Ќанипа Бітібаева


КӨРКЕМ ТУЫНДЫНЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРАЙ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет30/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   182
 
КӨРКЕМ ТУЫНДЫНЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРАЙ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ 


 
39 
Образдар жүйесіне талдау - талдаудың мектеп тәжірибесінде  дәстүрге  айналған  өте 
көп  тараған  түрі.  5-8-сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық 
талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан  тыс  қалдыра  алмайды.  Мысалы, 
«Бақтығұл  Жарасбайдың тілін  алмауы керек  еді»,  «Ұрлыққа  барғаны дұрыс  емес» немесе 
«Хамит  бандыны  байқау  керек  еді,  аңғалданып  жүріп,  қолға  түсе  жаздады»  дегендей, 
кейіпкердің  ұнаған,  ұнамаған  іс-әрекеттеріне  назар  аударады.  образды  талдау  олардың 
осындай  эмоциялык  қабылдаулары  бір  арнаға,  жүйеге  бұрады.  Автордың  идеялық 
проблематикасы, көркем шығарма негізіндегі терең ойы көбіне осы кейіпкерлер іс-әрекеті 
арқылы  берілетінін  түсіндіреді.  Дегенмен,  образдық  талдауда  тәжірибеде  кемшіліктер  де 
орын алып отыр. Кейіпкерді ұнамсыз, ұнамды (жағымды, жағымсыз деп те жүрміз) топтарға 
бөліп  талдау  оншалықты  тиімді  емес.  Мысалы  (жоғарыда  сөз  еттік),  «Абай  жолындағы» 
Құнанбайды алайықшы. Ол - ұнамсыз тип. Бірақ талдау кезінде Құнанбайдың жағымсыз іс-
әрекетін  үнемі  тере  беру  дұрыс  па?  Оның  ұстамдылығы,  ақылы,  керек  десеңіз,  қайсарлығы 
туралы неге дұрыс пікір айтпасқа? Эпопеяда Құнанбай жан-жақты суреттелінеді, оны ұмытуға 
бола  ма?  Немесе,  Бөжейді  алайық,  балалар  оны  көбіне  ұнамдылар  қатарына қосады, дәлел 
ретінде Құнанбайлардан көрген зәбірін, Абайдың оны іш тартатынын, Ұлжанның «жақсының 
көзі» деп есептейтінін мысалға келтіреді. Ал шынында сол Бөжей күллі халық үшін, не өнер-
білім үшін атқа мініп жүр ме?.. Құнанбай айтқандай, «аяқтағы суға ағып өлетін» іс-қылықтың 
да адамы емес пе? Сәби Кәмшатты күтімсіздікпен өлтіртуде оның кінәсы жоқ па?» Сондай-ақ 
Ділдә, Айғыздарды да оқушылар бірден ұнамсыздарға  қосады. Ал тереңірек қарастырсақ, 
осы екі әйелде заман трагедиясы, заман әділетсіздігі, әйел халқына деген сахараның қатал 
заңының қарғыс таңбасы жатыр емес пе? Екеуі де қандай ер, қандай кеуделі, «текті» жерден 
шықса да, көп әйелдің, көп күндестің бірі емес пе?! Бұдан шығатын қорытынды: кейіпкерлерді 
«ұнамды»,  «ұнамсыз»  деп,  бөліп  тастап,  талдамай,  кейіпкерлердің  бүкіл  бітім-болмысын 
тұтастай қарастырып, әділ баға бере білу керек.     Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма 
негізіндегі басты проблема - образдық талдауда ерекше назарға алатын мәселелер. Мысалы, 
Құнанбай бейнесі арқылы автор XIX ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, 
оның  бас  өкілін  сомдайды.  Бұл  образды  жасаудағы  автор  мақсаты  да  сол.  Құнанбай  іс-
әрекеттері,  оның  әр  түрлі  қылықтары  сол  қоғам  сипаты  дәрежесінде  көрсетіледі.  Олай 
болса,  талдауда  осы  мәселелер  еске  алынуы  керек.  Образдық  талдау  жүйесінде  де 
мұғалім  көркем  шығарманы  тұтастай  қарастырып, оның  барлық компоненттерін (тақырып, 
идеясы, образдар жүйесі, идеялық-эстетикалық табысын) бірлікте  ала  отырып, талдауды 
басшылыққа алады. Бірақ соның барлығы образдар жүйесін талдау арқылы жүзеге асады. 
Мысалы,      11-сыныпта  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясын  образдық  талдау  жүйесі 
төмендегідей болып келеді: 
1-с  а  б  а  қ.  «Абай  жолы»  эпопеясының  жазылу  тарихы,  «Абай  жолы»  деп  аталу 
себебі. Эпопея туралы әдеби-теориялық түсінік. 
2-с а б а қ «Шыңға шыққан жас шынар». 1,2-кітаптар бойынша Абай бейнесі. Абай 
және  феодалдық  қоғам.  Феодалдық  коғаммен  бетпе-бет.  Сахарада,  оның  қатал 
заңымен күресе отырып, көктеп келе жатқан прогрестің көрінуі. 
3-с а б а қ. «Атаның емес, Адам ұлымын!» 3,4-кітаптар бойынша Абай бейнесі. Абай, 
халық және феодалдық қоғам. Абай жолы - халық жолы, халыққа қызмет істейтін жол. 
Ол  жол  -  адалдық,  имандылық,  өнер-білім,  жаңалық,  бостандык,  гуманизм  жолы. 
Абай бейнесін жасаудағы жазушының идеялық, эстетикалық табысы. 
4-с  а  б  а  қ.  «Адамның  емес,  Ата  ұлдары».  Құнанбайлар  әлемі.  Феодалдық  қоғам  - 
Абай және Құнанбайлар. Әкелер мен балалар проблемасы. Құнанбай және XIX ғ. екінші 
жартысындағы  феодалдық  қоғам,  оның  басты  өкілі  Құнанбай  бейнесімен  қоса, 
Оразбай, Тәкежан, Майбасарларды сөз ету. Бір Құнанбай емес, оның тобын, әлемін сөз 
ету,  оларды  Абай  айналасында  қарастыру.  Құнанбайлар  әлемін  жасаудағы  жазушы 
шеберлігі, табысы. 


 
40 
5-с а б а қ. «Атасының қорлығы қосқандар». Феодалдық коғам, Абай және 
Дәркембайлар... 
а) 
 Кедей жатақ көсемдері: Дәркембай, Дәндібайлар. 
ә) Бай есігіндегі құл-құтан, малшы-жалшылар: Иса, Байтұяқтар. 
б) 
Дала қырандары: Базаралы, Балағаздар. 
в) Қала кедейлері - ер жігіттер: Сейіт, Сейілдер.  Абай және халық - 
Кедейлер бейнесі арқылы жазушының халық бейнесін жасауы, халық 
тұрмысын көрсетуі. Абай - демократ. 
6-с а б а қ. «Көзімнің карасы». Феодалдық коғам және әйелдер. 
а) 
«Қарашығым - қоңыр козым». Абайдың аналары: Зере мен Ұлжан. 
ә) «Айттым сәлем, Қаламқас». Абайдың сүйіктілері: Тоғжан, Әйгерім бейнелері. 
б) 
«Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ...» Мәкен, Мағрипа, Еркежандар... 
в)  «Қапастағы еркелер»... Салтанат, Еркежандар. 
г)  «Жолыңа жаным құрбан»... Керімбала, Үмітейлер. 
д)  «Күндестің аты да күндес». Ділдә, Айғыздар. 
ж) «...Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем, көзім шықсын...» Қаражан, 
Мәнікелер. 
Әйелдер бейнесі аркылы гуманист Абайдың көрінуі. Эпопеяда әйелдер теңсіздігінің 
берілуі.  Аналар  мен  балалар  проблемасы.  Әйелдер  бейнесін  берудегі  жазушының 
идеялық, эстетикалық нысанасы, көркем тілі. 
7-с а б а қ. «... Гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қонар ма?» 
Абай, феодалдық қоғам және жас қауым. 
 
а) «... Бақытым осы балам»... Әбіш, Мағауия бейнесі.        
ә)  «Жаңа  дәуірдің  жаңа  жыршысы...»  Шұбарлар  әлемі.  Жастар  бейнесі  арқылы 
жазушы  сахараға  Абай  сепкен  өнер-білім,  гуманизм  ұрығының  көктей  өсіп  келе 
жатқандығын, Абай ақындығының үлгісін, тәрбиелі шәкірттерінің пайда бола бастауын, кең 
сахарада болашақ бақытты заман ұрпағының кең қанат жайып, жайқалып келе жатқанын 
көрсетеді. Абай - аға, ұстаз, жастар қамқоры, тәрбиешісі.  
8-с а б а қ. «Өмірге көзімді ашқан»... Абайдың орыс достары: Михайлов, Павловтар 
бейнесі. Абай - интернационалист. Абайдың орыс достары  -  казақ халкының  да достары. 
Мәдениетті,  білімді,  ізгі  ниетті  достар.  Олардың  бойында  орыс  халкының  ең  тамаша  деген 
мінез-құлқы, қасиеттерінің жинақталуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет