Анықтамалық қызмет көрсету, мәліметтерді ілесіп алып жүру және т б. қызметтерді көрсету



жүктеу 318.64 Kb.

бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі318.64 Kb.
түріАнықтамалық
  1   2   3   4

 

 



REWORLD EUROPE s.r.o.  

Директорының  30 тамыз 2013 ж.  

№20130830 Бұйрығымен бекітілген 

 

 



 «ADVOGRAND» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ  БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

 

REWORLD EUROPE s.r.o. (мәтін бойынша әрі қарай — «Компания»)

 

Заңи мекен-жайы: Czech Republic, Praha 2, Zitna 1577/50, PSC 120 00



 

 

Бөлім I. Жалпы ережелер 

 

1 бап. Әрекет ету аймағы 

1.1.  «Advogrand»  қызметтерін  көрсетудің  берілген  Басты  ережелері      (  әрі  қарай  — 

«Басты  ережелер»)  Құқықтық  және  олармен  байланысты  (сервистік,  ақпараттық- 

анықтамалық қызмет көрсету, мәліметтерді ілесіп алып жүру және т.б.) қызметтерді көрсету 

барысында Клиент, Компания мен Қызмет арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді. 

 

1.2.  Басты  ережелер  Компания  еркімен  белгіленіп,  «Advogrand»  қызметтерін  көрсету 

туралы  Шартты  жасасу  үшін  бұқаралық  оферта  болып  табылып,  Клиентпен  оған  толықтай 

қосылу тәсілімен ғана қабылдануы мүмкін.  

1.3. Қызмет көрсетулер Клиеттерге Компанияның құқықтық Қызмет көрсету үшін тиісті 

келесім-шарт  жасасқан  Қызметпен  ұсынылады.  Қызметтер  «Advogrand»  брендімен 

ұсынылады.  

1.4. Басты ережелер Қызметпен оның орналасу мемлекеті мен әрекет етуіне қарамастан,  

Қызмет  көрсетулердің  бір  стандарттарын  белгілейді.    Компания  Басты  ережелермен  

көзделген тәртіп пен шарттарда қызметтердің Қызметпен  көрсетілуіне кепілдік береді.   

 

1.5.  Басты  ережелерді  назарға  ала  отырып,  Клиент  осымен  Басты  ережелерге 

ұсынылатын  кез-келген  қосымшаларының,  сонымен  қатар,  олардың  негізінде  жасалған 

құжаттардың  тәртіптерін толықтай және сөзсіз қабылдайды. 

 

 

2 бап. Терминдер мен анықтамалар  



2.1.  Бөлімдердің  (баптардың)  барлық  атаулары  Басты  ережелерде  тек  қана  (оқу) 

пайдалану ыңғайлылығы үшін қолданылып, Басты ережелердің шарттарының түсіндірілуіне 

әсер  етпейді.      Тараптардық  өзара  қарым-қатынасында  қолданылатын  терминдер  мен 

анықтамалар Басты ережелермен бекітілген анықтамаларға сәйкес талқылануға жатады және 

басқа  кайнаркөздерде  ұқсас  терминдердің  басқа  анықтамалары  қолданылған  болса  да 

басқаша талқылануға жатпайды.   



2.2.  «Advogrand»  қызметтерін  көрсету  туралы  Шарты  —  қызмет  көрсету  барысында 

тараптардың  өзара  қарым-қатынасын  анықтайтын  Клиент  пен  Компания  арасындағы  

келісім-шарт  (сонымен  қатар,  Карта,  Шарттың  айырылмас  бөлігі  болып  табылатын,  тиісті 

Тарифтік жоспар Негізгі ережелер).  



2.3.  Басты  ережелер  —  осы  құжат,  оған  қосымшалары,  сонымен  қатар,  осы  құжаттың 

ережелеріне сәйкес рәсімделген мүмкін болатын өзгерістер мен толықтырулар. 

 

2.4.  Қызмет  —  тиісті  шарттың  негізінде  Басты  ережелермен  және  оның 

қосымшаларымен  анықталатын,  тәртіп  пен  шарттарда  Қызметтерді  көрсету  мақсатында     

Компаниямен  қатыстырылатын  заңды  тұлға.  Нақты  Қызметтің  ресми  реквизиттері 

http://els24.com. ғаламтор-сайтында жарияланған. 

 

2.5.  Тарифтік  жоспар  —  Басты  ережелерге  қосымшасында  көрсетілген  тиісті  Картаны 

алу барысында пайдалануға құқығы бар Қызметтер тізбегі, сонымен қатар, олардың саны.  



2.6. Өнім жиынтығы — Басты ережелермен және оның ресми қосымшасымен көзделген, 

қажетті  мәліметтерді  және  қызметтерді  алу  тәртібі  және  өнім  жиынтығын  алушыларына 

құқықты  ұсынатын,  қызмет  көрсету  Аумағында  таратылу  мақсатымен  Компаниямен 


 

 



материалды  және/немесе  электрондық  түрде  шығарылған  құжаттар,  материалдар  мен 

ақпараттар.  Өнім  жиынтығын  иелену  тәртібі,  оның  бағасы  Компанияның  ұсынысымен 

анықталады және де осы Басты ережелермен реттелмейді.  

2.7.  Клиенттік  картаның  нөмірі  —  Қызмет  алуға  хабарласу  кезінде  Клиентті 

сәйкестендіруге  мүмкіндік  беретін  Картада  көрсетілген  бірегей  нөмір.  Карта  нөмірі  болып 

«Advogrand» қызметін көрсету туралы Шарты түсініледі.

 

2.8.  Маманның  қорытындысы  —  Қызмет  көрсету  Аумағы  құқығына  сәйкес  берілген 

сұрақтарға  жауап  түрінде  Маманмен  жүргізілген,  зерттеу  нәтижесі  мен  жолын 

білдіретін,Маман  алдында  қойылған  құқықтық  мәлелелер  пікірді  білдіретін,  Құқықтық 

қызмет көрсету нысаны.  

 

2.9.  Маманның  кеңесі  —  Қызмет  көрсету  Аумағының  қолданыстағы  заңнама 

щеңберінде  шешу  тәуекел,  әдістер  мен  тәсілдері  берілген  Сұраныс  бойынша  құқықтық 

мәселелер  бойынша  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормалар  бойынша  тұлғаның 

мүмкіндіктері  мен  мәселелерін  анықтамасы  мен  бағалануын  қоса  алғанда  түсіндірме, 

ұсыныстар мен кеңес берудің басқа да нысандары түріндегі құқықтық қызмет ұсыну түрі.    



2.10.  Қызметтің  құқықтық  көзқарасы  —  қойылған  сұрақ  бойынша  Қызмет  көзқарасы 

және Қызмет көрсету Аумағы құқығына сәйкес оның құқықтық негіздемесі.   



2.11. Клиенттік картаның Активтендіріледі  — сұранысты жасауға Клиентке мүмкіндік 

беретін  Клиентті  іс  жүзінде  қосу  үшін  қажетті,  сәйкестендіру  мәліметтерін  сақтап  қалу 

мақсатымен Компанияның клиенттік базасында және реестрді жүргізу жүйесінде Клиенттің 

толықтай  инициализациялануына  бағытталған  Карта  иесінің,  Компания  және/  немесе  Ма-

манның әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.  

2.12.  Клиенттік  карта  (Карта)  —  Өнім  жиынтығының  құрамына  кіретін  және 

сәйкестендіру  мәліметтерінен  тұрып,  тиісті  Тарифтік  жоспар  мен  Басты  ережелерге  сәйкес 

Қызметті  алу  мүмкіндігін  беретін  тарифтік  жоспарға  сілтемесі  бар  материалдық  және 

электрондық түрдегі картасы. 

 

2.13.  Сәйкестендіру  мәліметтері  —  Картада  көрсетілген  және  активтендіру  кезінде 

Клиетпен ұсынылған, Компания Клиенті (клиентті сәйкестендіру) мен карта иесі арасындағы 

ұқсастықты анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат жиынтығы.  

 

2.14.  Клиент  —  Активтендірілмеген  Картаны  иелігіне  және  пайдалануға    алумен 

расталған, сонымен Басты ережелерді қабылдаған, Қызметті алуға құқықты алған жеке тұлға.  

Басты  ережелер  бойынша    Компанияның  міндетін  орындау  мақсатында  Клиент  болып 

Картаны активтендіру кезінде өзінің сәйкестерндіру мәліметін атаған жеке тұлға есептеледі.    

Тарифтік жоспармен анықталған Клиент болып табылуы мүмкін (қызметті пайдаланушылар) 

жеке тұлғалардың қосымша категориясы.  

Қызметті  көрсету  мерзімі  —  Тарифтік  жоспармен  орнатылған,  Қызмет  көрсетуге 

Қызметтің міндеті сақталған уақыт мерзімі.  

2.15.

 

 Қызметті  пайдаланушылар  —  Басты  ережелерге  Қосымшалар  щеңберінде 

Клиенттің хабарласу құқығы берілген, Басты ережелерде көрсетілгендерден басқада тұлғалар.  

 

2.17.  Клиенттің  жеке  мәліметтері  —  осындай  ақпарттың  незінде  анықталатын  немесе 

анықталған Клиенттің ақпараты, атап айтқанда: 

 

-  Клиенттің  жеке  мәліметтерін  қоса  алғанда,  Активтендіру  кезінде  немесе  Қызметті 



пайдалану процессінде Клиент өзі туралы өз еркінше ұсынатын жеке ақпарат; 

-  Қызметті  пайдалану  кезінде  автоматты  түрде  ұсынылатын  мәліметтер,  соның  ішінде 

келесілерді  қоспағанда:  осылардың  көмегімен  Қызметтерге  қол  жеткізуге  болады  IP,  MAC, 

ICCID  мекен-жайлары,  Клиенттің  құралы  туралы  бірегей  мәліметтер,  телефон  нөмірлері, 

аумақтық кодтар, Клиентті бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпараты; 

- ұсынылуы мен жинақталуы Клиетпен жеке анықталатын басқа да ақпараттар.  



2.18.  Қызметті  көрсетуге  Сұраныс  (Сұраныс)  —  Компания    және  Қызметпен 

анықталған  талаптаптарға  сәйкес  жасалған  және  қызметті  ұсынуға  қажетті  барлық 

ақпараттан  тұратын,  қызметті  алуға  Басты  ережелермен  және  тиісті  Тарифтік  жоспарға 


 

 



сәйкес жолданған ауызша немесе электронды хат  нысанында жасалған Клиенттің (басқа да 

өкілді тұлға) сұранысы.

 

2.19.  Маман  —  қызметті  көрсетуге  қажетті  және  жеткілікті  білімі  бар  қызметтің 

қызметкері (немесе Қызмет тиісті шарт жасасқан кез-келген тұлға).  



2.20.  Құжат  —  мәтіндік  немесе  /және  медиа  форматтарда    тіркелген  маңызды  заңи 

ақпараттары бар, берілген міндетті реквизиттерді қосатын, олардың құрамына Қызмет елінің 

мемлекеттік (ресми) тілінде, сонымен қатар Арнайы құқықтық білімнің (мысалы техникалық, 

медициналық,  қаржылық  және  т.б.)  қолдануынсыз  қол  жетімді,  тиісті  Ережелермен 

анықталған басқа да тілдерде берілген электронды файл.  

 

2.21.  Электрондық  хаттар  —  Электронды  байланыс  құралдары  арқылы  жолданатын 

электрондық хабарламалар, құжаттар, құжаттар көшірмесі  және ақпаратты сақтайтын басқа 

да тасушы, электронды байланыс құралады арқылы берілетін басқа да ақпарат.  



2.22.  Қызмет  көрсету  Аумағы  —  Компания  ұсыныстарына  сәйкес  Қызметтер 

ұсынылатын  Қызметтің,  оның  өкілдіктерінің,  құрылымдық  бөлімшелерінің    орналасқан 

елінің аумағы. 

2.23.  Қызмет  Уақыты  —  тиісті  Қызметтің  орналасқан  жері  елі  астанасының  сағаттық 

аймағынаң уақыты .

 

 

3 бап. Реттеу  



3.1.  Басты  ережелерді  орындау  немесе  қабылдаудан  шығатын  тараптардың 

қатынастарына Компанияның орналасқан елінің құқығы қолданылады. 

 

 

II  бөлім.  «Advogrand»  қызметтерін  көрсету  туралы  Шартты  жасасу  тәртібі  мен 



шарттары. 

 

4 бап. «Advogrand» қызметтерін көрсету туралы Шартын жасасу тәртібі мен оның 



әрекеті. 

 

4.1.  «Advogrand»  қызметтерін  көрсету  туралы  Шартына  сәйкес  Компания  Клиентке 

онымен таңдалған Тарифтік жоспарына сәйкес Қызметтерді Қызметтерді көрсету аумағында 

алуына мүмкіндік ұсынуға кепілдік береді.

 

4.2.  Клиент пен Компания арасындағы шарты жасалған болып саналып, екі тарапқа да 

Клиент  Басты  ережелерді  қабылдағаннан  бастап  (акцепт)  міндетті  болып  табылады.  

Клиенттің  толықтай  және  сөзсіз  Басты  ережелермен  келісуі  Клиенттің  Қызметті  алуға 

құқығының  алу  болып  есептеледі,  ол  Өнім  жиынтығын  иелігіне  жіне  пайдалануына 

алғанымен расталады, сондай ақ, онда сәйкестендіру мәліметтерін алу көзделеді.    

4.3.  Клиенттің  Картаны  активтендіруге  хабарласқаннан  соң  объективті  түрде    пайда 

болатын  құқықтар  мен  міндеттерді  қоспағанда,  құқықтар  мен  міндеттер  шартта  жасасқан 

кезден бастап пайда болады.

 

4.4.  Клиентке қызмет көрсету бойынша Қызметтің құқықтары мен міндеттері Картаны 

активтендерген  кезден  бастап  пайда  болып,  тиісті  Тарифтік  жоспармен  анықталатын 

Қызметтерді көрсетудің мерзімінің ұзақтығына созылады.    



4.5.  Клиент  Картаны  активтендіргенге  дейін  Шарт  бойынша  өз  құқықтары  мен 

міндеттерін толықтай беруге құқылы, алайда бұл жағдайда ол осы құқықтар мен міндеттерді 

қабылдайтын  тұлғаға  Қызметтің  тұтынушылық  ерекшеліктері  мен  құқықтары  мен 

міндеттерін, Басты ереженің баптарын түсіндіре отырып, беруі қажет. 

 

4.6. Басты ережелердің 4.5 тармағымен көзделген міндеттер мен құқықтарды беру өнім 

жиынтығын  толықтай  жиынтығымен  беру  жолымен  жүзеге  асырылады.    Мұндай 

жағдайлардың бәрінде Клиент Қызмет  туралы берілетін ақпараттың дұрыстығына жауыпты 

болып табылады.  

 

4.7.  Карта  Компаниямен  оны  активтендіру  үшін  соңғы  мерзім  болып  анықталған 

мерзімге дейін активтендіріледі.   Егер де Клиент Картаны активтендіру құқығын белгіленген 

мерзім  ішінде  пайдаланбаса,  «Advogrand»  қызметін  көрсету  Шарты  Картаны  активтендіру 


 

 



мерзімі  аяқталу  күнінен  бастап  өз  әрекетін  тоқтатады,  бұл  жағдайда  Клиент  алдындағы 

Компанияның  міндеттемелері  орындалған  болып  саналып,  ал  Қызметтер  пайда  болмаған 

болып есептеледі.  Егер Картаны уақытында активтендірмесе Клиент осы тармақта қолайсыз 

салдардың  тәуекелін  өз  мойнына  алады.  Егер  де  Клиент  Картаны  көрсетілген  мерзімде 

активтендірсе  шарттың  әсер  ету  мерзімі  өнім  жиынтығын  алған  кезден  бастап  уақытына 

және де тісті Тарифтік жоспармен көзделген Қызмет көрсетудің мерзіміне тең болады 

 

4.8.  Қызмет  көрсетудің  бастапқы  күні  болып  Картаны  активтендірген  күн  болып 

саналады.

 

4.9.  Клиенттің  шарт  әрекеті  мен  Қызмет  көрсету  мерзімі  қызмет  алуға  сұраныс  жасау 

мүмкіндігі болмаған уақытқа созылмайды. 

 

4.10. Шарттың талаптарына өзгерістерді енгізу Клиентке тиісті ұсыныстарды (сонымен 

қатар, 


қысқаша 

мәтіндік 

хабарламарды 

(SMS), 


электрондық 

хаттарды,  

Компанияның/Қызметтің  сайтындағы,  бұқаралық  ақпараттық  құралдардағы  басылымдар 

және    басқа  жолдармен)  жүзеге  асырылады.  Мұнда  егер  де  Клиентпен  берілген 

хабарламаларды    немесе  хабарлама  ілінген  күннен  бастап  10  (он)  күнтізбелік  күн  ішінде 

Компания ішінара немесе толықтай Клиенттен осындай өзгерістерді қабылдаудан  жазбаша 

бас  тарту  хабарламасын  алмаса  Клиент  Қызметтерді  пайдалуды  жалғастыра  береді,  бұл 

Клиенттің көрсетілген өзгерістермен Клиенттің келісуін білдіреді.       

 

4.11.  Компания  тиісті  тарифтік  жоспардың  ережелерімен  анықталған  Басты  ережелер 

талаптарын алып тастауы мүмкін.  



4.12.  Басты  ережелерге  қосымша  болйып  табылатын  тиісті  Тарифтік  жоспарлармен 

Қызмет көрсету мерзімі көрсетіледі.  

 

5 бап. Картаны Активациялау және Клиентті Сәйкестендіру.  

5.1.  Картаны активтендіру Қызметке Картаның активтендіру мерзімі аяқталғанға дейін 

тиісті  сұраныстың  жасалу  және  Қызметпен  активтендіруге  міндетті  болып  табылатын 

мәліметтерді  сұрату  жолымен  жүзеге  асырылады,  сонымен  қатар,  келесілерді  есептей 

отырып  жауапты  болады:  карта  нөмірі,  Клиентің  жеке  мәліметтері  (фамилия,  аты,  сонымен 

қатар, әкесінің аты (егер бар болса), оның байланыс реквизиттері), кұпия сөз, тексеру сұрағы 

және оған жауап. 

 

5.2.  Активтендіру  кезінде  қызмет  алуға  Клиент    құпия  сөзді    (бірегей  әріп  пен 

сандардың жиынтығы), тексеру сұрағы мен оған жауапты өз еркімен таңдайды.  

 

5.3.  Қызмет  Клиентпен  таңдалатын  белгілі  бір  Сәйкестендіру  мәліметтерінің 

қолданылуына тыйым салуы мүмкін, сонымен қатар, арнайы талаптарды қоюы мүмкін.   



5.4.  Клиент  өз еркімен таңдалған Сәйкестендіру  мәліметтерінің қауіпсіздігіне жауапты 

табылады, сонымен қатар өз еркімен осы мәліметтердің құпиялылығын қаматамсыз етеді.

 

5.5.  Қызметке активтендіру үшін жасалған сұраныс жеке Клиенттің өзімен жүргізілген 

әңгімені  жазусыз  жасалуы  қажет.  Картаның  үшінші  бір  тұлғалармен  аквтивтендірілуіне 

тыйым салынады.  

5.6.  Картаны  активтендіруге  қажеттік  ақпаратты  ұсынбаған  жағдайда  немесе  Басты 

ережелердің  басқа  да  талаптарын  бұзған  жағдайда  Қызмет  Картаны  активтендіруден  бас 

тартуға құқылы.    

5.7.  Картаны  алған  тұлға  Картаны  пайдалануға  құзыретті  емес  кез-келген  үшінші 

тұлғаның    пайдалануымен  байланысты  барлық  тәуекеліне  жауапты  болып  табылады,  ал 

Компания қызметті пайдалануға құзыретті емес тұлағалардың мүмкіндігін шектеу мен алдын 

алуға барлық қажетті әрекетті жасауға міндеттенеді.  

 

5.8.  Клиентті  сәйкестендіру  Қызметке  хабарласудың  барлық  жағдайларында  жасалады 

және Клиентке Қызмет көрсетудің міндетті талабы болып табылады.  

 

5.9.  Клиентті  сәйкестендіру  процедурасы  Клиенттің  Қызметке  хабарласу  нысанына 

байланысты және Қызметтің өз еркімен анықталады.   

 


 

 



5.10.  Клиентті  сәйкестендіру  кезінде,  сонымен  қатар  ақпаратты  жазу,  өңдеу  мен  жою 

үшін де арнайы ақпараттық-аппараттық құралдар қолданылуы мүмкін.    



5.11. Егер де Қызметке Клиентпен берілген мәліметтер бойынша  Клиетті сәйкестендіру 

мүмкін болмаса, Қызмет Клиетке қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.   



5.12.  Клиент  электрондық  мекен-жайын,  факс  нөмірін  бере  отырып,  ашық  байланыс 

каналдары арқылы (интернет, факс) электрондық хат алысуға келісімін береді.  



5.13.  Қызметке    қызмет  көрсетуді  талап  ету  туралы  жолданатын  анонимді  сұраныстар 

қаралмайды.

 

 

III бөлім. Қызмет көрсету тізімі, көлемі, тәртібі мен шарттары 



6 бап. Қызметті көрсету шарттары  

6.1.  Клиентке  көрсетілетін  Қызметтердің  көлемі  мен  тізімі  онымен  таңдалған,  Басты 

ережелерге  қосымша  болып  табылатын,  сонымен  қатар,  осы  бапта  көрсетілмеуі  мүмкін 

Қызметтер қоса алғанда, Тарифтік жоспармен анықталады. 

 

6.2.  Қызмет  тиісті  Тарифтік  жоспарлармен  көрсетілетін  қосымша  Қызметтердің 

көрсетілу мәселесін қарастыра алады, олар туралы ақпарат Клиент назарына ресми сайттарда

ақпараттық  буклеттерде,  анықтамаларда  және  де  Коспанияның  немесе  Қызметтердің 

материалдарында орналастырылу жолымен жүзеге асырылады. 

 

6.3.  Қызметтер  мен  қосымша  Қызметтерден  бөлек  Клиент  қызмет  көрсету  мерзімінде 

басқа  да  Қызметпен  көрсетілетін  қызметтерді  сұрата  алады.        Мұндай  қызметтердің 

көрсетілу шарттары Қызметпен пен Клиент арасында  жеке келісіледі немесе Қызметпен өз 

бетінше  бекітіліп,  бұқаралық  оферта  талаптарына  сәйкес  жасалатын  Шарт  негізінде 

келісіледі.  

 

6.4.  Құқықтық  қызметтер  Қызмет  көрсету  Аумағының  құқығы  негізінде,  сондай-ақ, 

Қызмет  көрсету  аумағының  құқықтық  жүйесінің  құрамдық  бөлігі  болйып  табылатын, 

халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының негізінде көрсетіледі.   Қызметті көрсету 

аумағының  құқығына  сәйкес  реттелетін,  пәні  корпоративтік,  тәуелді,  қызметтік  басқа  да 

жекеленген  немесе  пайдалануды  шектетілген  Сұраныстар  бойынша  құқықтық  Қызметтер 

мұндай реттелуге жатпайтын бөлігінде көрсетіледі.

 

6.5. 

Барлық 


қызмет 

жеке 


клиентке 

және 


оның 

пайдасына  көрсетіледі.  Сонымен  қатар  клиент  жақын  туыстардың  (ерлі-зайыптылар,  ата-

аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған 

туыс 


аға-iнiлерi 

мен 


апа-сiңлiлерi, 

атасы, 


әжесi, 

немерелерi;) 

пайдасына 

сұрақпен 

хабарласа 

алады. 


Осы пункттың 

ережелері жеке тариф шегінде өзгере алады. 



6.6.  Қызметтер  өз  атынан  және  де  өз  мүдделерін  қорғау  үшін  әрекет  ететін  6.5 

тармағында  көрсетілген  тұлғалар  (басқа  тұлғалар  көздеоген  қызметтерді  қоспағанда) 

қатысушы  болып  табылатын    өзара  қарым-қатынас  немесе  өзара  әрекетпен  байланысты, 

сондай  ақ,  шынайы  болатын  немесе  болып  кеткен  оқиғаларға  байланысты    Сұраныстар 

бойынша ғана көрсетіледі.  

6.7. Клиентпен делдалдық  әрекет сипаттынғы кез-келген сұраныстар бойынша қызмет 

көрсетілмейді,  мысалы  адвокаттық  немесе  құқықтық  қызмет,  нотариус  ретінде  қызмет, 

консалтингтық,  риелторлық,  бухгалтерлік,  аудиторлық  және  басқа  да  осы  тектес  кәсіптер, 

сұраныстар  Клиенттің  қызмет  тұтынушыларының  мүдделерін  қорғауға  ұсынылатын 

Қызметтерді жүргізумен байланысты сұраныстарға қызмет көрсетілмейді.   

6.8. Қызметті ұсыну нысаны барлық жағдайда Компания және Қызметпен анықталады. 

 

6.9.  Барлық  Қызметтер  Басты  ережеге  сәйкес  жасалған  сұраныстарға  ғана  көрсетіледі.   

Басқа нысанда жасалған сұраныстар қарастырылмайды. 

 

6.10.  Қызмет  көрсетулердің  барлық  нәтижелер  келіп  түскен  сұранысқа  байланысты 

жасалады, қажет болған жағдайда Сұраныста көрсетілген фактілерге (оқиғалар, жағдайларға), 

құқықтың ережелеріне және де Қызмет көрсету Аумағының құқықты қолдану тәжірибесіне, 



 

 



сонымен  қатар,  Қызметтің  ішінде    қызмет  көрсету  тәжірибесіне  байланысты  Маманмен 

талқылану мен талдануға жатады.   

 

6.11.  Қызметті  алу  үшін  Клиентте  тиісті  бағдарламалық  және  аппараттық  құралдар 

болуы  қажет,  егер  де  олар  болмаса  Сұраныс  жасаудың  немесе  Қызмет  көрсету  нәтижесін 

алудың мүмкіндігі болмайды.

 

6.12. Қызметті алу үшін Клиентте активтендірілген Карта болуы қажет, мұнда Картаны 

заңсыз иеленуді есептемегенде, барлық сәйкестендіру мәліметтеріне ие болу түсініледі.

 

6.13.  Нақты  Қызметте  қызметтің  көрсетілуі  қажетті  жөндеу  және  профилактикалық 

жұмыстардың  болуымен,  сонымен  қатар,  Компаниямен  бекітілген  тәртіпте  Клиентке 

хабарланып,  Қызмет  көрсету  Аумағының  заңнамасымен  көзделген  жағдайда  тоқтатылуы 

мүмкін. 

 

6.14.  Клиенттің  барлық  сұраныстары  Қызметпен  Қызмет  көрсету  бойынша 

толдыққанды  қызметті  жүзеге  асыру  мақсатында  жазылады.  Басты  ережелермен  көзделген 

Қызметтерді  алуға  сұраныс  жасай  отырып,  Клиент  өзінің  қатысы  бар  жазбалардың 

жинақталуына,  сақталуына,  пайдаланылуына,  жойылуына  трансшекаралық  берілуіне 

келісімін  береді.    Клиеттің  қатысуымен  жасалған  жазбаны  тарату  тек  қана  Клиенттің  оған 

келісімін бергеннен кейін жүзеге асырылады.

 

 



7 бап. Қызметті көрсету тәртібі  

7.1. «Ауызша кеңес беру» қызметі.

 

7.1.2.  Қызметті  көрсету  нәтижелері  телефонмен  немесе  Қызметпен  көрсетілген    басқа 

да ауызша дистанциялық байланыс құралдары арқылы ұсынылады.  

 

7.1.3. Қызметті алу үшін:  

- Қызметке хабарласу;  

-  Қызметпен  сұратылатын  мәліметтерді  хабарлау  және  қажетті  әрекеттерді  жасау 

жолымен сәйкестендіруді өту;  

- Басты ережелермен белгіленген талаптарға сәйкес сұраныс жасауы қажет.  




  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал