Анықтамалық 62 Академиялық анықтамалық Академиялық күнтізбе (AcademicCalendar) -оқу жылының ішінде өткізілетін



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7294
түріАнықтамалық

Академиялық 

анықтамалық

62

Академиялық анықтамалық

Академиялық күнтізбе (AcademicCalendar) –оқу жылының ішінде өткізілетін 

оқу мен бақылау шараларының, кәсіптік тәжірбиелердің, демалыс күндерінің 

(демалыс пен мейрамдар) белгіленген күнтізбесі.

Академиялық кезең (Term) –теориялық білім беру кезеңі. Университеттің 1-3 

курстарында – семестр (15 апта), ал бітіруші курстарға – триместр (10 апта) 

мақұлданған.

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне алдын ала 

жазылу рәсімі.



БАКАЛАВРИАТТЫҢ  БАРЛЫҚ  МАМАНДЫҚТАРЫ  ҮШІН

І КУРСТАР

63

Академиялық анықтамалық / Академиялық күнтізбе



ІІ,ІІІ КУРСТАР

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе

бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі

        Оқу  жұмыс  жоспарының  пəндерінің  белгіленген  мерзімде  (бір  академиялық  кезең  ішінде)  жойылмаған  айырмасы, 

келешекте  академиялық  қарыз  болып  есептеледі.  Жоғары  оқу  орнынан  шығарылған  білім  алушылар  ҚазҰАУ-нің  білім 

алушылары  қатарында,  шығарылу  мерзіміне  байланыссыз,  кез  келген  оқу  формасы  мен  мамандығына  оқи  алады.Білім 

алушылардың қатарына қосылу тек ақылы негізде жүзеге асырылады.Қайта қабылдау туралы арыз күндізгі бөлімде білім 

алушылар үшін - академиялық кезеңнің басталуына дейінгі бес жұмыс күн ішінде, ал сырттай оқу бөлімінде білім алушылар 

үшін – емтихандық сесияның басталуына дейінгі 1 ай ішінде қабылданады.

IV КУРС КҮЗГІ ТРИМЕСТР


64

Академиялық анықтамалық / Академиялық күнтізбе



        1. Кредитті технология бойынша білім беруде оқу үдерісін

ұйымдастырудың жалпы тәртібі

        Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқытудың бірыңғай кредитті 

технологиясы (БКТ) жүзеге асырылады.  Осы технологияның негізгі мақсаты – ұлттық білім беру 

бағдарламаларын халықаралық мойындауы, білім беру ұйымының ұстаздары мен білім алып 

жатқандардың ұтқырлығын қамтамасыз етеді, сонымен қоса білім сапасын жоғарылату болып 

табылады.

         БКТ-да келесі ұғымдар мен анықтаулар қолданылады: 

        Кредиттік  оқыту  технологиясы  –  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу  жұмысы  көлемінің 

біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пәндерді 

таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

Кредит  (Credit,  Credit-hour)  –  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысы  көлемін  өлшейтін 

сәйкестендірілген бірлігі;

         Академиялық кезең (Term) – үш нысанның біреуін таңдайтын, өз білім беру ұйымының 

еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала 

жазылу рәсімі;

         Жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушымен ЖОЖ және элективті пәндердің 

каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

Академиялық күнтізбе (AcademicCalendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар 

мен  мерекелерді)  көрсете  отырып,  оқу  және  бақылау  іс-шараларын,  кәсіби  практикаларды 

өткізу күнтізбесі;

         Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқыту-

шымен  өткізілетін  аудиториялық  және  аудиториядан  тыс  сабақтарда  білім  алушылардың 

білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

Межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу 

жетістіктерін бақылау;

      Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде 

қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың 

рейтінгін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  балл  түріндегі  оқу  жетістіктерінің  деңгейін  бағалау 

жүйесі;


      Білім алушылардың аралық аттестациясы – білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде, 

бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін, оның игеру 

сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

       Білім алушылардың қорытынды аттестациясы (QualificationExamination) – мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  қарастырылған  оқу  пәндерінің  игеру  дәрежесін 

немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

Академиялық  деңгей  (Degree)  –  қорытынды  аттестаттау  нәтижелері  бойынша,  тиісті  оқу 

бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

Оқу  үлгерімінің  орташа  балы  (Grade  Point  Average  –  GPA)  –  (ағымдық  оқу  кезеңі  бойынша 


65

Академиялық анықтамалық

 кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық 

эквиваленті  мен  кредиттер  сомасының  қатынасы)  білім  алушының  таңдаған  бағдарлама 

бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

      Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір 

академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе 

шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра 

отырып өз ЖОО-ында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін 

ауыстыру;

        Білім  алушылардың  академиялық  рейтингі  (Rating)  –  аралық  аттестаттау  нәтижелері 

бойынша  жасалатын  білім  алушының  оқу  бағдарлама  пәнін  игеру  деңгейінің  сандық 

көрсеткіші; Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру 

траекториясы,  оқу  орны  және  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда  білім  алушылардың  игерген  оқу 

пәндерін  (кредит  пен  бағаларын  қоса  алғанда)  салыстыру  және  қайта  сынақтан  өткізуде 

пайдаланылатын  білім  беру  бағдарламалары  компоненттеріне  сынақ  бірліктерін  (несие) 

белгілеу әдісі;

        Тіркеу  офисі  –  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық  тарихын  тіркеумен 

айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне 

есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

      Білім алушының өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – БӨЖ) – өз бетінше оқуға берілген, оқу-

әдістемелік  әдебиеттермен  және  ұсынымдармен  қамтамасыз  етілген,  тест,  бақылау 

жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын 

тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай 

студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – 

МӨЖ)  және  докторанттың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  –  ДӨЖ)  болып  бөлінеді;  БӨЖ-дің 

барлық  көлемі  білім  алушылардан  күн  сайын  өзіндік  жұмыстарды  талап  ететін 

тапсырмалармен расталады;

        Білім алушылардың білім жетістігі – білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке 

тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

Білім алудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен 

аттестаттаудың  әртүрлі  нысандары  арқылы  (ағымдық,  межелік,  қорытынды)  білім 

алушылардың оқу деңгейін тексеру;

       Екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші 

қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) 

бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі; 

        Қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні 

бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін 

бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер  барысында  пәндер  оқытылатын  болса,  онда 

оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау 

жүргізіледі;

    Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – 



ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының 

66

Академиялық анықтамалық

 аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен 

жүргізілетін  студенттің  өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  –  ОСӨЖ),  оқытушының  басшылығымен 

жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  –  ОМӨЖ)  және  оқытушының 

басшылығымен  жүргізілетін  докторанттардың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  –  ОДӨЖ)  болып 

бөлінеді;

        Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен  міндеттерін, 

оның  қысқаша  мазмұнын,  оның  үйрену  тақырыбы  мен  ұзақтығын,  өзіндік  жұмыс 

тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы 

талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

Эдвайзер  (Аdvisor)  –  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық  тәлімгерінің 

қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына  (жеке  оқу  жоспарының  қалыптасуына) 

және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіге ықпал ететін оқытушы;

       Элективті пәндер – белгіленген  кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау 

бойынша,  білім  алушылардың  жеке  дайындығын  көрсететін,  әлеуметтік-экономикалық 

дамытудың ерекшеліктерін, нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда 

болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.



         2. ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРГЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

        Кредитті  технология  бойынша  оқу  үдерістерінің  маңызды  аспектілері  болып,  элективті 

пәндерді  жазуды  орындау  мен  ұйымдастыру  процедурасы  саналады  (Enrollment).  Элективті 

пәндер  (немесе  таңдау  пәндері)  бұл  –  міндетті  пәндерге  толықтыру  ретінде  элективті 

пәндердің  каталогынан  (бұдан  әрі  –  ЭПК)  студенттің  таңдап  алатын  пәндері.  Қазақстан 

Республикасының  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  мен  Типтік  оқу 

жоспарлары мен регламенттелетін компонентті міндетті пәндер деп атайды.

        Тіркеудің нәтижесі болып, оқу пәндерінің міндетті компоненттерімен (кредиттердің көлемі 

көрсетілуімен) қоса таңдап алынатын компоненттері (элективті пәндер) бейнеленетін жеке оқу 

жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) қалыптастырылады. Элективті пәндерді таңдауды деканаттар мен 

эдвайзерлер ұйымдастырады, студенттердің тізімін бақылауды тіркеу офисі ұйымдастырады.

Элективті пәндерге тіркеу мерзімі (Enrollment): 

- 1- курс студенттері үшін 25-29-тамыз 2016 жылдың  аралығында;

- 2,3,4-курс студенттері үшін 2015 жылдың 13-18-сәуір аралығында жүргізіледі.

         ЖОЖ студенттің мамандануын ескере отырып, әр жылға құрастырылады. ЖОЖ негізінде 

академиялық  ағымдар  мен  топтар  құрылады,  ал  егерде  кейбір  пәндерге  жазылушылар 

жетіспеген жағдайда, студенттердің ЖОЖ түзету қажеттілігі туралы хабарланады.

        ЖОЖ  дұрыс  дайындалуының  жауапкершілігін  студенттер  өз  мойнына  алады.  Қателік 

жіберілгенін байқаған жағдайда, оны тез арада эдвайзер мен тіркеу офисіне хабарлау қажет.



         3. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Білім  берудің  кредитті  технологиясында  студенттердің  білімінің  бақылануы  мен  бағалануы 

баллды-рейтингті жүйеде жүзеге асырылады, олар семестр бойы төменде көрсетілген бақылау 

түрлерімен бағамдалады:



67

Академиялық анықтамалық

- ағымдық бақылау;

- Межелік бақылау (7 және 15 апта);

- қорытынды (емтихан).

        Ортақ қорытынды бағаның – 40% емтиханға, ал  60% аралық бақылауға беріледі. Студент-

тің білімі бағаның әріптік жүйесімен бағаланады, ол 100 баллдық деңгей мен төрт баллдық 

сандық  эквивалент  жүйесіне  сәйкес  келеді.  Осы  бағалау  жүйесі  1-кестеде  келтірілген. 

Академиялық  кезеңнің  (семестр)  қорытындысы,    студенттің  сынақ  кітапшасына  бағаның 

әріптік эквиваленті мен төрт баллдық деңгейінің мәні арқылы қойылады.



Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе

бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі

68

Академиялық анықтамалық

        Жаздық  (қосымша) семестр оқу жылының негізгі семестрінің кредит санын толықтыру 

ретінде ұйымдастырылады. Жаздық семестрде студенттер:

· өзінің академиялық қарыздарын жояды;

· GPA көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында дербес пәндерді қайта тапсырады;

· өзінің қалаған пәндерін зерделейді.

        Сонымен  қатар,  жаздық  семестрді  білім  алушылар  академиялық  ұтқырлық  шегі  ретінде 

басқа жоғары оқу орындарында дербес пәндерден білім алу үшін пайдалана алады.

       Жаздық семестрдегі білім алу, әр оқу жылына белгіленген 1 кредит бағасының есебінде 

(нақты  пәннің  кредиттерінің  көлемімен  байланысты)  ақылы  негізде  жүзеге  асырылады. 

Жаздық семестрде білім алған студент оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу пәндеріне 

қатысып,  қорытынды  бақылауға  (емтихан)  рұқсат  алып,  оны  тапсырады.  Жазғы  семестрдегі 

білім алуға тізімдеуді тіркеу офисі жүзеге асырады.   (Бас корпус, 53-офис).

       5. ҚАЗҰАУ СТУДЕНТТЕРІН ОҚУДАН ШЫҒАРУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТӘРТІБІ

      Университет студенттерін ауыстыру мен қайта қабылдау реті ДП ҚазҰАУ 706-II-2012 «ҚазҰАУ 

студенттерін  оқудан  шығару,  қайта  қабылдау  және  ауыстыру  ерекшеліктері»  құжатталған 

процедурамен регламенттелген.



       Университет студенті төмендегі себептер бойынша шығарылуы мүмкін:

· өз  еркімен  (білім  алуын  өзі  қаламаған  немесе  оқуын  жалғастырғысы  келмейтін 

жағдайда);

· ҚазҰАУ-дың  білім  алушыларының  ішкі  тәртіп  Ережелерін  бұзғаны  үшін  (ҚазҰАУ 

студенттерінің Құқықтары мен міндеттері тарауын қараңыз);

· келісім-шарттарын  бұзғаны  үшін  (ақылы  негізде  білім  алатын  студенттің  келісім-

шарттарда көрсетілген оқу ақысын төлемеген жағдайда).

       Білімгердің университеттен шығарылуы туралы бұйрықты студенттің жеке арызы негізінде 

немесе  деканаттың  ұсынысы  бойынша  Тіркеу  офисі  қалыптастырады.  Деканаттың  шығару 

туралы  ұсынысы  түскен  немесе  жеке  арызын  ұсынған  мерзіміне  сәйкес  студент  оқудан 

шығарылады.  Егер  студент  ақылы  негізде  білім  алған  жағдайда,  оған  оқуы  үшін  төлемақы 

бұйрық  шыққан  күнге  дейін  есептеледі.  Осыған  байланысты,  студент  оқуын  жалғастыра 

алмайтыны  және  оқудан  шығуы  туралы  шешім  қабылдаған  болса,  ол  бұл  туралы  деканат 

қызметкерлеріне жедел түрде хабарлап, оқудан шығуы туралы арызын ұсынуы тиіс.

Егер ақылы негізде білім алып жүрген, әртүрлі себептермен оқу ақысын келісімді мерзімінде 

төлей алмаған жағдайда, ол факультет деканына хабарлап (жеке арызы), оқу төлемінің ретін 

деканатпен  келісуі  қажет.  Өйтпеген  жағдайда,  студент  келісім-шартты  бұзғаны  үшін  оқудан 

шығарылады.

       Ақылы негізде білім алып жүрген, оқу ақысын төлемегеніне байланысты оқудан шығарыл-

са, шығарылған уақытынан бастап, төрт апта ішінде (күндізгі оқу бөлімі үшін), ал сырттай оқу 

бөлімі үшін келесі емтихандық сессия басталғанға дейінгі мерзімде қарызын өтесе, онда ол 

оқуға  қайта  қабылданады.  Бұл  жағдайда  оқуға  қабылдау  туралы  жаңа  келісім-шарт 

жасалынады, жасалған келісім-шартта оқудың төлемақысы – оқуға түсудің ағымдағы жылына 

сәйкес болады.



   4.

ЖАЗДЫҚ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

69

Академиялық анықтамалық

       Күндізгі бөлімде білім алушылардың ауысуы және қайта оқуға қабылдануы  туралы арызын 

(арыз  семестр  басталуына  дейін  бес  жұмыс  күні  ішінде  ұсынылуы  қажет)  университет 

басшылығы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қарастырады. Ауыстыру мен оқуға қайта 

қабылдаудың міндетті шарттары: бірінші академиялық кезеңнің (15-тен кем емес кредиттерді 

меңгеруі) барлық талаптарын орындау мен аралық аттестацияны тапсыру болып табылады.

Білім алушылардың қайта қабылдау мен ауысуы кезінде олардың өтіп кеткен академиялық 

кезеңіндегі зерделенген оқу жұмыс жоспары пәндерінің айырмасы анықталады. Оқу жұмыс 

жоспарының  пәндері  айырмасын  факультет  деканы  (деканның  оқу-әдістемелік  жұмыстар 

бойынша орынбасары) анықтайды. Оқу пәндерінің міндетті компоненттерінің айырмасы оқу 

жоспарында (бакалавриат үшін) бестен көп болмаған жағдайда, оқудың сол курсына ауыстыру 

мен қайта қабылдау жүзеге асырылады.  

         Егер оқу жұмыс жоспарының айырмасы көп мөлшерді құраған жағдайда, ауыстыру мен 

қайта қабылдау лайықты курсқа жүзеге асырылады.

        Оқу  жұмыс  жоспары  пәндерінің  белгіленген  мерзімде  (бір  академиялық  кезең  ішінде) 



жойылмаған айырмасы, келешекте академиялық қарыз болып есептеледі.

Document Outline

  • Page 60
  • Page 61
  • Page 62
  • Page 63
  • Page 64
  • Page 65
  • Page 66
  • Page 67
  • Page 68
  • Page 69


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет