Анықтамалар Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) – бұл адамдарға немесе жануарлар тобына қасақана бағытталып жасалатын әрекет. Агрессивтілік



бет2/9
Дата25.05.2023
өлшемі102,13 Kb.
#97540
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Адамгершіліксіздік – адамгершілік нормаларын сақтамау.
Ауытқушы балалар – маңызды туа біткен немесе қабылданған кемістіктерден туындаған, әдеттегі физикалық және психикалық дамудан көп ауытқыған балалар.
Қоғамдық тәртіпке қайшы мінез-құлық – әлеуметтік нормаларға қайшы келетін, әлеуметтік тәртіпке және айналадағы адамдардың амандық-саулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.
Асоциалды мінез-құлық – адамгершіліктік-өнегелі нормаларды орындаудан бас тарту әрекеті.
Аутизм – «ақиқат болмыстан қол үзуге» бейімділік, өзінің ішкі уайымына берілу, тұйықтық.
Аффект – жанға ауыр тиетін жағдайларда пайда болатын жүйкелік-психикалық қозу, ашуланған, долданған хал, ашу қысқанда уақытша естен адасу. Аффект кезінде бас миының бақылау әрекеті әлсізденеді аффект кезінде адамның беті бозарады немесе қызарады, көз қарашықтары тартылады немесе үлкейеді, еріндер мен буындар дірілдейді. Аффект жүйке жүйесі тұрақсыз адамдарда жиі кездеседі.
Рухсыздық – интеллектуалды, рухани мазмұнның болмауы.
Мейірімсіздік – аяушылық білдіруге қабілетсіздік, қатыгездік.
Өнегесіздік – адамгершіліксіздік, әдептілік ережелерін бұзу, оларға қарама-қайшы әрекет ету.
Жауапсыздық – бір нәрсеге өзінің жауапкершілігін қабылдамау немесе жете түсінбеу.
Мәдениетсіздік –мәдениеттің, мәдениеттіліктің болмауы.
Қозғыштық – ашу кернеген жағдайында мінез-құлықтың ұшқалақтылығы.
Девиация – нормадан ауытқу.
Деликт – құқықтық нормаларды бұзатын іс-әрекет.
Деструктивті мінез-құлық – зиян келтіретін, бұзуға әкелетін мінез-құлық.
Кекшілдік – өкпелерді ұзақ есте сақтауға бейімділік.
Енжарлық – талғаусыз, селсоқ болуға бейімділік.


КІРІСПЕ
Еліміздің келер ұрпақтарды тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыттардың бірі – балалар мен жасөспірімдерге қатысты психологиялық және педагогикалық жұмыс жүргізу. Сонымен қатар, қазіргі кездегі қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Адам құқығы бала құқығынан басталады. Қазақстан Республикасының конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті...»деп айтылып кеткен [1]. Балаларға қатысты барлық іс-әрекеттерде, мейлі ол әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, не жекеменшік мекеме болсын, соттар, әкімшілік немесе заңнамалық органдар болсын, баланың асыл мүдделерінің қамтамасыз етілуін басты назарда ұстауы тиіс. Өкінішке қарай, бұл қағидалар барлық елде, барлық жерде бірдей тиісті деңгейінде орындалмайды.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың өзгеруі, қоғамдық-тарихи процестердің өрістеуі, білім сферасындағы өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттеуге байланысты жаңа зерттеу бағыттарын жасауды талап етеді. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлықтарының өршуі, әлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуының етек алуы барлық азаматтық институттарға бірнеше міндеттер жүктейді: кәмелетке жетпеген азаматтардың құқықтық әлеуметтенуі мен мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге бейімделуін жетілдіру мақсатында кешендік және кәсіби шаралар даярлау.
Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлық мәселесі осы жас санатына қандай да бір қатысы бар адамдарда аса қызығушылық тудырады. Адамдардың рухани қызығушылықтары мен талаптарын жетілдіру үшін қоғам қарама-қайшы құбылыстармен белсенді күресуі тиіс. Қоғамда жасөспірімдер арасында кездесетін жағымсыз құбылыстармен күресуге барлық еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және қоғамның барлық азаматтары ат салысулары қажет. Еліміздің болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында, сондықтан да білімді де, тәрбиелі бойында иманы бар жастарды тәрбиелеу қоғамның міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет