Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет74/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   182
ЛИРИКАНЫ ОҚЫТУ 
Лириканы окыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, 
оқушылардың  оған  деген  көзқарасы,  қарым-қатынасында.  Әсіресе,  5-8-сыныптар 
оқушыларының  көбі  поэзиядан  гөрі,  қызықты  мазмұны  бар,  айтайын  деген  ойының  бәрі 
бадырайып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық 
шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі, прозалық шығармаларға қызықтыру, 
тарту жеңілірек тиеді. 
Лирикалық шығармаларда ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы 
жеткізсе, лириканың сол өзіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, 
нәзік сезімі, ұшқыр ойы болуы керек кой. Ал ондай сергектік, нәзіктік  барлық  адамда  бола 
бере  ме?!  Лирикалык  шығар-маларды  құлақпен  емес,  жүрекпен,  сезіммен  қабылдау  керек 
десек, ол шығармаларды бала қалай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл күйде 
болды,  оны  тексеру  де  мұғалімге  оңайға  соқпайтын  мәселелер.  Міне,  сондықтан  да 
лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр. 
Әсіресе, 5-8-сыныптарда сабақ басталмас бұрын, көңілді, сазды, назды музыка қойып 
қою, мүмкіндігі келсе, өтілгелі  отырған лирикалық шығарманың әні болса, әнімен қойып 
қоюдың,  күйлерді  тыңдаудың  оқушыларды  сабаққа  әзірлеуде  маңызы  зор.  (Көңіл 
күйін, сезімін тебірендіріп дегендей.) 
Мысалы:  8-сыныпта  Қасым  Аманжоловтың  «Туған  жер»  өлеңін,  5-сыныпта 
С.Сейфуллиннің  «Ақсак  киік»  өлеңін  өтер  алдында  олардың  әндерін  де  тыңдатудың 
пайдасынан басқа зияны болмақ емес. 
"Лирикалық шығармаларды 5-8-сыныптарда оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлу 
керек: 
а) 
Лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден, 
тереңдете беру. Яғни, сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың 
өздеріне тән негізгі қасиеттері туралы сөз ету. Мысалы, 5-сыныпта, алдында өздері 
оқып өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелермен салыстыра отырып, лириканың өзіндік 
ерекшеліктерін тұжырымдап, қарапайым, ұғынықты, қысқа ғана түсінік 
беру. 
ә) Өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру. Ол үшін үлестірме-нұсқау ұсынуға 
болады. Мысалы: «Күз» өлеңін алайық (5-сынып). 
Үлестірме-нұскау. 
7. Өлеңді асықпай 2-3 рет оқып шық, түсінбеген сөздерің болса, оқулықтағы 
түсініктемеге қара, не белгілеп қой. 
8. Күз суреті қалай бейнеленген, мәтіннен тап. 
9. Мәнерлеп оқуға дайындал. Қандай мәнермен оқыр едің? 
10.Өлең қандай көңіл күймен жазылған? Ең соңғы өлең 
жолына қарасаң, бәлкім, жауабын табарсың? 
- Күз суретімен қоса, кімдер бейнеленген? Олардың іс-әрекетін айтып беруге 
талаптан. 
б) 
 Мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар 
аударуы, өзі талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жүргізуі керек. Яғни олардан өздеріне 
ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу деген бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін 
сұрап  білудің  маңызы  зор.  Себебі,  лириканы  оқытудың  басты  мақсаттарының  бірі  -
оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат 
ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды 
өз беттерімен әдеби мәтінді талдауға да дағдыландырады. 
 в) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу. 
г)Өлеңдегі  ақынның  көңіл  күйін  бағдарлату,  оқушылардың  өз  сезімі,  өлеңнің 
әсеріне де назар аудару. 


 
89 
д)Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, 
көрнекілікті, үйлесімді, тиімді  пайдалану. 
  е)Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау, 
т.б.) 
   з)Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін  арттыру мақсатында 
шығармашылық сипатта\ғы әдіс-тәсіл-ер пайдалану. 
и)Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену. (Мысалы, концерт-сабақ пәнаралық байланыста 
өтетін сабақтар, т.б.); музыка пәні, бейнелеу өнері, т.б. пәндер мүғалімдерімен сабақты бірге 
өткізу. 
 
Абайдың  «Күз»  өлеңін  талдаудың  кіріспесінде  оқушыларға  алдын  ала  берілген 
үлестірме-нұсқауды  пайдаланып,  әңгіме  жүргізеді  (жоғарыда  айтып  өтілді).  Ол  үшін 
мүғалім үлестірме-нұскауларын іштей бір қайталап, негізгі тапсырмаларды еске  түсіртіп 
алғаннан  кейін,  өлеңді  өзі  мәнерлеп  оқиды.  Оқушыларға  да  іштей  тағы  бір  оқуды 
тапсырады.  Өлеңді  бірден  өзі  талдаудан  бұрын,  балаларды  алдын  ала  ойландырып, 
толғандырып талдауды олардың қатысуымен  жүргізу, әдеби талдауға баулу, поэзиялық 
шығармаларды өз беттерімен оқытып, өз пікірлеріне жол салуда мұндай тәсілдің маңызы 
зор. Балалар оқып болғаннан кейін, мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі. 
Талдау   сұрақтары: 
21. Күз көрінісі қай шумақтарда суреттелген? (Өлеңнен тауып оқиды.) 
22.Ақын күз көрінісін қандай сөздермен бейнелеген? 
(Мәтіннен оқып, өз жауаптарын дәлелді түрде береді.) 
23.Оқулықтарда берілген «малма», «шомшы», «күзеу», «оты жоқ» деген сөздердің 
мағынасына тағы бір назар аударындар. 
16.Ақын өлеңде тек күз суретін ғана берген бе? 
17.Адам тірлігі қалай берілген? (Өлеңнен үзінді оқиды.) 
18.Жан-жануарлар тірлігі ше? 
19.Күз суреті неге сонша жабырқаңкы берілген? 
20.Өлең арқылы ақын қандай мәселе көтерген, не айтпақ  болған, қандай көңіл 
күймен жазылған? 
Осы  «Күз»  өлеңін  өту  барысында  Левитанның  немесе  басқа  суретшілердің  осы 
тақырыптағы суреттерін  іліп  қоюға  болады. Сурет бояуларына қарата отырып, өлеңдегі 
күздің  сөзбен  салған  бояуын  салыстырып,  сол  арқылы  ақын  мен  суретші үндестігі, оның 
негізгі  себебін  анықтау  жұмыстарын  жүргізу  өте  тиімді  келеді.  Үндестік  ретінде 
оқушылармен  біріге отырып, «сұр  бұлтты», «суық аспанды», «сары түсті»  табуға  болады. 
Суреттегі, өлеңдегі бұл үндестіктің сыры  -күз табиғатына байланысты шындықтың беріліп 
отырғанын  оқушыларға  аңғарту  керек.  Суретші  шындық  көріністі  бояумен  берсе, 
ақынның сөзбен беріп отырғанын дәлелдей түсу керек. Осы сабақта балаларға өз аулының, 
қаласының күзін еске түсіріп, оны Абай «Күзімен» салыстыру да тиімді болмақ. Салыстыру 
үшін мынадай сұрақ беріледі: 
1. «Күз» өлеңінде адамдар тірлігі қалай берілген дедік? Енді өз аулыңдағы күз 
кезіндегі адамдар тірлігін айта ғой. 
2. Ақын өлеңде «Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы» дейді? Оның себебі не? Ал 
осы кездегі ауыл тап осындай жабырқаңқы ма? Себебі неде деп ойлайсың? 
3. 
Өз аулыңның (каланың) күзіне ауызша суреттеме бер. 
Сондай-ақ осы сабақты интеграциялық оқуға негізделген трио сабақ (үштік сабақ) ретінде 
өтудің тиімділігі зор. Орыс әдебиеті, бейнелеу өнері мұғалімдерімен қосыла отырып, 
тақырыпты білімдік жағынан терең, жан-жақты, әрі қызғылықты өтуге болады. 
Орыс әдебиеті мұғалімі орыс ақындарының, соның ішінде Пушкиннің «Алтын күзіне» 
тоқталып, орыс күзінің «Алтын күз» аталу себебі, оның негізінде жатқан 
әлеуметтік жағдайларды қысқаша әңгімелесе, әдебиет мұғалімі Абай «Күзінің» 
сүреңсіз суреті негізінде сол кездегі көшпелі кедей тірлігінің шынайы көрінісі 
берілгеніне тоқталады. Екі ақын да күз табиғатын жеке-дара, өлі суреттермен бермей, 


 
90 
халық тіршілігі, ел жайымен астастыра бергенін түсіндіру қажет. Ал бейнелеу өнері 
мұғалімі күз табиғаты бойынша ауызша суреттеме береді. Суреттерде бояу сөйлейтініне 
тоқталады. Бір мезетте үш пәнді осылай біріктіре отырып, оқушыларға жан-жақты, әрі 
терең білім беруді жүзеге асыруға болады. 
       Л ирикалық 
шығармаларды 
өтуде 
оқушылардың 
шығармашылық 
жұмыстарына  да  ерекше  көңіл  бөлу  керек.    Осы  сабақта  қабілеттеріне  қарай  өлең 
жаздыру, сурет  салдыру немесе шағын шығарма-суреттеме жаздырудың  маңызы зор 
болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет