Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет9/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   182
 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ  ОҚЫП-ҮЙРЕНҮДІҢ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
           Көркем  мәтінді  талдау  шығармашылық  жұмыстарды  талап  етеді.  Қай  көркем 
шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты 
ұнаған  шығарма  екіншісіне  қатты  ұнамауы  мүмкін.  Оқушы  көркем  туындыны  өз 


 
14 
дүниетанымы,  сезімі,  білім  дәрежесіне  байланысты  қабылдайды.  Әдеби  талдаудың  басты 
мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына 
сай  ғылыми  арнаға  бағыттау  болып  табылады.  Көпшілік  ұстаздар  талдамас  бұрын, 
оқушылармен  сол  туынды  жайында  арнулы  әңгіме,  пікірлесу  өткізеді,  тіпті  шағын  әдеби 
айтысқа  да  жетелейді.  Оның  тиімділігі  сол,  мұғалім  оқушының  көркем  туындыны  қалай 
қабылдағанын аңғарады, талдауда қандай мәселелерге назар аудару керек, соған бағыт-бағдар 
алады.  Ең  басты  мәселе,  оқушыларды  өз  беттерімен  талдауға  жетелейді,  тілін  дамытады, 
көркем  шығарманы  қабылдай  білу  әрі  оған  пікір  айта  білу  дағдыларын  қалыптастырады. 
Оқушылармен пікірлеспей, алдын ала олардың көркем туынды туралы (талданатын) ойлары, 
сезімдерін  білмей,  ескермей  талдау  жасау  балаларды  жаттандыққа,  мұғалім  мен  оқулық 
пікірлерін  қайталап  айтушылыққа  ұрындырады.  Әдебиетші  мұғалім  алдындағы  оқушыға 
оқырман  деп  қарап,  оны  оқырман  ретінде  тәрбиелеуі  керек.  Әр  бала  –  жеке  тұлға.  Ол  – 
психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білім жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын 
жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне,сол «жеке адамның» жеке пікіріне де сүйене жүргізілуі 
тиіс.  Әдебиеттану  ғылымы  әдеби  талдауда  ең  басты  мына  мәселелерге  көңіл  аудартады 
(ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай): 
а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас. 
в) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі. 
б)  Суреткердің  көркем  тәсілі,  дүниетанымы,  көзқарасы,  олардың  арасындағы 
байланысты ашу. 
Әдеби  талдауда  осы  принциптерді  басшылыққа  алу  оқылып  жатқан  көркем  туынды 
туралы,  оның  авторы  туралы  үстірт  пікірлер  мен  жалған  бағалардан  сақтандырады.  Әдеби 
талдаудың  қай  дәрежеде  болуы  мұғалімнің  талдау  әдіс-тәсілдерін  қалай  меңгергеніне  де 
байланысты.  Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны 
объективті  түрде  бар  бітім-болмысымен  қабылдай  білу  де  талдауға  әсер  етеді.  Талдауда, 
композиция,  сюжет,  жазушы  стилі,  көркем  туынды  негізінде  жатқан  идея,  оның  көтерген 
мәселесі ерекше назарға алынады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет