Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет11/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   182
 
Кейіпкер тілін талдау 
 
Тұрлығұл, 
оның 
айналасындағылар-
дың сөйлеу тілі 
Қай 
оқиғада 
айтылады? 
Жазушы  стилі,  шығарманың  идеясын 
ашудағы рөлі  
«Кедейдің 
қатыны  өлсе,  басы 
қаңғырар, 
байдың 
қатыны  өлсе,  төсегі 
жаңғырар» 
Тұрлығұлдың 
бәйбішесі 
Ғайша 
қайтыс 
болғанда 
айтқандары. 
Әрі 
байға  әйел  ал  деп, 
үгіттеу 
үшін 
айтылады. 
Жазушы  халық  мақал-мәтелдерін  көп 
пайдаланады, әр кейіпкердің іс-әрекетіне сай 
оларды сұрыптап беріп отырады. Бұл мақал-
мәтелдер Тұрлығұл сияқты жуандардың әйел 
теңсіздігін  аяққа  таптағанын,  мал  арқылы 
төсектерін  жаңғырта  беретінін  білдіреді. 
Роман  негізіндегі  идея  да  ‒  әйел  теңсіздігі. 
Бұл мақал соны аңғартуға көмек болып тұр. 
 
Ескерту: Бағандарды оқушы толтырады. Әрине, мұғалім көмек-нұсқау береді. 
4.  Көркем  туындыны  оның  негізінде  жатқан  тарихи  шындықтармен  салыстыра 
қарастыру, кейіпкерлер прототипі туралы мәліметтерден хабардар ету ‒ автор ойы, шығарма 
идеясын ашудың негізгі жолы, тәсілі. 
М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебек»  трагедиясы  өмір  шындығынан  алынған.  Ондағы  бас 
кейіпкерлердің  барлығы  да  өмірде  болған,  тағдырлары  да  трагедияда  берілгендей,  солай 


 
16 
аяқталған. Дегенмен Нысан, Абыз, Жапал бейнелері жазушының өз қиялы, мақсатынан туған. 
Абыз арқылы жазушы халық даналығын, махаббат, достық, қорғаушысын, даланың Кеңгірбай 
сияқты  жауыздарына  қарсы  мейірбандық  жаршысын  бейнелеген.  Әділдік  деп,  халық  деп, 
оның өрімдей жас «ұрпақтары» деп соққан ұлы жүректі мадақтаған. Жапал күші-тәні малайға 
айналып  кетсе  де,  жүрегі,  пиғылы,  жан  дүниесі,  рухы  малайлыққа  айналмаған  қарапайым 
кедей ұлы бейнесінде алынады. Трагедияның соңғы көрінісіне назар аударайықшы. «Бөрілер» 
далаға тастап кеткен кінәсіз сәбиді алдына алып тұрған Абыз Кеңгірбайларға қарғыс айтса, 
Жапалға аманат айтады, кінәсіз сәбиді тапсырады. Трагедияның осы бөлімі оқушылардың да, 
көрермендердің де үміт отын жағады. Махаббат мәңгі, оны ешкім өлтіре алмайды, замананы 
заманаға жалғастыратын – ұрпақ. Ұрпақ өлмейді. Шығарманың осы тарихи негізі, кейіпкерлер 
прототипі  туралы  сөз  қозғай  отырып,  мұғалім  әр  көркем  шығармада  үлкен  проблема 
жататынын,  суреткер  ойы,  идеясы  жататынын  аңғартады.  Әрі  осы  проблема,  шығарма 
идеясын ашуда кейіпкерлер көтеретін жүктің ауқымы, маңызы туралы оқушыға хабар береді. 
Сондай-ақ қандай тарихи шығарма болсын, ол өмірдің көшірмесі, фотосуреті емес, онда ең 
алдымен  автор  мақсаты,  ойы  жататынын,  сол  мақсат  биігінен  көріну  үшін,  жазушының  өз 
қиялы, ойына, яғни көркем шабытына да жол беретіндігін көрсетеді. 
Жапал  (айналып  көріп,  баланы  көрсетіп).  Көрші,  көрші,  міне,  қамкөңіл  ата!  Мынаны 
өлсін деп, шибөріге тастаған. Осы ма еді ел деген?! Көріп пе едің аямасты, ататай? 
Абыз.  Ата...  Атамын,  мен  аңыраған!  Мен  ата,  сен  немере!  Бауырындағы  шаранасы 
кетпестен шырылдап қалған шөбере. Бауырым өрт, үнім зар! Бауырым өрт, бетім жас... Ата, 
немере, шөбереміз – үш зарлық! Ел олар емес, ел бізбіз, ұлым, жан балам! Қара тастай қатал 
күндер ішінде туар, келер біздей толқып-толқып ата, бала, немере... алып кетсін, жазықсыздар 
аттарын сақтап өтсін... ақтап өтсін, арыстарым, арманым... 
«Жадыңда  тұт,  жасыма!  Жадыңда  тұт,  «жасыма»  де,  ес  кіргенде  (баланы  нұсқап) 
бауырыңа... Бүгін мен өсиет ет сен оған, шағың жетіп өлерде! Жадыңда тұт, жасыма, ұлым, 
елім, шермендем! 
Жазушы қиялынан туған Абыз бен Жапал бейнелері – трагедияның негізгі ойы, мақсаты 
осылай беріледі. 
Мысалы,  М.Әуезовтің  «Оқыған  азамат»,  «Қорғансыздың  күні»,  «Қараш-Қараш 
оқиғасы», «Көксерек әңгімелері тарихи шындықта, яғни өмірде болған жайлардан алынған. 
«Оқыған  азаматтағы»  Жұмағұл-Смағұл  Әмзеұлы,  Ақтай  ‒  Ахмет  Әуезов,  Мейірхан  ‒ 
Мұхтар Әуезовтің өзі, ал «Абай жолындағы»  барлық оқиға, кейіпкерлер өмірде болған. Бұл 
мәселелер туралы сөз қозғау, ең алдымен, оқушыға көркем туынды-өмір шындығының айнасы 
екенін дәлелдесе, екінші өмір шындығын, көркем шындық деген не, суреткер оларды қалай 
табыстыра  білген,  осы  жайында  да  танымдарын  арттырады,  жалпы  көркем  шығармалар 
жөніндегі  түсініктерін  кеңейтеді.  Мысалы,  «Абай  жолын»  талдау  барысында  мұғалім  әр 
кейіпкер  негізінде  қандай  тарихи  шындық  жатыр,  жазушы  сол  шындықтарды  кейіпкер 
бейнесін  жасауда  қалай  пайдалана  білген?  Сол туралы  сөз  қозғау  керек.  Ол  үшін  қосымша 
материалдарды  ұсына  отырып,  оқушыға  қысқаша  хабарламалар  жасатуға,  өзінің  де 
хабарлауына болады. Л.М.Әуезованың «М. Әуезов шығармаларындағы Қазақстан тарихының 
проблемалары»  деген  еңбегінде  жазушы  шығармаларының,  соның  ішінде  Абай  жолының 
негізінде жатқан тарихи шындық көп сөз етіледі. Осы еңбекте Құнанбай туралы жасалған бір 
хабарламаның үлгісін берейік: 
«Құнанбай  Өскенбаев  ‒  өмірде  болған  адам.  Ол  Тобықты  руының  бетке  ұстар  мықты 
жуандарының бірі екен. Л.М. Әуезова өзінің еңбегінде: «Эпопеяның 1-ші кітабында 1849-1854 
жылға  дейін  аға  сұлтан  болған  Құнанбай  Өскенбаевтың  төңірегінде,  Тобықты  руының  өз 
ішінде  қым-қиғаш  жүріп  жатқан  феодалдық  қырқыстар  мен  тартыстар  қандай  болғанын 
көрсетуге көп көңіл бөліп, мол орын берілген», ‒ дейді.  
Автордың  зерттеуі  бойынша  эпопеяда  көрсетілген  мына  төмендегі  оқиғалардың  өмір 
шындығынан алынғанына көзіміз жетті.  
I.  «Қайтқанда»  бөлімі.  Қодар  мен  Қамқаны  өлтіруі  (эпопеядағы  суреттегідей,  қырық 
рулы елге тас лақтыртып).  


 
17 
II. Қодардың жерін өзінің иеленіп алуы. 
III. Бөжеймен араздығы. Бөжей ауылын шабуы (1846 ж). Сондай-ақ қаралы көшті шабуы 
(Бөжей өлген соң). 
IV. Құнанбайды Дәркембайдың (шын аты Әлжан) атпақ болғаны. 
V. Қарқаралыда мешіт салдыруы, Бөжеймен бітісу кезінде Кәмшаттың берілуі, артынан 
қайтыс болуы. 
VI. Құнанбайдың үстінен түскен арыздар, Майырдың қағаздарын өртеп жіберуі. 
VII. Меккеге баруы. 
VIII. Абайдың әкесімен келісе алмауы. 
5. Талданған шығарманың әртүрлі нұсқасы туралы сөз қозғау да, сол туынды негізінде 
жатқан проблема идеяны ашудағы бір тәсіл болып келеді. Мұнда жазушы қолжазбаларының 
барлығын  емес,  ең  басты-басты  деген  мәселелерге  орай  салыстыру  жұмыстарын  жүргізген 
жөн.   
6. 
 Суреткердің  бір  шығармасын  басқа  шығармаларымен  салыстыру  да  ‒  тиімді 
тәсілдердің  бірі.  Мысалы,  Абайдың  табиғат  лирикаларын  алайық. «Жаз»  өлеңінде  ақын 
көшпелі елге жадыраған жаз айының соншама қуаныш, қызық әкелетінін, адамдарды былай 
қойып, тіршілік әлемінің барлығы да жайнап кететінін суреттейді. Ал «Күзді» алайықшы. 
Айналаның барлығы «дымқыл тұман басқан», «сұп-сұр түске енген».  Адаммен бірге табиғат та 
жүдеп тұр («дымқыл тұман» т.с.с.). Оның  себебі не? Көшпелі елге,  кедей  ауылға, әсіресе 
кедейлерге  күз  соншама  қолайсыз,  соншама  көңілсіз.  Абай  табиғат  арқылы  әлеуметтік 
теңсіздікті  көрсетеді.  Ол  осы  жерде  Пушкин  жырлаған  «Алтын  күзді»  де  мысалға  алып, 
салыстыруға болады. 
Күз табиғатын жырлаған екі ақында неге күз екі түрлі суреттелінеді? Абай «Күзінен» 
дірілдеп,  тоңып,  сұр  түске  боялып  шықсаң,  Пушкин  күзінен  неге  алтын  нұрға  оранып 
шығасың? Оның негізі екі халық өмір сүріп отырған қоғам  сипаты, халықтың  әлеуметтік 
жағдайы, еңбегі, тұрмыс жайында жатыр. Отырықшы ел егінін басып, жеміс-жидегін жинап, 
«кәрі құда» қысты қорықпай қарсы алса, көшпелі халық, әсіресе оның кедейі, қыс болмай 
жатып-ақ,  «жалаңаштана»  түседі.  Осы  салыстырулар  Абайдың  табиғат  лирикасының 
негізінде  жатқан  ойын,  көзқарасын  анықтауға  жетелейді,  ақынның  қазақ  поэзиясына 
әкелген  үлкен  жаңалығын  танып-білуге  жол  ашады.  Сондай-ақ  жазушылар  туындысы 
өмір  шындығынан  алынатынын,  сол  шындыққа байланысты бір тақырыптың өзі  әртүрлі 
жырланатынын  байқатады.  Ең  бастысы,  суреткердің  жазу  стилі,  өзіне тән мәнеріне де ой 
жүгіртеді. 
7.  Бірнеше  ақын-жазушы  шығармаларын  салыстыру  да  ‒  әдеби  талдаудың  тиімді 
тәсілі.  Мысалы,  «XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті,  ондағы  әйелдер  теңсіздігінің 
көрінуі»  деген  проблемалық  сұрақ  айналасында  М.Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамалы», 
С.Көбеевтін  «Қалың  малы»,  С.Торайғыровтың  «Қамар  сұлуы»,  С.Дөнентаевтың  «Жәмилә», 
«Еріксіз  Айша»  шығармаларын  салыстыруға  болады.   Тақырып  біреу  болғанмен,  әр 
суреткер  оны  өзіндік  стиль,  мәнермен  көрсетеді,  шешімдері  де,  авторлық  көзқарасы, 
идеяларына  байланысты  әртүрлі.  Мысалы,  Көбеев  Ғайшаны  бақытқа  жеткізеді,  себебі 
роман идеясы – жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру, сол үшін бас кейіпкерлерін үлгі 
етеді. Торайғыровтың Қамары көктей солады, қанша  күрессе де, Нұрымдар әлеміне, ескі 
әдет-салтқа  шамасы  жетпейді.  Жазушы  мақсаты  ‒  сыншыл  реализм  арқылы  қазақтың 
тұрмысын,  қоғамдық-әлеуметтік  құрылысын,  әдет-салтын  сынау,  шындықты  көрсету.  Осы 
суреткерлер  шығармаларындағы  бас  кейіпкерлер  ‒  қыздардың  барлығы  бостандықты 
аңсайды,  махаббатқа,  теңдікке  қол  созады.  Бұл  –  ұқсастық  жақтары.  Ал  олардың 
тағдырларын  жазушылар  әртүрлі  шешеді,  яғни  шығармадағы  мақсаты,  нысанасына 
байланысты. Бұл талдауда да оқушылар көркем шығарма табиғатын, оның негізіндегі автор 
идеясы,  нысанасын,  соған  байланысты  кейіпкерлер  тағдырының  әртүрлі  шешілуін,  әр 
суреткердің  өзіндік  стилін  түсінеді,  әрі  оқушыларды  көркем  туындыны  ғылыми  түрде, 
әдебиеттану  ғылымының  талаптары  тұрғысынан  талдай  білуге  дағдыландырады,  ой-
өрісі, іскерлігін жетілдіреді. 


 
18 
Мұғалім  әдеби  талдау  арқылы  оқушылардың  әртүрлі  реңдегі  эмоциясына,  сезіміне 
әсер  етеді,  ойларына  ой,  пікірлеріне  пікір  қосып,  бүкіл  жан  дүниесін  оятады.  Осы 
мәселелерде  әсіресе,  мәнерлеп  оқу,  көркемдеп  оқудың  маңызы  ерекше.  Мәнерлеп  оқу 
көркем  туындыны  абылдай  білу,  түсіне  білу,  әрі  талдай  білуге  жетелейтін  маңызды  бір 
тәсілі  десек,  артық  айтпаймыз.  Кейде  әсіресе  лириккалық  өлеңдерді  екі  түрлі  мәнерлеп 
оқып,  қайсысы  лирика  негізіндегі  идея,  проблеманы  ашуға  жақын  екендігін  оқушыны 
қатыстыра отырып, анықтауға да болады. Мәнерлеп оқу, ең алдымен, оқушыларды көркем 
туындыны  барлық  бітім-болмысымен  толық  түсіне  білуге  алып  келеді.  Ал  көркем 
туындыны толық түсіне білу, сөз жоқ, әдеби талдауды жеңілдетеді. 
   Көркем шығарма бойына «қан жүгіртіп, жан бітіретін» мәнерлеп оқу болып табылады. 
Әдеби талдау барысында мұғалім  үнемі  мәнерлеп  оқуға  көңіл  бөліп  отыруы  керек.  Әсіресе 
кейіпкерлерге  мінездеме  бергенде,  жазушы  стилі,  көркем  тілі  айналасында  сөз  болғанда, 
қорыта  айтқанда,  бір  мәселеге  ерекше  көңіл  бөле  талдағанда,  оны  мәнерлеп  оқусыз  жүзеге 
асыру  өз  дәрежесінде  болмайды.  Мысалы,  М.Шахановтың  «Отырар  дастаны»  өлеңін  рөлге 
бөліп, мәнерлеп оқу сол шығарма негізінде жатқан автор ойын, нысанасын  аңғарта білуге 
көмек жасайды. Асқақ, паң Шыңғыстың сөзі әрі, әрі ашулы, 6 ай бойы қайдағы бір Отырарды 
ала  алмау  не  сұмдық?!  Оның  сөзі  құр  айғай  емес,  зілді,  мығым,  паң,  асқақ  шығуы  керек. 
Баласына зымиян айла үйретіп жатқан сөздерінде жымысқы, аярлық үн басым. Қайыр хан 
үнінде  «жеңілгендік»  сазы  емес,  қайта  ерлік  сазы,  сенім  сазы  басым  жатыр  (оны  солай  оқу 
керек).  Өкініш  те,  болашаққа  сенім  де  бар.  Көркем  туындыны  мәнерлеп  оқудың  көркем 
туындыны талдауда маңызы зор, ең бастысы, олар оқушының жан-жүрегін оятады, сезімін 
селт  еткізеді.  Ал  бұл  іс-әрекеттердің  барлығы  көркем  туындыны  түсіну,  оны  қабылдауда 
ерекше рөл атқарады. 
Көркем  туындыны  терең  түсіну,  талдауда  әңгімелеудің  де  маңызы  ерекше. 
Әңгімелесу  әдісі,  әсіресе  5-7  сыныптарда  жиі  қолданылады.  Оның  тәжірибеде 
қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: 
1.  Мәтінге жуық әңгімелесу. Мұнда негізгі мәселелердің барлығы көркем туынды 
ізімен әңгімеленеді. 
     2. Ішінара теріп, сұрыптап әңгімелеу. Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушының өзіне 
ұнаған эпизодын немесе бір оқиғасы туралы әңгімелетеді, әсерін айтқызады. 
3. Еркін  әңгімелесу немесе  шығармашылық жолмен әңгімелесу. Бұл әңгімелеу автор 
немесе кейіпкерлер атынан немесе әңгімелеуші атынан жүргізіледі. Мысалы, «Бандыны қуған 
Хамит»  әңгімесіндегі  банды  мен Хамиттің  айқасын  екі  бала  қатар  тұрып,  біреуі  банды, 
біреуі  Хамит  атынан  баяндайды.  Әңгімелеудің  бұл  түрі  өте  қызық,  оқушының 
белсенділігін  әрі  қабілетін,  ізденісін  дамытуға  көп  ықпал  етеді.  Әңгімелеудің  кай  түрі 
болсын, оған мынадай талаптар қойылады: 
1. Мәнерлеп, көркемдеп айту; 
2. Анық, айқын, түсінікті етіп айту; 
3. Тілі жатық болу әрі әдеби тілде айта білу; 
4. Қыстырма сөздер, сөз қайталаушылықтың болмауы; 
5. Асықпау, даңғырламау немесе өте ақырын, баяу айтпау. Керісінше, ширақтылық, 
жинақтылықты талап ету; 
6. Мазмұн жүйесін сақтау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет