиялық  жағынан  дайындаудың  маңызы  ерекше  зор.  Үш  жыл  бойы  бір 
мұғалімге  үйреніп  қалған  оқушы  енді  әр  пәнді  жеке,  әрі  әр  мұғалімнің  оқытқанына 
бірден бейімделе алмайды. Әсіресе, соңғы 3-сы-ныпта оларды болашақта кім оқытады, осы 
мәселелер шешіліп, сабақ беретін пән мүғалімдері үнемі тығыз қарым-қатынаста болулары 
керек. 
Бастауыш  сынып  балалары  өлең  жаттауды  ұнатады,  мүғалім  тапсырмасын 
бұлжытпай  орындауға  тырысады.  Осы  «белсенділіктерін»  жойып  алмай,  келесі 
сыныптарда  тапсырма  бойынша  өлеңнің      өздеріне      ұнаған      жерлерін  жаттауға,    мән-
мағынасын түсініп жаттауға баулу тиімді болмақ. Бастауыш сынып мұғалімдері сәби 
сезімін  дамытуға,  яғни  өлеңді  сүюге  баулуда  жүйелі,  әрі  қызықты  әдіс-тәсілдер 
пайдалануы  керек.  Өлеңді  мұғалімнің  өзінің  мәнерлеп  оқуы,  күйтабақтарды  пайдалану, 
сабаққа  көркемсөз оқудың шеберлерін шақырып, кездесу өткізу, табиғатка саяхат  жасау, 
сол  жерде  табиғат  лирикалары  туралы  өлеңдер  оқып,  оны  бейнелейтін  суреттер 
көрсету,  әндер  тыңдап,  алған  әсерлері  бойынша  ізін  суытпай  пікірлесу,  әңгіме  өткізу, 
сыныптан  тыс  оқуларда  лирикалық  шығармаларға  көбірек  көңіл  бөліп,  мәнерлеп  оқу 
үйірмесін  құру  сияқты  лирикалқ  шығармаларды  сүюге  баулу  жұмыстарын  жүргізу 
нәтижелі, тиімді болмақ. Кейбір ұстаздар тәжірибесінде әр сабақтың алдында «поэзияға» 
3-5  минут  бөліп,  белгілі  бір  тақырып  айналасында  оқушылар  өздері  сүйетін  өлеңдерді  
оқуға,  жатқа  оқуға,  өз  өлеңдерін  оқуға  мүмкіндік  алады.  Егер  бұл  жұмыс  жақсы 
ойластырылып,  жүйелі  ұйымдастырылғанда,  оның  нәтижесі  де  ойдағыдай  болмақ. 


 
95 
Оқушыларды   жалықтырып алмау үшін, мұндай  «кездесулерді» аптасына 1-2 рет өткізуге 
болады (әр мұғалім қалауы бойынша). 
Мәнерлеп оқу оқылып жатқан көркем туындының, яғни лирикалық өлеңнің мазмұны, 
мәніне  байланысты  болып  келеді.  Ерлік,  патриотизмге  негізделген  өлеңдер  көтеріңкі 
ырғақ,  көтеріңкі  леппен  оқылса,  табиғат,  махаббат  жайлы  өлеңдер  нәзік  леппен,  терең 
сезіммен оқылады. Лириканы мәнерлеп  оқуда  әр  сөз,  әр  тыныс  белгісі  де  үлкен  рөл 
атқарады. Мысалы, Қасымның «Туған жер» өлеңінде «Уа, дариға, алтын бесік - туған жер» 
деген жолдар бар. Осы жолдардан ақынның туған жеріне деген терең сезімін түсінеміз, 
әрі «уа, дариға» деген сөздер арман, еліне деген мәңгі бітпейтін ақын махаббатын ерекше 
танытады.  Ал  осы  сөздері  ерекше  бір  арманды  леппен,  терең  сазбен  оқылады.  Өлеңнің 
тармағы, шумағы, тіпті дыбыс үндестіліктеріне де назар аудару керек. 
Мысалы,  Мағжанның  «Шолпан»,  «Толқын»,  т.б.  өлендерінде  дыбыстардың  маңызы 
ерекше. Ақын дыбыстан  сурет  жасайды,  дыбыс  арқылы  махаббаттың  лапылдап  тұрған 
жалыны  беріледі,  дыбыс  келісімдері  арқылы  табиғаттың  бейнесі  көз  алдыңа  елестейді. 
Сондықтан  әр  дыбысты  өз  нақышымен  оқи  білудің  маңызы  бар.  Бұдан  шығатын 
қорытынды: лирикалық шығармаларды мұғалім қандай әдіс-тәсіл, сабақ типтері арқылы 
өтсе де, ең алдымен, оны мән-мағынасына қарай дұрыстап оқи отырып, талдаудан бастау 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет