38
- Адамдардың іс-әрекеті дұрыс па? Өзің оны қолдайсың
ба?
- Бірінші бөлімдегі қасқырлар іс-әрекеті мен осы бөлімдегі
адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
Үшінші бөлімге мынадай тақырыптар ұсынылады: «Көксерек пен Құрмаш»,
«Көксеректің ұрлығы», «Адамдар және Көксерек», т.с.с.
Талдау сұрақтары:
- Ауыл иттерінен Көксерек кандай зәбір көрді? Оның себебі не?
- Ауыл
адамдары неге оны жек көрді, жазалады? Осы жазаға өзің қалай қарайсың?
-
Неге Көксерек адамдар арасына үйреніп кете алмады?
Төртінші бөлімге «Арлан», «Айқас», «Ұяласымен табысу» т.с.с. ат қойылады.
Талдау сұрақтары:
- Көксеректің Құрмаш ықыласына мойынсұнбау себебі неде деп ойлайсың?
- Табиғатпен айқасына назар аудар.
- Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
- Көксеректің ауылдан кету себебін ойла.
Бесінші бөлімге «Шабуыл», «Қараадыр еліндегі мазасыздық», «Қасқыр кашанда
қасқыр», т.с.с. тақырыптар беруге болады.
Талдау сұрақтары:
-
Қос қасқырдың Қараадыр еліне істеген жауыздықтарын сарапта. Әсіресе,
Көксерек қаталдығы, тағылығын қалай түсіндірер едің?
-
Қасқырлар іс-әрекеті, ойынына назар аудар...Табиғаттағы тағылар
тіршілігі әңгімеде қалай берілген?
-
Адамдар шабуылы, Көксеректің жалғыз қалуы.
Алтыншы бөлімге «Құтырған Көксерек», «Тағы да
шабуыл», «Бітіспес өшпенділік», «Жауыздық», «Құрмаштың өлімі» деген аттар қоюға
болады.
Талдау сұрақтары:
- Көксеректің ауылға үздіксіз шабуылын әңгімеле.
- Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?
-
Мына бір сөздің мағынасын калай түсінесің: «Көксеректе қазірде бұрын
ешқашан білінбеген долылық бар, жойқындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі
осыдан -екі аяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді» (144-бет).
- Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі не? Қалай
ойлайсың, жазушы осы арқылы не айтпақ болған?
- Өзің сонша бағып, мәпелеген Құрмашты танымай,Көксеректің жауыздық істеген
себебін қалай түсіндірер едің? Жазушы ойы не?
Бұл сұрақтар әңгіме мазмұнын, әрі әңгіменің көтерген басты-басты
проблемасын ашу
мақсатында қойылады. Әңгіменің алғашқы бетінен-ақ жазушы көтерген мәселелерге окушылар
назарын осылай аударта отырып, қорытынды пікір, қорытынды талдауды мынандай
сұрақтармен жүргізуге болады:
1. Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған? Жазушы ойын қалай түсіндірер едің?
2. Қалай ойлайсың, әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?
3. Әңгімедегі бас кейіпкерлер кімдер? Құрмаш па, ауыл адамдары ма? Әлде Көксерек,
Аққасқалар ма?
4.
Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде
табиғаттың қатаң заңы, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?
Достарыңызбен бөлісу: