Анықтамалар Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) – бұл адамдарға немесе жануарлар тобына қасақана бағытталып жасалатын әрекет. Агрессивтілік



бет8/9
Дата25.05.2023
өлшемі102,13 Kb.
#97540
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Сызба № 2 - Агрессияның түрлері












 

2-ші сызбаның жалғасы 


Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физикалық агрессияны бөліп қарастырады, олардың әрқайсысының тікелей және жанама түрі бар.
Оларға қысқаша сипаттама беріп кететін болсақ:
1. Вербальды агрессия.
а) жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағытталған. Бұл әртүрлі айыптау сөздер, шағым түрінде кездеседі («Маған Сауле тисіп кетті», «Айбек төсегін жинамады», т.б.); көпшіліктің көңілін өзіне аударып, айқайлау («Мазамды алмай, ары кет!», «Маған кедергі жасама», т.б.); агрессиялық фантазия түрінде («Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады», «Мен сені қуып жетіп, тістеп ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың»,т.б.)
ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі - ашуын келтіретін келекелер («Торай», «Жора-ашқарақ», «Ұсқынсыз», «Сұмырай»,т.б.)
2. Физикалық агрессия.
а) жанама физикалық агрессия - өзгеге физикалық әрекеттер арқылы материалдық зиян келтіруге бағытталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін, затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау, не болмаса бұзып тастау (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылауы).
ә) тікелей физикалық агрессия - өзгеге тікелей физикалық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағытталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физикалық тікелей шабуыл (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаншыларды қолдануы).
Адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты үрдіс. Адамзат баласында агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына қоршаған ортасы мен отбасылық ортасы ықпал етеді [34, 12-13 б.].
Агрессияны тірі ағзаға зиян келтіру деп қарастырамыз, сондықтан біз адамдар кей-кездері өзіне бақылай жасай алмай жаны жоқ заттарды қиратады және т.б. келеңсіз әрекеттер жасайды. Мысалы: жиһаздарды, ыдыс-аяқтарды сындырады, қабырғаға лақтырады. Мұндай іс-әрекеттерді тірі ағзаға зиян келмейінше агрессиялық мінез-құлық деп қарастырмаймыз. Егер сіз автокөлікті балғамен ұрып, қиратып тастасаңыз, бірақ сіз оның құнын төлесеңіз, агрессивті мінез-құлық зиян келтіру болып саналмайды. Егер сол автокөлік сіздің жауыңыздың меншігіндегі автокөлік болса, онда агрессивті мінез-құлық болып саналады. Мұндай іс-әрекеттер агрессивті мінез-құлық мысалы ретінде қарастырылады. Өзін-өзі өлтіру де агрессиялық мінез-құлық ретінде көрінеді. Бұл жерде агрессор өзінің мінез-құлқы ретінде көрініс беріп, өзі құрбан рөлінде болады. Агрессивті түрде бағышталған әлеуметтік ауытқулар жеке тұлғаға бағытталған әрекеттерден көрініс береді. Г. Кэплан жасөспірімдер арасында өзін-өзі сыйлауының төмендеуінен антинормативті мінез-құлықтың өсуіне әкеп соқтыратынын атап кетті [35 бойынша, 240-241 б.].
Агрессивтілік – басқа тіршілік иесін басуға және зиян келтіруге бағытталған дұшпандық, шамданған сипатты мінез-құлық. Теледидардағы көрсетілетін қатыгездіктер, қаталдық мазмұндағы хабарлар, фильмдер өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мінез-құлқына өз ықпалын тигізбей қоймас. Мультфильмдердегі, экрандағы күш көрсетулер баланың мінез-құлқында агрессияның пайда болуына әкеп соқтырады. Бала достарымен, құрбы-құрдастарымен ойын кезінде сол көрген нәрселерін қайталауға тырысады. Ол байлық пен атақ-даңққа осылай жетуге болады екен деп миына сіңіреді.
Ғалымдардың есептеулері бойынша балалар 14 жасқа келгенше теледидарлардан 18 мың кісі өлтіру әрекеттерін көреді екен. Осылайша теледидар тәрбиесі мен ата-ана тәрбиесі арасындағы тәрбиелеу жолдары екі түрлі болып келеді. Қалыпты агрессия реакциясы бала өзін қауіпсіз сезінбегеннен, ата-анасына керек еместігін білуінен және мақсатына жете алмаудан, түңілуден, көңілі қалудан болуы мүмкін.
Агрессияның қауіпті жағдайы адамдарға бейімделу мен қорғану қызметін атқарады. Бала агрессиясы көбінесе өзінен кіші мен әлсіздерге, үй жануарлары мен ойыншықтарға бағытталады. Баланың тәртібінен өзіне көңіл бөлгізуге тырысуы, өкпеге қарсы іс-қимыл жасауынан, өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен қашуды байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келу, өзін өкпе мен жан азабынан қорғауы. Ата-ана, тәрбиешілер немесе басқа да ересек адамдар баланы үнемі сынап отырса, ол жеккөру сезімімен өседі, егер кінәләп отрырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, ал мысқылдап отырса тұйықталады [36, 20-21 б.].
Біз жоғарыда агрессияны физикалық-вербальды, активті-пассивті, тікелей-жанама деп қарастырғанбыз, енді агрессияның соңғы дихотомикалық бөлінуіне тоқталып кетсек: өшпенділік және инструментальды агрессия деп екіге бөлінеді. Өшпенділік (дұшпандылық) агрессия, бұндағы басты мақсат агрессор өзінің құрбанына қайғы алып келу болып табылады. Өшпенділік агрессияны көрсететін адамдар шабуылдаған адамына жамандық пен зияндық алып келуге тырысады. Инструментальды агрессияға түсініктеме беретін болсақ, ол кезде агрессордың мақсаты зиян келтіру емес.
Анықтап айтатын болсақ, инструментальды зиян келтіруші агрессивті іс-әрекетті өзінің әртүрлі тілектерін орындауда инструмент ретінде пайдаланады. Мысал келтіретін болсақ, жасөспірімдердің арнайы құрылған топтары. Олар көшелерді мотоциклмен арнайы кезіп жүріп, адамдардың бағалы заттары мен ақшаларын жұлып алып кетеді. Бұл жерде физикалық зияндық құрбан болған адам қарсыласқанда ғана көрсетілуі мүмкін. Мақсаты физикалық зиян әрекеттерді көрсету емес, өзінің қажеттіліктерін (ақша, алтын, күміс, бағалы заттар, т.б.) қанағаттандыру.
Көптеген тәжірибелерде агрессивтілік деңгейінің сақталуын көрсетеді. Лонгитюдтік зерттеулердің нәтижелері бойынша баланың 8-9 жасында агрессивтілік деңгейі өзгеріссіз және оның өмірінің барлық ағымында ол күнделікті көрініс ретінде қалатынын көрсетті [37, 79-81 б.].
Көптеген авторлар өз зерттеулерінде агрессия мен агрессивтілікке әртүрлі анықтама береді: «өзінің жерін қорғау үшін» адамның туа біткен реакциясы (Лоренц, Арни), басшылық етуге қасарушылық (Мориссон), жеке тұлғаның, адамның қоршаған ақиқаттылыққа жауластық реакциясы (К. Хорни, Э. Фромм) және т.б.
Тұлға агрессивтілігінің жоғарғы деңгейі әлеуметтік мінез-құлыққа ықпал етеді, сонымен бірге қарым-қатынастағы конфронтацияны, қоршаған адамдармен кикілжіңді тудырады, қоршаған ортамен сәтті іс-әрекеттің болуына кедергі келтіреді. Агрессияның эмоциялық компоненті де мәнді, мұнда ашу-ыза алдыға шығады. Адам агрессиялық күйдің барлық сатыларында агрессияны дайындауда, жүзеге асыруда өте қатты ашу-ызаны бастан өткізеді. Эмоциялық компонент тек ашу- ызамен ғана бітпейді, қайырымсыз болу, кектену, ызалану сезімдері де көрініс береді.
Агрессияның ерік сапалары компонентінде еріктің барлық сапалары қатысады: мақсатқа ұмтылу, табандылық, шешім қабылдаушылық, батылдық.
Сонымен қатар, агрессия күрделі және қиын жағдайларда (фрустрация) пайда болып, психикалық күйзеліс тудыратын мәселені шешудің жиі қолданылатын әдісі болып табылады [38].
1.2 Агрессивтіліктің психологиялық механизмдері мен факторлары
Қазіргі таңда агрессия теориялары адамның агрессивті әрекеттерінің себептерімен механизмдерін әртүрлі түсіндіреді. Олардың бірі агрессияны инстинкті елігулермен байланыстырса (З. Фрейд, К. Лоренц), екіншілері - агрессияны фрустрацияға жауап ретінде қарастырады (Дж. Доллард, Л. Берковитц және т.б.), үшіншіден - агрессия әлеуметтік үйренудің нәтижесі ретінде түсініледі (А. Бандура, Д. Смит, С. Беличева, А. Реан, С. Кудрявцев және т.б.), төртіншіден – агрессия фрустрация және әлеуметтік үйрену теориясының (Д. Леонард, Л. Берковитц, Р. Уэйнберг, Д. Гоулд) элеметтерімен бірге қарастырылады. Сонымен қатар осы бағыттың көптеген модификациялары бар. Тәжірибелік мәліметтер агрессия туралы негізгі теориялардың барлығын мойындайды [25, 7-8 б.].
Агрессия жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттестікте үлкен рөл атқарады. Жанұяда балаға деген қатал талаптар, көңіл аударулар, шектен тыс баланың дегенімен жүру, басқалармен қарым-қатынасында агрессивті мінез-құлыққа алып келеді. Агрессивті қылықтар, жүріс-тұрыстар дамиды, кемел жасқа келгендегі қаталдықтар мен күш жұмсаушылық және физикалық агрессия жеке адамның стилі болуы мүмкін.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады. Л. Берковицтің айтуы бойынша, фрустрация агрессивті мінез-құлыққа тікелей алып келмейді, ол тек агрессивті іс-әрекетке дайындық жасайтын әртүрлі стимулдардың бір түрі. Бұл (3 сызбада) көрсетілген [17, 11 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет