Ќанипа Бітібаева


ӘДЕБИ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет10/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   182
ӘДЕБИ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ 
 
1.  Көркем  туындыдағы    жазушы  ойы,  идеясына  көз  жүгірту.  Тарихи,  әлеуметтік 
жағдайлар,  болған  оқиғалардың  қоғамдық,  саяси  сипаттары  туралы  түсінік  беру  (көркем 
туындыда  сөз  етілген),  әдеби  талдау  үшін,  ең  алдымен,  сол  көркем  туындыда  жазылған, 
баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ суреткер осы 
шығармасын не себепті, қандай жағдайларға байланысты жазған, оны жазуға не итермелеген
сол туралы оқушыға мол мағлұмат беруді мақсат ету керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін, 
соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» өлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен ХІХ ғасырдың 
екінші жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік жайы болған. Немесе Бұқар 
жырау  толғауларының  бәрі  өз  заманының  тарихи  айнасындай.  Оның  толғауларын  сол  өз 
заманындағы тарихи-әлеуметтік оқиғалар туғызған. Ел бірлігі, достық, Отан қорғау тақырыбы 
Бұқарға  аспаннан  түспеген.  Шығарманың  жазылу  тарихы,  оның  негізінде  жатқан  тарихи-
қоғамдық  мәселелерді  түсіндіру  ‒  сол  шығарма,  туынды  астарында  жатқан  суреткер  ойын, 
мақсатын ашуға бастар бірден-бір жол.  
Тағы  бір  тәсіл  –  сол  туынды  туралы  ғылыми  еңбектер,  мақалалардан  үзінділер  оқып, 
түсінік беру. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы шығармаларын, не оның Исатай туралы өлеңдерін 
талдау  алдында  сол  кездегі  тарихи  жағдайлар,  көтерілістің  шығу  себебі,  оның  ұлт-азаттық 
сипаты, Исатай туралы тарихи деректерден тұжырымды түрде түсінік беріп, Махамбеттің осы 
өлеңдері туралы әдебиетшілер пікірін (мысалы, Қ.Жұмалиев т.с.с.) айта кетудің маңызы зор. 
Бұл  –  тиімді  тәсіл.  Кейінгі  кезде  интеграциялық  сабақтар  тәжірибеде  көп  қолданылуда. 
Мысалы, осы мәселе туралы тарих пәні мұғалімімен дуэт-сабақ өткізуге болады. 
1. 
Көркем  туынды  композициясын  талдау  тәсіліне  бас  кейіпкердің  іс-
әрекетін  салыстыру,  негізгі  оқиғаларды  сұрыптау;  портрет,  суреттеулердің  көркем 


 
15 
туындыдағы  орнына  тоқталу  жатады.  Мысалы,  «Қорғансыздың  күні»  (М.  Әуезов) 
әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе ақын портреті оның нәпсіқұмар 
жан екенін аңғартады, әңгімедегі негізгі сұмдық оқиғаларды осы портреттеу алдын ала 
болжатқандай  болды.  Боранның  соға  бастауы  да  көп  нәрсені  аңғартады.  Табиғаттың 
дүлей  бораны  мен  адам  жауыздығы  қатар  қойылады.  Боран  ызғары  оқырманға  бір 
сұмдықтың болатынын алдын ала сездіреді. 
2. 
Жазушы  стиліне  талдау  жасаудың  маңызы  сол,  ол  туынды  негізінде 
жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең 
алдымен,  оның  көркем  тілі,  поэтикалық  бейнелер  жасауы  («кәрі  құда»,  немесе  «сұр 
бұлт» т.б.), жалпы халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады. 
Мысалы, Абай «Аттың сынында» халықтың күнделікті сөйлеу тілінде бар «шоқпар» 
сөзімен «шоқпардай» деген теңеу жасаған, әрі бұл теңеу жүйрік ат сынын сүйреттеуде 
өзіндік орын алып тұр. Немесе қысты «кәрі құда» деп алып, тамаша метафора жасаған. 
Ашулы  қысты  «кәрі  құдаға»  балап  сипаттау  өлеңдегі  ақын  ойын  айшықтап  көрсетіп 
тұр.  «Болыс  болдым,  мінеки»  өлеңінде  Абай  «бұрқырап»,  «тарқылдап»,  аңғылдап», 
«шапқылап»  деген  көсемшелерді  ерекше  көп  пайдаланады.  Бұлар  арқылы  болыстың 
жексұрын  бейнесін  суреттейді.  Солар  арқылы  көз  алдымызға  қорқақ  «бас  изеймін 
шыбындап), мақтаншақ, (мақтанамын кісімсіп), екі жүзді, (қайраттансып, қамқорсып), 
аяр (тарқылдап, қарқылдап) болысты келтіреміз. 
Жазушы стиліне талдау жолдары әр алуан. Төменгі сыныптарда оны ойын элементі 
бар  сабақтар  арқылы  өткізуге  болады.  Мысалы,  «Күз»  сипатындағы  эпитеттердің 
синонимін табуға әрекеттендіру т.б. Ал жоғарғы сыныптарда салыстыру, зерттеу, іздендіру 
бағытындағы  тапсырмалар  арқылы  жүзеге  асыру  тиімді.  Айталық,  Ілияс  Жансүгіровтің 
поэтикалық  тілін  талдау  барысында  «Құлагердегі»  Көкше  суреті  мен  Сәкендегі  Көкше 
суретін,  Қасым  Аманжолов  «Көкшесін»  салыстыру  арқылы  бірнеше  жұмыс  атқаруға 
болады. Сондай-ақ кейіпкер тілін, авторлық баяндаулар ерекшелігін, жалпы суреткердің 
жазу мәнерін талдау әдеби талдаудың маңызды  бір жағы екенін естен шығармаған жөн. 
Мысалы, С.Көбеевтің «Қалың мал» романы бойынша мына үлгідегі жұмыстар жүргізуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет