Анықтамалар Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) – бұл адамдарға немесе жануарлар тобына қасақана бағытталып жасалатын әрекет. Агрессивтілік



бет9/9
Дата25.05.2023
өлшемі102,13 Kb.
#97540
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сызба 3 - Л. Берковиц бойынша агрессия механизмі
Әртүрлі стимул Агрессивті
(мысалы, фрустрация, іс-әрекетке Агрессивті мінез-құлық
ауырлық, дискомфорт) дайындық
+
Агрессияға жолдамалар
Агрессивті балалардың агрессивті емес балалардан айырмашылығы – олардың мінез-құлқының уақытындағы баламасы бөлек болады. Әрекеттің нәтижесі жағымсыз із қалдырса, агрессия өмірде өз орнын алады. Адамдарда агрессияның пайда болуы әртүрлі және өмір бойы тоқтамайды. Ағылшын зерттеушілері агрессия жайлы мынадай қорытындыларға келді. Агрессияға сыртқы жүріс-тұрысына, іс-әрекетіне қарап талдау жасауға болмайды. Мысалы: адам біреуді ұрып жатса оған агрессивті әрекет жасап жатыр деп қарауға болмайды. Дж. Каган агрессивтілікті талдау үшін сол адамның мотивациясын білуіміз қажет дейді [39 бойынша].
Агрессия мәселесі жылдан-жылға зерттеушілердің назарын алаңдатады. Агрессияның көрініс беруінің күші, бағыттылығы және ұзақтығы психологиялық, физиологиялық, сонымен қатар жағдайлық факторлардың толық спектіріне тәуелді [12]. Агрессивтіліктің күрделі мәселесіне көз жұмып қарауға болмайды.
Психологиялық әдебиеттің қайсысында болмасын жеке адамның психологиялық құбылысын көрсетуде, оны зерттеуде сол құбылысты қалаптастырып тұрған негізгі түрткілерді анықтаймыз. Яғни, сол адамның өзіне тән психикасының негізгі әрекеті құбылып, өзгеріп, жетіліп отыру себебін ашамыз. Ендеше, сол түрткілер жеке адамның қызығушылығын, қажеттілігін, мүмкіншілігін, мақсатын белгілуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, мотивацияның негізгі факторы – қажеттілік туындайды. Оны анықтау оған деген құштарлық, мұқтаждық, белгілі мақсатты көздеуге, оны жүзеге асыруға, итермелеп отырады. Адамның әрекет қозғалысының негізгі түрткісі психологиялық ұғымның ішіндегі ең негізгісі, оның барлық мақсаты көздеген іс-әрекетінің көрсеткіші болып есептеледі. Кейбір психологтар мотивация адамның мотивін анықтайтын және түсіндіретін кілті деп көрсетеді. Д. Ньюттен келесідей мысал келтіреді: оқу, еңбек үстіндегі әрекеттер түрлі себептерден өзгеріске ұшырап отырады. Мотивация ұғымы кейде кең, кейде тар мағынада өріс алады. Сөйтіп, мотивация ұғымы психологияда екі мағынаны қамтитын түсінік дейді. Біріншісі, жүріс-тұрысты анықтайтын факторлар жүйесі. Мазмұны: қажеттілік, түрткі, ниет, қызығушылық, талап. Екіншісі, белгілі деңгейдегі жеке жүріс-тұрыс белсенділігін демеп отыратын үрдіс сипаттамасы ретінде. Бұл екі мазмұндық белгілердің негізгі көрсеткіші қажеттілік. Қажеттіліктер – адам тұлғасын, толығымен алғанда қоғамның өмір іс-әрекетін және дамуын қолдау үшін объективтік қажеттігіне зәрулік [40, 65 б.].
Қажеттілік сапасы мен санасы оны ұйымдастыру деңгейінде өмір сүру жағдайына байланысты қалыптасады. Осыған орай сапалық күш-жігер, қажеттіліктің пайда болу кезеңі және қанағаттану тәсілі анықталады. Мотивацияның екінші көрсеткіші түрткі қажеттілігі, ерекшелігі ол адамға ғана тән құбылыс. А.Н. Леонтьев бойынша, түрткі адамның өзекті қажеттілігін өтеуге бағытталып, оның қанағаттануымен және оны жүйелеп отырады [41 бойынша, 167-172 б.]. Мұнымен қатар қажеттіліктердің өзі түрткі бола алмайды. Себебі, бағыттылық және мақсат көздеушілік, ақылдылық негізгі түрткілер. Олар тек қажеттілік заты ғана бола алады. Сондықтан мотивация толық көрініс беру үшін – қажеттілік мотиві және мақсат сияқты факторлар болуы қажет. Қажеттіліктер – адамда немесе жануарда қалыпты өмір сүруге және дамуында жетіспейтін белгілі жағдайдағы мұқтаждық күйі.
Ағзаның эволюциялық дамуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктердің негізгі сипаттамалары: күш; пайда болу жиілігі; қанағаттандыру тәсілдері.
Қажеттіліктер органикалық, материалдық, әлеуметтік және рухани түрінде болады. Адамдардың рухани қызығушылықтары мен талаптарын жетілдіру үшін қоғам қарама-қайшы құбылыстармен белсенді күресуі тиіс. Әлеуметтендірудің қиын кезеңінде тұлға өзінің өмірлік бағдарларын жоғалтады, жалпыадамгершілік рухани құндылықтардан адасады, өзінің қажеттілігімен және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында басқа адамдарға агрессивті мінез-құлық көрсетеді.
Мұндай әрекеттерді салыстыра келе, Т. Гоббс былай деп жазады: «адам адамға – қасқыр». Адамдардың мұндай болмысымен, яғни агрессиямен күресуге бола ма? Мұндай феномен өз алдына нені көрсетеді және оны қажеттілік деп санауға бола ма (көптеген зерттеушілер солай санайды)? Биологиялық жағынан агрессия жануарлардың прогрессивті дамуының маңызды факторы, демек адамға қатысы бар (бұл жөнінде социобиологтар, этологтар, зоопсихологтар және т.б. жазған) [42, 38-39 б.]. Бірақта, агрессивті мінез-құлықты, адамзаттық агрессияны - Home sapiens қалай талдауға болады? Саналы адам! Агрессия және агрессивті мінез-құлық феноменін қарастыру өте күрделі. Көптеген ұстанымдар, көзқарастар, әлі де шешілмеген сұрақтар да бар. Жоғарыда айтылып кеткендей, агрессивті әрекеттер жасалатын мотивтерге байланысты. Яғни, адамға не нәрсе күшті әсер етеді, ол қандай затқа көп күш жұмсайды? Ал, мотивация – адамның психикалық өмірінің қоздырғыш негізі. Оның жүріс-тұрыстағы белсенділік деңгейін, бағыттылығын және бастамасын анықтайтын психологиялық мінез-құлық себептерінің бірлестігі болып табылады. Ол өзіне адамда болатын қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, мақсаттарды, ұмтылыстарды, ниеттерді, сонымен қатар сыртқы факторларды (стимулдар) кіргізеді. Мотивация жүріс-тұрыстың нақты әрекеттерінің өзгеруіне себеп болады. Психологиялық тұрғыдан мотивация мінез-құлықтың ішкі және сыртқы факторларының өзара әрекеті деп бейнелеуге мүмкіндік береді [43, 14 б.].
Мотив - адамның жүріс-тұрысының және іс-әрекетінің ішкі психологиялық сипаттамасы. Мотив қажеттіліктің нақты пәні, ол адамның іс-әрекетін оятады және іс-әрекетті бақылайды. Мотив әртүрлі әрекет жасауға итермелейді және мақсат арқылы іс-әрекетті тудырады. Іс-әрекетті орындау жолында жаңа мотивтер мен қажеттіліктер үнемі туындап отырады. Ол қажеттіліктерді қанағаттандырумен тығыз байланысты іс-әрекетке деген ұмтылыс. Субъектінің белсенділігін көрсететін және оның бағытын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттар бірлестігі. Мотивация мәселесі шетел, сонымен қатар кеңес психологиясында да өзекті болып табылады. Аталған мәселенің өзекті болуының екі себебін атап кететін болсақ: біріншісі, психологиялық зерттеулер тәжірибесі көрсеткендей адамның шынайы мінез-құлығын зерттеу үшін мінез-құлықтың заңдылықтарын, әсіресе олардың пайда болуы мен жүзеге асуын зерттеу қажет; екіншісі, адамның ішкі мотивациялық дамуы [44].
Кеңес психологтарының еңбектерінде қазіргі кезде мотивация мәселесіндегі бастапқы позицияларды нақтылауға, сонымен қатар әрі қарай тереңірек, ауқымдырақ зерттеуге негіз бола алатын мәліметтер жинақталған. Олардың жүргізген көптеген зерттеулері іс-әрекет мотиві мәселесіне, соның ішінде оқу іс-әрекетінің мотивациясына арналды. Мысалы. Л.И. Божович және оның ізбасарлары бірнеше жылдар бойы оқушылардың мотивін зерттеді. Тұлға бағыттылығын талдауда оқу іс-әрекетінің өзі тудыратын білім алудың көптеген әлеуметтік мотивтерін атап көрсетті. Оқушылардың оқуға деген қатынасын зерттей келе, Л.И. Божович осы қатынастың психикалық негізін ашатын оқушының оқу іс-әрекетін анықтайтын мотивтер жиынтығы екенін анықтады. Ол тұлғаның қалыптасу мәселесі ең алдымен негізі жағынан әлеуметтік, ал мазмұны жағынан өнегелі болып келетін жүріс-тұрыс мотивтерінің қалыптасуымен негізделеді деген қорытындыға келді.
Л.И. Божович және оның әріптестері мотивті тұлғаның ішкі позициясы деп түсіндірді. Адамдар мен жануарлардың жүріс-тұрысының қозуына не себеп болатыны туралы мәселеге көптеген теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілген [45].
Гештальт психологияда бейне категориясы қалай қарастырылса, К. Левиннің «Өріс теориясында» мотив жан-жақты қарастырылады. К. Левин мінез-құлықты белгілі бір уақыт пен кеңістікке деген адамның қарым-қатынасы арқылы түсіндірді. Ол «ағза – орта» жүйесін қарастыра отырып, мотив туралы ғылымның дамуында үлкен алға ұмтылыс жасады. Д.К. Маккеландтың теориясында мотивтер адамның онтогенездік дамуында пайда болып, қалыптасты. Мұнда мотив «белгілі бір мақсатты қалыпқа жетуге ұмтылыс» деп түсіндіріледі. Жетістікке ұмтылу мотиві адам мінез-құлығының дамуының ең алғашқы себепшісі деп қарастырылады.
Мінез-құлық дегенді өмірдің материалдық, интеллектуалдық және әлеуметтік салалардағы адамның қабілеті деп түсіндіреді. Адамның тәні туылғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді [46, 82 б.].
Г. Олпорт өзінің «Тұлға» атты еңбегінде адам мотивациясына тұлғалық тұрғыдан келуді ұсынды. Тұлғаның өзін-өзі өзектендіру теориясында ол мотивацияны адамның мінез-құлығының бұзылуының алғашқы себепшісі деп қарастырды. Кейбір ойланбастан жасалатын мотивтердің себебінен қоршаған ортаға зиян келетінін айта келіп, Г. Аммон агрессияның жіктелуін бірнеше түрлерге бөліп тұжырымдайды: конструктивтік агрессия; дифференцияланған агрессия; деструктивтік агрессия [47 бойынша]. Э. Даффидің мотивация теориясында мінез-құлық тұлғаның бағыттылығы мен интенсивтілігі арқылы суреттелген. Мотивацияны анықтауда алдымен белсендіру мен бағыттылығын анықтау қажет. Д. Берлайн мотивацияның күрделі жүйесін ойлап тапты, теория бойынша қажеттілік ағза жауаптарын білдіреді деп есептейді. И. Аткинсон мен К. Берчтың мотивация теориясында Аткинсон мотивацияның бірнеше «тілін» көрсетеді. Эксперименталды, нейрофизиологиялық, мінез-құлықтық, математикалық. К. Левин және Э. Толмен көзқарастарын негізге ала отырып, Аткинсон мінез-құлық біріншіден, бір нәрсені күту, екіншіден, мотивке айналатын құндылық деп қарастырды. А. Маслоудың мотивация теориясында индивидтің үздіксіз дамуға талпынысы басты мотив ретінде қарастырылады [48].
Ал мотивтерді қажеттіліктер анықтайды, ал олар бірнеше деңгейден тұрады: биологиялықтан өзін-өзі өзектендіруге дейін. Жүріс-тұрыс қажеттіліктер мен қабілеттерге тәуелді, ішкі және сыртқы мотивтермен анықталып отырады. А. Маслоу және басқа да гуманистік бағытты ұстанатын психологтар, адам табиғатының туа берілетін жағымды потенциялын және конструктивті өсуін анықтап қана қоймай, сонымен бірге олар қоршаған ортаның жағымды жағдайларына байланысты бұл потенциалдардың жүзеге асатынына сенімді болған.
Сонымен қатар олар адамдар кейде өздерінің жетілуіне кедергі жасайтын түрлі жағдайларға тәуелді болатындарын болжаған екен. А. Маслоудың есептеуінше, адамдар өздерінің жеке мақсаттарын іздеуге мотивацияланады. А. Маслоу адам қажеттіліктерінің туа пайда болатынын және олардың доминанттылығы бойынша иерархиялық жүйеге ұйымдастырылғанын тұжырымдаған. Өзінің реті бойынша қажеттіліктер келесідей орналасқан:
- физиологиялық қажеттіліктер;
- қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктері;
- махаббат қажеттіліктері;
- өзі-өзін құрметтеу қажеттіліктері;
- өзі-өзін өзектендіру немесе өзі-өзін жетілдіру қажеттіліктері.
Бұл орналасу бойынша доминантты қажеттіліктер ең астында орналасқан. Жоғары орналасқан қажеттіліктердің пайда болып, оларды қанағаттандыру үшін ең алдымен астында орналасқан қажеттіліктер қанағаттандырылуы тиіс. А. Маслоу бойынша негізгі қажеттіліктердің осылайша иерархияда орналасуы адамның мотивациясын ұйымдастыру негізіне жататын басты принцип болып табылады. Бұл иерархия барлық адамдарға тән, иерархияда адам неғұрлым жоғары көтеріле алса, соғұрлым көп даралылықты, адамдық қасиеттерді және психикалық денсаулықты көрсете алады.
Маслоу мотивтердің осылай иерархиялық орналасуынан ерекшеліктер де болатынын ұйғарады. Ол кейбір шығармашылық адамдардың күрделі қиындықтар мен әлеуметтік мәселелерге қарамастан өзінің дарындылығын дамытып көрсетуін мойындаған.
Қажеттіліктер иерархиясы тұжырымдамасындағы негізгі жайт қажеттіліктер ешқашанда «бәрі немесе ештеңе» ұстанымы бойынша қанағаттандырылмайды. Қажеттіліктер кейде сәйкес келеді де, адам бір уақытта екі және одан да көп деңгейде мотивациялануы мүмкін. А. Маслоу мынадай тұжырым жасады, орташа адам өзінің қажеттіліктерін келесідей қанағаттандырады: 85% – физиологиялық, 70% – қорғаныс пен қауіпсіздік, 50% – махаббат, 40% – өзі-өзін құрметтеу және 10% - өзі-өзін өзектендіру [48, 108-106 б].
Енді А. Маслоудың қажеттіліктер категорияларын қарастырып, әрқайсысына не жататындығын анықтайық.
Физиологиялық қажеттіліктер. Адамдық қажеттіліктердің ең маңыздысы, негізгісі және шұғыл болатындары физикалық өмір сүру үшін маңыздылары. Бұл топқа келесілер кіреді: суға, тамаққа, ауаға, физикалық белсенділікке, сенсорлы стимуляцияға, ұйықтауға қажеттілік. Бұл физиологиялық қажеттіліктер адамның биологиялық өмір сүруімен тығыз байланысты және жоғары орналасқан қажеттіліктер өзектіге айналуы үшін физиологиялық қажеттіліктер белгілі бір минималды деңгейде қанағаттандырылуы қажет.
Қорғаныс пен қауіпсіздік қажеттіліктері. Физиологиялық қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда адам үшін басқа да қажеттіліктер маңызды болады. Бұл топтағы қажеттіліктерге келесілер жатады: ұйымдастырушылыққа, қалыптылыққа, заң мен тәртіпке, аурулар, қорқыныш және хаос сияқты қауіпті күштерден тәуелсіздікке деген қажеттіліктер. Яғни бұл қажеттіліктер ұзақ мерзімді өмір сүруге қызығушылықты бейнелейді.
Махаббат қажеттіліктері. Маслоу пирамидасындағы үшінші қатарда махаббатқа деген қажеттіліктер орналасқан. Бұл қажеттіліктер пирамида бойынша астыңғы екі сатыда орналасқан қажеттіліктер қанағаттандаралған жағдайда өзектіге айналады. Бұл деңгейде адам өзгелермен, өз тобында немесе жанұяға байланысты қарым-қатынасты орнатуға ұмтылады. Яғни, адам жалғыздықты, достық пен махаббат сезімдерінің жоқ болуын терең сезеді.
Өзі-өзін құрметтеу қажеттіліктері. Махаббатқа деген қажеттіліктері белгілі бір деңгейде қанағаттандырылғанда, оның жүріс-тұрысқа әсері азаяды. Сонда өзін-өзі құрметтеуге қажеттіліктер пайда болады. Маслоу оларды екі негізгі типке бөлген: өзін-өзі құрметтеу және басқалардың құрметтеуі. Біріншіге, компетенттілік, жетістіктер, сенімділік, тәуелсіздік және бостандық сияқты түсініктер жатады. Екіншісіне, өсу, атақ-даңқ, статус, баға және қабылдау сияқты түсініктер кіреді. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру өзіне сенімділік, абырой, намыс және өмірге қажетті екенін білдіретін сезімдерді туғызады. Ал бұл қажеттіліктерінің фрустрациясы қарама-қарсы сезімдерді туғызады.
Өзі-өзін өзектендіру қажеттіліктері. Жоғарыда аталған қажеттіліктер жеткілікті мөлшерде қанағаттандырылатын болса, адамда өзекті қажеттілікке өзін-өзі өзектендіру қажеттіліктеріне айналады. Осы жоғарғы деңгейге жеткен адам өзінің дарындылығының, қабілеттерінің және тұлғалық потенциалының толық қолдануына қол жеткізеді. Иерархияның осы сатысында адамдар бір бірінен қатты ерекшеленеді.
А.Г. Амбрумова, Е.Г. Трайнинаның зерттеулерінде агрессивтік реакциялардың интенсивтілігі мен дәлме-дәл еместігі бұған дейінгі тәжірибеге, мәдени нормалар мен стандарттарға, жүйке жүйесінің реактивтілігіне, жүйке үрдістерінің күші мен тепе-теңдігіне, агрессияны тудыра алатын әртүрлі тітіркендіргіштерді қабылдауға және интерпретациялауға тәуелді делінген [49 бойынша].
Агрессия түсінігіне әртүрлі авторлар түрліше анықтама береді. Бірақ олардың біреуі ғана анықтаушы және жалпы қолданыстық болып табылады. Бұл ұғымнан келесі талдауларды бөліп шығаруға болады:
- агрессияда адамның өзін анықтауға деген күшті белсенділігін көруге болады;
- агрессияда басқа адамдарды өзіне бағындыруға деген ұмтылыс немесе объектіні игеру көрінеді. Егер ол адам одан лидерлікке ұмтылса, ол адамды агрессивті деп бағалайды;
- агрессивтілікте өшпенділік актісі көрінеді. Іс-әрекетті бұзушы және бір адамға немесе объектіге деген қастандық әрекеті [50, 30-33 б.].
Көптеген авторлар агрессия ұғымын жүріс-тұрыстың арнайы формасы және жеке адамның психикалық қасиеті ретінде қарайды. Агрессивтілік адамның психологиялық құрылымындағы күрделі құрылысы бар компонент болып табылады. Агрессияға анықтама берген уақытта оның пайда болуын объективті байқауы мен өлшемдеріне байланысты жүріс-тұрыс актісінде көрінеді. Мысалы: А. Басс агрессияны реакция деп қарастырды. Нәтижесінде басқа ағза стимул алады. Адамның тәуелсіздігін азайтады немесе басқа адамның генетикалық бейімділігін жоғарылатады. Осыдан барып психологтардың ойынша адам мен жануардың бастапқыда қалыптасқан жүріс-тұрысына байланысты болады. Басқа анықтамалар жалған сипаттамалар береді. Адамға өте қажет жағдайда агрессия пайда болады А.Б. Федоршин (1985) [51]. П. Дант және К. Роджерс (1983-1989) өзіндік сана-сезімнің дифференциалды теориясының негізін құрастырған [52, 58-65 б.]. А. Басс агрессивті мінез-құлықтың күшіне байланысты үш факторды көрсетеді:
1. Жағдайдың жиілігінен бөлшектенуі, бұл жерде фрустрацияны ашуға дайын болады. Ашу стимулдарын алған индивидтер агрессивті әрекеттер алады.
2. Агрессия жолымен жетістікке жету. А. Басс ойынша күшті шабуыл жасаушы дағдымен жету болып табылады. Ашудың тез әлсіреуі және сыртқы кедергіні алып тастау немесе марапаттау жетістігі.
3. Мәдениет және субмәдениетті норма адамды қалыптастыратын рудағы адамда дамып келе жатқан агрессияны алып тастауға мүмкіншілік жасау немесе жеңілдету [17 бойынша]. А. Басстың айтуы бойынша, бөлек басқа түрдегі агрессия арасындағы айырмашылықты білуіміз қажет деп, агрессивті жүріс-тұрысты жіктеген уақытта оны дихтомия бойынша көрсетті:
1. Физикалық белсенді – түзу. Адамға суық қару қолдану, отты қарудың көмегімен ату немесе жарақат салу.
2. Физикалық белсенді – түзу емес. Өтірік әрекет ұйымдастыру, дұшпанды құрту үшін жалдамалы қылмыскер ұстау.
3. Физикалық енжар – түзу. Басқа адамның қалаған мақсатына физикалық жағынан кедергі жасау немесе қалаған іс-әрекетімен айналысу.
4. Физикалық енжар – түзу емес. Қажет тапсырманы орындауға қарсылық жасау мысалы территорияны босатпау. Бұл дихтомияны қазіргі уақытта көптеген психологтар қолданады. Негізгі жетістік болып, А. Басстың дифференциялық агрессиясы және өшпенділік туралы ойларын айтуы болады [53]. Өшпенділік – ашулану, ренжу және күдіктену сезімдерімен көрінеді. Өшпенді жеке адам міндетті түрде агрессивті болмайды, керісінше де болуы мүмкін. С. Фишбах агрессия түрлері арасындағы мынадай айырмашылықты көрді. Агрессивтіліктің генезисі туралы сұрақ біз үшін өте күрделі, шығу тегінде биологиялық және әлеуметтік факторлар рөл ойнайды. Осымен байланысты А.А. Налчаджян агрессияның келесі қиялдық функцияларын қарастырады: а) тұлға өзінің қандай фрустрациялық жағдайда болғандығын толығымен көрсетуге ұмтылуы; ә) фрустратор көмегімен кек қайтаруға деген әдістер; б) ұзақ уақыттағы фрустрацияның болмауы немесе оның қиындығын көрсететін агрессия объектісінің ауысуы; в) өзінің іс-әрекеті мен мүмкін болатын іздерін көру [54].
З. Фрейдтің көзқарасы бойынша, агрессивтілік туа пайда болған мінезбен бірге пайда болады. Өлімге деген елігу адамның өзін бұзады және агрессияны оятатын механизм болып табылады. Туа біткен агрессия теориясында психологиялық жағынан құрастырған З. Фрейд поэзиясы болып табылады. Р. Бэрон адамның алғашқы қажеттілігі агрессияға, шабуылға шығу жағдайын іздестіру адамға зиян алып келеді дейді. Адам көптеген жануарлар әлеміндегі инстинкті агрессияны игерген түрі болып табылады. Мысалы, жасөспірімдер ең алғашқы кезде маймыл, тышқан немесе кесірткенің әрекетін көрсетеді. Бұл жерде тек психологтар, философтар, заңгерлер ғана емес, биолог, генетиктер де адамның агрессивті табиғатын анық көрсеткісі келген.
Ч. Дарвин белгілі реакциялар және дағдылар адамның туа пайда болған механизмдерінде қалыптасады, бірақ олардың көптеген жүріс-тұрысы нормамен байланысты. Р. Мертон «Әлеуметтік құрылым және аномия» деген еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы әр алуан ауытқулардың түрлерімен [55 бойынша]. Құрылымдық агрессия – мақсатқа жету жетістігіне бағытталған, бұл жердегі әрекет жарақат салу мақсатымен байланысты болмайды. Бірақ та одан қашып кете алмайсың. Кейде «агрессивтілік» түсінігінің «кикілжіңдік» түсінігімен синоним ретінде қолданылады. Бұндай аралас түсініктер тектен-тек емес, зерттеулер көрсеткендей агрессивтілік және конфликтілік арасында корреляциялық байланыстың бар екендігі анықталды (ренжігіштік, шыдамсыздық, тез өзгергіштік, т.б.).
Бұл стратегияны қолдану қандай да бір күрделілікпен байланысты: кикілжің кезінде ересектердің болмауы; әлсіз болып көрінудегі қорқыныш; ренжіген жақтан келетін жауап әрекетінен қорқу [56, 29-30 б.]. Агрессияны тура және жанама деп екіге бөлеміз. Тура агрессия құрбандыққа қарсы бағытталған болады, ал жанама агрессияда құрбандық қатыспайды, ол оған қарай шоқып тиісу күшейе бастайды немесе агрессия сол құрбандықтардың өзіне бағытталмаған болады.
Агрессия мәселесі психологияда ғана емес, басқа да ғылымдарда арнайы әдістер жүйесімен қарастырылады.
ХХ ғасырдың философы Бертран Рассел махаббат және жеккөрушілік арасындағы айырмашылық мәселесі тек психологияға ғана қатысы бар екендігін байқаған. Бұл оймен де толық келісуге болады. Қазіргі уақытқа дейін адамның агрессивті мінез-құлқының табиғаты мен механизмдерін зерттеуде психология ғылымында ғана айтарлықтай нәтижелер алынды деп объективті түрде тұжырымдауға болады. Бірақ та бұл қызық та және күрделі аумақтағы әлі де шешілмеген мәселелер жетерлік. Р. Бэрон (R. Beron, 1994) тірі жандарға зиян келтіру әрекетін агрессивтілік сапасы ретінде қарастыруды атап кетті [57 бойынша, 216-217 б.]. Әрбір тұлға қоғамдық-тарихи тәжірибелерді, қатынастарды игеру жағдайында қалыптасады. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи тәжірибенің объектісі және субъектісі ретінде көрініс береді [58, 27-28 б.]. Сондай-ақ, агрессивті мінез-құлық механизмдеріне қоғамдық қатынастардың, құрбы-құрдастардың ықпалы зор. Мәселен, құрбы-құрдастар ортасы тұлға дауына қалай әсер етеді: «отбасындағы емес, тек балалық және жасөспірімдік топтардағы алынған тәжірибелер – тұлға дамуына орта қалай әсер етеді деген сұрақты түсіндіреді» [59, 44-45 б].
Адамзаттық тәрбие мәні – әрбір адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке атсалысуда ықылас-ниеттерін қалыптастыру. Адамзаттың негізгі элементтері – мемлекет және басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік және құқықтық мәдениет. Кемелденген азаматтың белгісі – сөзі мен ісінің бірлігі. Сондықтан да пайымы бар ата-ана балаларының өздеріне еліктейтіндігін, олардың көзбен көріп, құлақпен естіп өсетіндіктерін, ата-ана үлгісінің балаға ықпал ететіндігін ұмытпаулары тиіс. Мұның барлығы өсе келе баладан тікелей көрініс табатыны белгілі. Отбасындағы ашық әңгімеден, әрбір жасалған іс-әрекеттерден балалар бағдар ала бастайды. Сырттан төбелесіп келген балаға: «қарымтасын қайтардың ба, таяқ жеп қалған жоқсың ба?» немесе «төбелеспесең болмай ма?» деудің өзінде үлкен мән жатыр.
Сонымен қорыта кететін болсақ, агрессияның әлеуметтенуіне екі негізгі фактор әсер етеді:
- қарым-қатынас үлгісі және ата-ананың жүріс-тұрысы;
- қоршаған орта негізінде агрессивті мінез-құлықты қорытындылау.
Мәселен, бала отбасында да, әлеуметтік қоршаған ортасында да қандай тәрбие көрсе, жетіле келе бойына қалыптастырған қасиеттерді дамытады. «Адамның мінез-құлқында табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді. Адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды» - деп есептейміз. Бірақ, психологиялық жағдайлар күрделі және ол түсіндіруді қажет етеді [60, 414 б.].
1.3 Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің қалыптасуының ерекшеліктері
Психологияда жасөспірімдік шақты қарастыратын әртүрлі теориялар мен тұжырымдамалар бар. Атап кететін болсақ, биогенетикалық теория С. Холл (1884-1923), Арнольд Гезелл (1880-1961); персоналдық бағдарлану тұжырымдамасы (тұлғалық) Э. Шпрангер (1882-1963), Шарлотта Бюллер (1893-1982); когнитивті теория Ж. Пиаже (1896-1980) – жастық ойлаудың спецификасы; психоанализ З. Фрейд (1856-1939); неофрейдизм Э. Эриксон (1902-1982), жасөспірімдердің (жастардың) психологиясын түсінуге үлкен үлес қосқан гештальтпсихологияның көрнекті өкілі К. Левин (1890-1947). Кеңес психологтары жасөспірімдер мен жастардың психологиялық дамуының заңдылықтарын, ішкі әлемін, әлеуметтік белсенділік формасы жөнінде қарастырған: Л.С. Выготский, Л.И. Божович, А.Н. Леоньтев, Д.Б. Эльконин П.П. Блонский, А.Е. Личко, Е.И. Рогов, А.В. Мудрик және басқалары қарастырды [61 бойынша, 8-9 б.].
Жасөспірімдік кезеңнің бала дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында көрініс тапқан. Бұл атауларда осы жаста болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму үдерістерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Жасөспірімдік кезең деп 11-12 жастан 15-16 жас аралығындағы балалардың дамуын айтуға болады. Бұл кезең күшті психофизиологиялық даму мен баланың әлеуметтік белсенділігінің қалыптасуымен ерекше. Жасөспірімдік кезең драмалық қайғырулар, қиындықтар және дағдарысқа бай [62, 154 б.].
Жасөспірімдік кезең – балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, сыни қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі. Л.Ф. Обухованың психологиялық зерттеулерінде жасөспірімдер тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры кіші жаста қалыптасып, өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтардың күшеюі, сыншылдықтың саналы түрде бейнеленуі көрініс табады дейді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі өзіндік рефлексияның күштілігі болып табылады [63, 3-4 б.].
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «ауысу жастары» деп те атайды. Ана тілімізде «жасөспірім» деген ұғымды өзге тілдердегі осы сөздің мағынасына дәл береді. Олай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін (бірақ, өзгеріске ұшырау жасөспірімдерде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден, осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді (оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды). Мұндай үлкен өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрейд (Л.И. Божович) жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтін «өзім барлығын орындаймын» дейтінін жыныстық қасиетінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндірді [64 бойынша].
Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның өзін-өзі бағалауында жыныстық ерекшеліктер көрініс табады. Осыған орай, В.Н. Кузницинаның алған мәліметтерін көрсетуге болады. Ол сыртқы келбеттің және тұлғалық сапалардың мәнді белгілерін анықтауда жыныстық ерекшеліктердің болатынын анықтады: қыздар өз сыртқы келбетін бағалауда бет әлпеттеріне көп көңіл бөледі, ал жігіттер – бойы мен физикалық күшіне, оларда қыздармен салыстырғанда бет әлпеттің әдемілігіне қойылатын талап төменірек [65 бойынша]. Жасөспірімдік шақтың психологиялық спецификалық ерекшелігін қарастыра келе, Н.К. Крупская: «бұл жартылай бала, жартылай ересек психологиясы» деп дұрыс атап кеткен [66].
Жасөспірімнің өзін-өзі саналау үрдісі мотивациялық аумақтың өзін де қамтиды. А.Н. Леонтьев атап көрсеткендей, жасөспірімдік жаста оқушылардың мотивтерді салыстыру мәселесін, «маңыздылық» мәселесін шешуде «Мен үшін ең маңызды не?», «Өзге үшін ең маңызды не?», «Мен үшін ең бастысы не, ал онша маңызды емес не нәрсе (оқу, спорт, музыка және т.б.)?», «Мен неге бұлай істеймін, басқаша емес» деген сұрақтар толғандырады [67 бойынша, 270-273 б.]. Алайда, жасөспірімнің жеке тұлғалық құрылымындағы кең аялы танымдық қызығушылық – аса құнды білім алу, егер қажетті педагогикалық ықпал болмаған жағдайда, ол жасөспірімнің оқуға үстіртін қарауына негіз болады. Жасөспірімдік шақтың соңында болашаққа байланысты тиімді мақсаттар қою қабілеттері қалыптасады.
Кейде жасөспірімдерді тәрбиеге көнбейтін «дағдарыс» жасы деп те сипаттайды. Д.И. Фельдштейн жасөспірімдік кезеңнің дағдарыстық болатынын атап кеткен [68]. Қарым-қатынастағы қиындықтар түрлі мақалалар мен психотүзету бағыттарындағы кітаптарда жасөспірімдік жас және олардың мінез-құлқы жайында айтылып келеді. Көптеген мәліметтер мұндай феноменді қарым-қатынастағы қиындықтар ретінде дәлелдейді.
А.А. Бодалев және Т.А. Ковалев осы қарым-қатынастағы «субъективті қиындықтардың» нәтижесінде мақсатқа жетпеу, мотивтерді қанағаттандырмау, қалаған нәтижелерді ала аламау деп санайды [69 бойынша]. Л.И. Божович: «әрбір жас кезеңінің соңындағы жасерекшелік дағдарысы балалар қажеттіліктерінен туындайтын депривацияның нәтижесі болатынын» атап кеткен [70]. Бұл кезеңде сонымен қатар, тұрақты мінез-құлық формасы, жүріс-тұрысы, эмоционалды әсер ету тәсілдері жинақталады және білім, білік, дағды, «Менін» қалыптастыруға тырысып, жаңа әлеуметтік ұстанымды алады. Осылармен қатар, бұл жаста балалық әлемді түйсінуді жоғалтумен қатар, мазасыздық және психологиялық ыңғайыссыз сезімдер пайда болады.
Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның дұрыс қалыптасуына өзіндік сананың ықпалы зор. Сана - дамудың ең жоғарғы сатысы және ол тек қана адамға тән психикалық процесс. Өзіндік сана-сезімнің қалыптасу мәселесі осы кезеңде мұндай көпфакторлы, көпжоспарлы үрдістің жаңа деңгейімен басқа сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасөспірімдердің қабілеттері мен жеке ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл тіршілік әрекетін жүйелі түрде мақсатқа бағыттап, ұйымдастыруларына да байланысты анықталады.
Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің артуы, олардың өзін-өзі тануының сипатты белгілерінің бірі. «Өзін-өзі ересектерге ұқсатқысы келетін жеткіншекке қарағанда, жасөспірім өзін-өзі шынайы ересек ретінде түсінуге тырысады және «Мен қандай ересекпін?» деген сұраққа жауап іздейді [71].
Біздің уақытта жасөспірімдік кезең деп 11 жастан 15-16 жас аралығындағы жасты айтамыз. Л.С. Выготскийдің пікірінше, өтпелі кезең екі үрдістен тұрады:
 табиғи – жыныстық жетілумен қоса, ағзаның биологиялық жетілу үрдістері;
 әлеуметтік – қарым-қатынас, тәрбие, сөздің кең мағынасы әлеуметтену үрдістері.
Бүл үрдістер әрқашан бір-бірімен өзара байланысты:
 әрбір баланың денелік (физикалық) және психикалық дамуының әртүрлі жүруі (бір бала 14-15 жасында ересек болып көрінсе, ал кейбіреулері – әлі кішкене бала секілді болады);
 жеке биологиялық жүйемен және психиканың жетілуінде іштей тепе-теңсіздік болады;
 әлеуметтік мүмкіндіктер уақыт өте денелік жағына сәйкес келмейді (денелік жетілуі айтарлықтай әлеуметтікке қарағанда тез жүреді) [72 бойынша].
Жасөспірімдік жас өтпелі кезең болып табылатындығы оның биологиялық жағынан. Әлеуметтік деңгейі балалық шағынан айтарлықтай ерекше емес. Жасөспірімдер – әлі оқушылар және ата-ана мен мемлекеттің қамқорлығындағы балалар. Жыныстық жетілу басты биологиялық фактор ретінде мінез-құлыққа тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерде өзін-өзі тану маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану әсерленушілік емес, ол таным нәтижесі болып табылады. Яғни, өзін-өзі тану арқылы өзіндік сана-сезім қалыптасып, адамның өзіне тән, дамудың нәтижесі көрініс береді. Бұл жерде адам өмірлік тәжірибені игеру секілді, өз алдына болмыстың барлық жаңа жақтарын ашып қана қоймайды, сонымен бірге өмірді жан-жақты ойлаудың тереңдігі қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.
Бұл үрдіс адамның барлық өмірі арқылы оның жан-жақты ойлауының өтуін, оның ішкі мәнісінің өте маңызды және негізгі мазмұнын жасайды. Оның өміріндегі әрекеттің және осы жағдайдың субъектісі ретінде өзгереді. Өйткені, ол сыртқы әлемнің және басқа адамдардың объектілерін таниды немесе бейнелейді. Бұл үрдіс әрдайым жеке адам ретінде субъектілердің қарым-қатынасының және қажеттілігінің ортасында болады.
К. Бютнер механизмдер саласында «болжам» деген ұғымды ұсынады. Аффективті үрдістердің когнитивті үрдістерге жанама түрде ықпал етуі [15]. Интеллектуалдылық және аффективтілік өзіндік сана-сезімнің пайда болуындағы күштің күрделі динамикалық білімін кеңес психологиялық мектебінің өкілдері әрі қарай дамытты. Қажеттілік аффективті жағдайды қабылдау үрдісінде тура және тікелей жобаланады. Сонымен қатар, өзінің қажетті аффективтік және когнитивтік үрдістері де бірыңғайлығын көрсетеді.
Отандық ғалым Ж.И. Намазбаева өзін-өзі танудың бірнеше жолдарын талдай келе, соның ішінде басқаларды тану арқылы өзін-өзі тануды ерекше бөліп көрсетеді. «Қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі танып, бірін-біріне баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады». Демек, өзгелердің берген бағаларын ескере отырып, адамдар өзін-өзі бағалайды, таниды [73].
Өзіндік сана-сезімнің компоненттері. Адамның өзіндік сана-сезімінің компоненттерін келесі түрде бөлуге болады:
- жас баланың айлық жасынан бастап дамуындағы және жасөспірімнің түйсіктерді ажырату басындағы, оның денесінің түйсіктерінен туатын сананың тепе-теңдігі және бастамасы немесе нышаны;
- әрекет субъектісі ретінде «Мен» деген сананың бастамасы. Бұл екі-үш жастағы балаларда пайда болады. Жас нәресте жіктеу есімдігін игергенде және балалар негативизмінің алғашқы фазасында туындайтын «Мен, Өзім» деген формулаларының айтылуы;
- өзін-өзі бақылаудағы берілген жағдайды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде пайда болған және абстракты ойлаудың жеткілікті дамуын ұсынудағы сананың психикалық қасиеттері;
- ең соңында жасөспірім кезіндегі және жеткіншек кезіндегі жастар әрекет және қарым-қатынас тәжірибесін жинақтаудағы қалыптасатын әлеуметтік адамгершілік өзін-өзі бағалауы және қабілеттілігі, адам өзінің дене мағынасын тануда таным процестерін де ұсынады [74].
С.Л. Рубинштейннің айтуынша, сана адамның қасиеттерімен сипатталатын психиканың даму кезеңі. Адам санасы функциясының барысындағы ең жоғарғы деңгейі – өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы мен жетілуі және «Мен» деген ұғымның пайда болуы. Сондықтан да өзіндік сана-сезім сананың ең жоғарғы жеке адамдық қатынас бөлшегі. Адамның өзіндік сана-сезімі жеке адам болмысының ақиқат-шындықта бейнелеуі. Адамның өзін-өзі көрсетуі әрдайым дәлме-дәл емес. Психологиялық негізде сана ең алдымен адамның қоршаған ортасымен және өзін-өзі тану үрдісі ретінде шынайы көрініс береді [75, 174-175 б.].
Сана адамның психикалық іс-әрекетін толығымен қамтымайды. Жалпы түрде сана мінез-құлықтың «реттеушісі» ретінде қызмет етеді.
Сана адам өміріндегі, қоғамдағы анықталған бір сипатты бейнелейді және ойланылған болмыс ретінде пайда болады. Адам өмірінің алдына қойылатын барлық индивидуалды, әлеуметтік, кластық және жалпы адамзаттық мәселелер өздерінің теоретикалық негіздерін қоғамдық-тарихи факторларында детерминацияланған рухани болмыс сияқты жеке адам табиғатының түсінігіне ие болады.
Сана және өзіндік сана-сезім – психология, философия және әлеуметтану ғылымдарының бірден-бір ортақ мәселесі. Сана – бұл психиканың дайындалған феномені тәрізді. Ол ұйымдастырылған ұжымның әлеуметтік қарым-қатынас үрдісінде жасалған материал белгісінде сезіледі және пайда болады. Физикалық «мен» деген бейнесін зерттеудегі жеке адам тәсілден, біз, аффективтік және когнитивтік үрдістердің өзара ықпал етуін, олардың өзіне тән санасын бейнелеу үрдісіндегі субъектінің индивидуалды - жеке адамдық ерекшеліктерінің рөлін көреміз. Бұл өзіндік сана-сезімнің құрылымындағы екі компоненттің өзгешелігін білдіреді. Физикалық «мен» бейнесі когнитивті құрылғы ретінде, эмоционалды және мағыналы қарым-қатынастың (өзін-өзі бағалау) аффективті құрылуы ретінде көрініс береді.
«Өзін-өзі тану» бастапқы көзқарастардағы заттық санадан гөрі психикалық әлемнің ең жоғарғы деңгейін бейнелейді, сондықтан да жеке адамның даму процесінде сәл де болса кешірек пайда болады. Олай болса, нәресте өзінің дүниеге келу аралығын да сезе алмайды. Өмірінің бастапқы кездерінде әдетте, ол қоршағандары қалай атаса, өзін де солай атайды. Ол алғашқы кездерде өзін басқа адамдардың оған деген қарым-қатынастарын субъект орнына, тез арада объект ретінде сезеді. Өзін-өзі тануы әрекет пен қарым-қатынас дамуы нәтижесінде пайда болады [76]. Өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы индивидуализация үрдісімен, жеке адамның тұтастығының және даму күшінің үрдісімен байланысты.
Сана «Мен» және өзіндік сана-сезімінен тумайды. Ал өзіндік сана-сезім жеке адам санасының даму жолында туады. Өзіндік сезуге, өзін-өзі тануға қабілеттілік – адамның ерекше құндылығы, яғни өзіндік сана-сезімнің өзіне-өзі сана субъектісі, қарым-қатынас және қимыл қозғалысының тікелей қарым-қатынасында құралады. Олардың стратегиясы (бөлектенуі) - құрылым, интеграция және өзара қимыл-қозғалыстар. Ол ұғымды енгізу – онтогенездегі психикалық дамудың жалпы динамикасы ретіндегі бейнеленген дифференциалдық дәреженің құрылымы.
Кіші мектеп жасына қарағанда жасөспірімдік кезең (12-14) балалық шақтан ересектікке өтуге алғашқы қадам басуымен ерекшеленеді [77, 271 б.]. Сонымен қатар, жеке тұлғалық ерекшеліктері біршама тұрақты. Бұл тұжырым психикалық сфераның жаһандық жағдайдан туындайтынын, дифференциялдылығын және интеграциялылығын ұсынады. Егер сана басқалар туралы білім болса, онда өзіндік сана-сезім адамның өзі туралы білімі, ол өзін рухани «өзін-өзі және басқаларды көріп, білудегі жарық».
Өзіндік сана-сезім бейнесі суретінде екі бірдей бейне көрсетіледі. Сыртқы объект және субъектінің өзі жеке адамның өзіндік сана-сезім объектісі ретінде, бұл адам қалай өзін түсінеді, бақылайды және сезеді деген түрінде. Солай, ол өзіне белгілі болады және ол басқалармен оның көзқарасын ойластырады. Өзіндік сана-сезім арқасында адам өзіне индивидуалды ақиқат ретінде табиғаттан және басқа адамдардан бөлек ерекшеленетіндігін біледі. Ол тек қана өзін басқалар үшін емес және өзі үшін де бар екенін сезе алады.
Жеке адамның дамуындағы өзіндік сана-сезімнің айрықша көрінуі және жас ерекшелікке байланысты күрделене түсуі адамның жастық шағында ерекше маңызға ие. Өзіндік сана-сезімнің актілері, яғни өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағдарлау және бағалауы осы жастық шақ кезеңінде нақтыланады. Сонымен бірге оның болашақ өмірі үшін қалыптасуына жол ашып береді.
Жастардың әлеуметтік қоғамдық жағдайда өз орнын табуы, өзінің болашағын жоспарлауы осы өзіндік сана-сезім ретінде жасалынады. Яғни, жастар өзін жеке адам ретінде, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіне алады. Жас жігіттер мен қыздар өздерінің жеке адамдық абыройлықтарын және кемшіліктерін, жетістіктерін дұрыс бағалауына, қоршаған адамдармен өзара түсінушілігіне мүмкіндік береді. Оларды сәл де болса жағымды сыртқы әсерлерге ашылуын жасайды, өмірлік тәжірибеде басқа адамдармен алмасуда жеке адамның қалыптасуы үшін керектігін теңестіреді.
Бұл мәселенің өзектілігі жеке адамды тереңірек зерттеумен, жеке адам дамуындағы объективті және субъективті факторларды, рөлдерді талдауымен байланысты өседі. Сонымен қатар өзіндік бағалау рөлімен және жеке адамның ұжыммен өзара қатынасындағы қажеттіліктерге сәйкес келуімен, өзіндік сана-сезімнің жасерекшелік динамикасын зерттеумен жеке адамның интегративті құрылым секілді бұл үрдісте өзіне тиісті орынға ие болуы қажет.
Жасөспірімдік жас күрделі кезең деп саналады. Бұл күрделілікті жыныстық жетілумен, психофизиологиялық және психикалық ауытқушылықтармен, депрессиямен және нәтижесінде өзін-өзі бағалаудың төмендігімен байланыстырады [78, 50-51 б.].
Жасөспірімнің басты психологиялық жетістігі – өзінің ішкі әлемінің ашылуы. Бала үшін жалғыз танылатын ақиқат, шындық – бұл өзінің қиялын жобалап, ары қарай дамытатын қоршаған ортасы.
Барлық шетелдердегі психологтар әртүрлі жастағы балаларға өздерінің ойынша аяқталмаған әңгіме айтуды немесе сурет бойынша әңгімелер құрастыруды ұсынады. Нәтижесі бірдей, тәртіп бойынша, жасөспірімдер қимылдарды, қылықтарды, оқиғаларды бейнелейді, үлкен ересектер мен жастар – көбінесе ой толғауларға, сезім әсерлеріне тоқталады, сонымен қатар психологиялық контекске қарағанда әңгімелері көбірек ойландырады. Жасөспірімдердегі өзіндік сананың әлеуметтік реттеушілік қызметінің қалыптасуы өзіндік сана-сезімнің дамуының сапалы ауысуымен ерекшеленеді. Жасөспірімдік шақта ересек адамның ұстанымы қалыптаса бастайды, оның ересек болып көрінуін өзге адамдар да қабылдай бастайды. Жасөспірімдер бұл бағалы құндылықтарды өз бойына сіңіруге тырысады. Олар жүріс-тұрысының және іс-әрекетінің мақсаты мен дәлдігін қалыптастырады, өзіне және өзгелерге деген бағасына өзгерістер енгізеді. Мазмұны жағынан бұндай әрекеттер өзіндік, ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана болып есептеледі.
Н.И. Гуткинаның зерттеу жұмысында психологиялық үрдістің формальді түрде ұйымдастыру рөлі анықталады [79]. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, бұл әдістемелік және әдіснамалық жағынан өте күрделі. Мұнда біз салыстырмалы жас ерекшеліктің және лангитюдтық көрсеткіштердің айырмашылықтарына соқтығамыз. Салыстырмалы жас ерекшеліктік зерттеуде тәртіп бойынша, өзіндік сана-сезім дамуының дағдарысын белгілейді - «биік шың» қиындығы жасөспірімдік кезеңнің дамуында өтеді.
Әлеуметтік толғаудың реттеушілік қызметі негізінен жасөспірімнің өз кемшіліктерін және өзінің қабілеті мен артықшылығын зерттеуге арналады. Өз кемшіліктеріне ерекше ынталылықпен қарау жасөспірімдік кезеңінің өне бойына тән қасиет: кейде көпшілігінде өзіне риза еместік сезімдері артады. Жасөспірімнің өзі туралы көп ойлануы, өзінің ішкі дүниесін зерттеуі кіші балаларға қарағанда жаңа табиғи сезімді тудырады.
Жасөспірімнің өзі туралы ойлануы, оның өз құрбы-құрдастарының арасында жақсы қарым-қатынасқа жетуі мен жақын жолдастарын сыйлауы, дос табуға тырысуы маңызды стимул болып табылады. Ол өзі туралы және жолдастары арасындағы өзара қарым-қатынас туралы жиі ойлана бастайды. Жасөспірімдердің көпшілігі бір мезгілде бірнеше адамға еліктейді. Өзінің жеке тұлғасына қажетті бейнені олар әртүрлі адамдардың жақсы жақтары арқылы құрастырады. Бір адамды ойша бейнелеп, кейде біреулерден басқа бір қабілетті, соған ұқсас қасиетті бойына сіңіруге немесе ересектерге, өзінен үлкен балаларға және жолдастарына ұқсауға тырысады.
Кейде жасөспірімдердің басым бөлігі бір мезгілде ересектер мен жолдастарына ұқсағысы келеді. Кейбір жасөспірімдерге өз жолдастары өздерін ересектер секілді ұстап жүргендігі үшін қызықтырады. Мұндағы өзін-өзі тәрбиелеу: үлкен жасөспірімдерге өзінің реакциялары мен тәртібін қадағалап жүруі жатады. Олардың көпшілігі өзін-өзі жақсы ұстауға тырысып жатады. Керек болған жағдайда шынайылықты жасыру арқылы көңіл-күйінің төменділігін білдіреді және оны бақылайды. Өзін-өзі тәрбиелеуде жасөспірімдерде өзінің алға жылжуы жөнінде ойы қалыптаса бастайды немесе алдына қойған мақсатқа жете алмағаны үшін күйінеді, өзін-өзі сынай бастайды. Жасөспірімдік кезеңде «Мен» сезімі қалыптасады. Зерттеулер көрсеткендей 8-9 сыныптың көптеген оқушылары өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса бастайды. Бұл шақтағы маңызды жаңа кезең – өз қызметінің басты нысанасы ретінде оның өзі болады. Бірде олар өзін-өзі ұстауға тырысады, екіншілері «Менін» жоғары қояды, үшіншілері жаңадан өзіне қажетті үлгі жасайды бастайды.
Көптеген психологтар «Мен» сипаттамасынан өзін-өзі сезіну негізінде қалыптасқан сезімталдық бейнені көреді. Дж. Ст. Милль «Меннің» пайда болуын нақты іс-әрекет есімен байланыстырды. Ал, Ч. Пирстің пікірінше, балада «Мен идеясы» өз денесінің қимылы мен заттардың араласу нәтижесінен пайда болады дейді [80 бойынша, 28-30 б.].
Идеал Менге ұмтылу жасөспірімдерде жоғарғы мотивтер мен сезімдерді, ерлік жасауға ұмтылуға және тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер туғызады. Жоғары сынып оқушыларында қоғам өміріндегі өз орны туралы түсініктері, өзін тұлға ретінде тану белсенді түрде қалыптасады, бұл өз кезегінде өзін-өзі танудың жоғарғы деңгейін құрайды [81].
Өзіндік сана және «Мен» бейнесі жасөспірімдік жастың маңызды психологиялық үрдісі – өзіндік санамен және бірыңғай «мендік» бейненің қалыптасуы болып табылады. Өзіндік сананы қалыптастыру өтпелі жастың квинтэссенциясы мен басты қорытындысы.
Психологиядағы биогенетикалық шкала өзіндік сананың өсуі мен өзінің «Меніне» қызығушылығын жыныстық жетілуімен байланыстырады. Дене күшінің өсуі, денесінің сыртқы бітімінің өзгеруі жасөспірімді өзіне және өзінің денесіне қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге денелік пісіп жетілу бір мезгілде әлеуметтік символ есебінде ересектікке өту болып табылады.Оның әлеуметтік рөлдерінің құрамдық өзгеруі мен килігу дәрежесінің артуы осыған тіреледі. Бұл сұрақтың қойылуы – психиканың дамуының заңды нәтижесі болып табылады.
Дербестіктің өсуі – сыртқы басқару жүйесінен өзін-өзі басқаруға көшу. Бірақ, басқарудың барлық түрі нысан туралы хабарды талап етеді. Өзін-өзі басқаруда бұл туралы хабарлар, яғни өзіндік сана болып табылады. Өзіндік сананың дәрежесі, қиындық баспалдақтары және тұрақты «мендік» интеллектіліктің дамуымен тығыз байланысты.
Жасөспірімдердің жасы өскен сайын (жасына қарап емес, дамуының жылдамдығына қарай) олардың айтқан әңгімелерінің психологиялық мазмұны толғандырады және оның сыртқы «оқиғалық» маңызы төмендейді. Адамдардың бір-бірін қалай қабылдайтындығы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенде, адамның қабылданған бейнесі жасының өсуіне байланысты өзгеретіндігін көрсетті. Л.В. Бороздина - І, Ү, ҮІІІ, Х сынып оқушыларында өздерінің таныс құрбыларына баға беруін олардың бастысы өзіне ғана тән даралығының көрінуін ұсынған, 5 - сынып оқушылары 1-сыныптағы оқушыларға қарағанда мұғалімдерге байланысты фактілерді екі есе кеш білдіреді, 8 - сынып оқушыларында төмендей бастайды, олар жолдастары, мұғалімдері мен ата-аналарына деген қатынасын көрсетеді. Бұл тенденция 10 – шы сынып оқушыларында жалғасады. Жоғары сынып оқушыларының мінездемелеріне жағдайлық ерекшеліктерден гөрі жеке тұлғаның бейнелік ерекшеліктерін аса көрсете бастайды [82].
Жасөспірімдік жасқа дейін өзінің басқалардан бөлектігіне тек кикілжің жағдайларында ғана көңілдерін аударады. Ол өзі сыйлайтын адамдардың қылықтарының жиынтығымен астарланады. Сана мен өзіндік сана-сезімінің дамуы үшін өзінің тұрақтылығын түсіну маңызды. Жасөспірімдік кезеңде жағдай өзгереді, жастың өсуі мен уақыттың субъективті өзгеруінің жылдамдығы артады. Бұл тенденция үлкен жастық кезеңде де жалғасады. Ересек адамдар уақыт туралы айтқанда,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет