Анықтамалық-жол көрсеткіш



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата27.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10574
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

3.12 Студенттің өздік жұмысы 

 

3.12.1 Жалпы ережелер 

3.12.1.1 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – өз бетінше оқып-үйренуге бөлінген белгілі 

бір  тақырыптар  бойынша  жұмыс.  СӨЖ  тестілеу,  бақылау  жұмысы,  коллоквиум,  реферат, 

шығарма, есеп түрінде тапсырылады. 

3.12.1.2  Оқыту  әдістері  -  әдебиетпен,  электронды  деректер  базасымен  және 

компьютерлік 

оқыту 

бағдарламаларымен 



жұмыс 

жасау, 


жағдайға 

жағдаяттық 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

49 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

тапсырмаларды  шешу,  тесттік  тапсырмаларды  шешу,  рефераттарды  дайындау  және  қорғау, 



анатомиялық  залда  жұмыс  жасау,  муляждармен  жұмыс  жасау,  өз  бетінше  оқуға  берілген 

тақырыптар бойынша оқытушыдан консультация алу және т.б. әдістер.  

3.12.1.3  СӨЖ  тақырыптары  мен  оны  өткізу  формалары  пәннің  жұмыс  бағдарламасы 

бойынша СӨЖ тақырыптамалық жоспарына сәйкес құрастырылады.  

3.12.1.4  СӨЖ  тақырыптарының  сұрақтары  межелік  бақылауға,  сонымен  бірге 

қорытынды бақылау емтихан билеттеріне шығарылады.  

3.12.1.5  Студент  кафедра  межелеген  мерзімде  СӨЖ  барлық  тақырыптарын  тапсыруы 

тиіс.  СӨЖ  кафедра  белгілеген  мерзімде  өткізілуі  керек.  Ол  болмаған  жағдайда  кафедра 

Тәртіп саясатына сәйкес айыппұл шараларын қолдануы мүмкін.  

3.12.1.6  Пәнді  оқу  аяқталысымен  СӨЖ  бойынша  орташа  балл  есептелінеді.  СӨЖ 

бағалары журналға қойылады. СӨЖ-ден алынған балдар РРБ бағасына әсер етеді 

 

3.12.2 СӨЖ-дің орындалу формалары 

3.12.2.  СӨЖ-ді  орындау  формалары  –  реферат,  рефератқа рецензия беру, презентация, 

тестіні/жағдаяттық  тапсырманы  құру,  тестіге/жағдаяттық  тапсырмаға  рецензия  беру,  оқу-

клиникалық орталықта жұмыс (манипуляцияны үйрену), анатомиялық залда жұмыс (мәйітті 

препараттау), клиникадағы кезекшілік, сырқатнаманы жазу және т.б.  

3.12.2.2  Рефератты  ресімдеуге  қойылатын  талаптар:  реферат  бір  жарым  интервал 

қолдану арқылы А4 форматта, қаріп мөлшері «14», «Times New Roman», жоғары, оң, төмен 

парақтың жиектері – 2 см, сол жиек – 3 см формасында компьютерде терілуі қажет.  

3.12.2.3 Реферат мазмұнына қойылатын талаптар: 

-  сауаттылық,  нақтылық,  айқындық  және  материалды  баяндағанда  логикалық 

жүйелілік сақталуы керек; 

- айғақтың нанымдылығы; 

- екіұшты түсінік болмауы үшін тұжырымды нақты және қысқа етіп беру қажет; 

3.12.2.4 Реферат мазмұнының шамамен алғандағы сұлбасы:  

Жұмыс  тақырыбы,  мақсаты  және  міндеті,  мәселенің  қазіргі  заманғы  жағдайы, 

аталмыш  мәселені  зерттеу  және  рефераттың  сол  тақырыбы  бойынша  зерттелген  нақты 

мәселелерді тізбектеу қажеттілігі. Қорытындылар мен ұсыныстар. Реферат көлемі 5-8 бет. 

3.12.2.5  Мазмұнында  –  кіріспе,  жұмыстың  барлық  бөлімдерінің  аты,  нөмірлері, 

қорытындылар,  ұсыныстар,  қолданылған  әдебиет  тізімі  көрсетіледі,  әр  бөлім  және 

тақырыпшаның қай беттен басталатыны белгіленеді.   

3.12.2.6  Кіріспе  1-2  беттік  көлемде  жазылады,  онда  тақырыптың  қысқаша  негіздемесі, 

рефераттың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі баяндалады. 

3.12.2.7  Әдебиеттерді  шолуда  (3-5  беттер)  реферат  тақырыбы  бойынша  жарияланған 



әдебиеттерге  жүйелендірген  анализ  беріледі.  Студент  әртүрлі  авторлар  баяндаған 

мәселелерге  сыни  баға  береді,  реферат  тақырыбы  бойынша  мәселені  зерттеу  қажеттілігі 

туралы  қорытынды  жасайды.  Тексте  қандай  да  бір  әдебиет  көздеріне  сілтеме  жасау 

қолданылған әдебиеттер тізімінің реттік номеріне сәйкес цифрмен жақшаның ішіне алынады.  

3.12.2.8  Қорытынды  2-5  тармақтан  тұрады  және  олар  реферат  тақырыбы  мәніне  сай 

келіп, жеткілікті түрде нақты болуы тиіс.  

3.12.2.9  Әдебиеттер  тізім  алфавиттік  ретпен  (авторлардың  тегі  бойынша)  құрылады 

және 5-15 атауды енгізуі тиіс. 

3.12.2. 10 Рефератты бағалау критерийлері:  

-

 



жүргізілген зерттеу мақсаты мен міндеттерінің негізделуі; 

-

 



жүйелі түрде, сауатты, анық баяндай білуі; 

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

50 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

-



 

қолданылған әдебиет көлемі; 

-

 

жұмысты ресімдеу сапасы; 



рефератты  қорғау  қысқа,  нақты,  анық,  логикалы  баяндауы,  проблеманы  және  кәсіптік 

тілді меңгеру деңгейі); 

-

 

қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға жауаптың толықтығы; 



-

 

жұмыстың ерекшелігіне қарай өзге де параметрлер.  



3.12.2.11  Ұсынылған  реферат  рецензияға  жіберіледі.  Студенттер  рецензент  ретінде 

болады (бұдан әрі – рецензент). Рецензент рефератқа жазбаша түрде рецензия жазады.  

3.12.2.12Реферат рецензиясын жазуға қойылатын талаптар: 

  3.12.2.13 Рефератқа берілген рецензияда мыналар көрсетілуі тиіс:  

   -  тақырыптың  өзектілігі,  ұсынылған  тақырып  жаңалығы  мен  іс  жүзіндегі 

маңыздылығы,  

 

- қорытынды мен ұсыныстардың болуы; 



- мәселені шешу мен жұмысты аяқтау дәрежесі, жұмысты дұрыс құрастыру;  

- автордың ғылыми әдебиетті білуі;  

- тақырыпты терең зерттеуі және аргументті дәлелдей алуы;  

-  қорытындының сәйкестігі және оның маңыздылығы; 

-    жұмыстың құрастырылу қисындылығы, сауатты баяндау  мен ресімделудің талапқа 

сай келуі; 

-  ескертулер  мен  ұсыныстарды  атап  көрсету,    қорытынды  сөзде  рецензент  жұмысқа 

баға беріп, реферат талаптарына сәйкестігі туралы өзінің пікірін айтады. 

3.12.2.14 СӨЖ орындау формасы – презентация. 

3.12.2.15 Презентация мазмұны оқу тақырыбындағы немесе жобаның оқу бөліміндегі 

студенттің өзіндік жұмыс мақсатын қамту қажет.  

3.12.2.16  Студенттің  презентациясы  мазмұнын  талдайтын  бағалау  өлшемдеріне 

мыналар қосылуы мүмкін: 

- қасиеттердің, құбылыстардың және т.б. толық сипаттау;  

- ұсынылған проблеманы талдау;   

- және тағы басқалары. 

3.12.2.17  Білім  алушының  презентациясы  текстінің  дұрыстығын  талдайтын  бағалау 

өлшеміне:  

- орфографиялық және пунктуациялық қателердің болмауы; 

- ғылыми терминологияны қолдану;  

- ақпарат нақты, толық, тиімді және өзекті болуы тиіс. 

3.12.2.18 Студент презентациясының дизайнын талдап, бағалау критерийлері: 



-  жалпы  дизайн  –  презентацияны  ресімдеудің  ойға  қонымдылығы,  эстетика 

талаптарына жауап беруі, презентация мазмұнына дизайнның қарсы сипатта болмауы; 



-  диаграммалар  мен  суреттер  –  презентация  бейнесінің  тартымдылығы, 

қызықтылығы және мазмұнға сәйкес келуі, текстің үстіне шықпауы (егер ол арнайы эффект 

болмаса);  

-  текст,  бояу,  фон    текст  оңай  оқылып,  фонның  графикалық  элементтермен 

үйлесімдігі;  



- тізімдер мен кестелер  кестелер мен тізімдер дұрыс құрастырылуы мен орналасуы; 

- барлық сілтемелер қосылады. 

3.12.2.19 Презентацияға қойылатын талаптар: 

3.12.2.20 Слайдтарды ресімдеу 

Стиль: - ресімдеудің бірегей стилін сақтаңыздар;  

- презентациядан алшақ стилді қолданудан бас тартыңыздар; 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

51 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

            -  көмекші  мәлімет  (басқару  тетіктері)  негізгі  мәліметтерден  (текст,  сурет)  басым 



болмауы тиіс. 

Фон:    - фонға көк немесе жасыл түстерді таңдаңыз; 

Бояуды қолдану: 

-  бір  слайдта  3  көп  емес  бояуды    қолдану  ұсынылады:  біреуі  фонға,  екіншісі 

тақырыптар атауына, үшіншісі текстке.  

- фон мен тексте қарама – қарсы түстер қолданыңыз.  

            - гиперсілтеме түсіне ерекше назар аударыңыз (қолдану алдында және соңында)  

Анимациоялық эффектлер:  

 

 

- слайд мәліметін таныстыру үшін компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз. 



           -  слайдтағы  мәлімет  мазмұнынан  көңіл  аудармау  үшін  әртүрлі  анимациялық 

эффекттерді теріс пайдаланбаңыз. 

 

3.12.2.21 Мәліметті ұсыну 



Мәлімет мазмұны: 

- қысқаша сөздер мен сөйлемдер қолданыңыз; 

- демеуліктер, үстеулер, сын есімдер санын азайтыңыз; 

 

- тақырып атаулары аудитория көңілін қызықтыруы қажет;  



Парақ бетінде мәліметтің орналасуы:    

- мәліметтердің көлденең орналасуы тәуір.  

- аса маңызды мәлімет ортада орналасуы қажет. 

 

- егер де слайдта сурет болса, онда оның астында жазу жазылуы тиіс. 



Шрифттер:  

- тақырыптар атауы – 24 кем емес.  

- мәліметтер үшін – 18 кем емес..  

- кертпесіз шрифт алыстан оңай оқылады. 

- бір презентацияда әртүрлі шрифтті араластыруға болмайды. 

-  мәліметті  ерекшелеу  үшін  қалың  шрифт,  курсив  немесе  астын  сызуды  қолдануға 

болады. 

 

- бас әріптерді теріс пайдалануға болмайды (кіші жолмен салыстырғанда олар нашар 



оқылады) 

Мәліметті іріктеу тәсілі  

-  қолдануға  тиісті  сұлбалар:  рамка,  шекара,  бояуды  құю;  әртүрлі  түстегі    шрифттер, 

жіңішке сызықтар, көрсетіштер; суреттер, диаграммалар, аса маңызды фактілерді  безендіру 

үшін;  

Мәлімет көлемі: 



 

 

- бір слайдты көп мәліметпен толтыруға қажет емес, себебі адамдар бір мезетте үштен 



көп емес фактіні жаттай алады: фактілерді, қорытындыларды, анықтамаларды; 

 

-  негізгі  тармақтар  бір  бірден  бөлек  әрбір  жеке  слайдта  орын  алса  аса  тиімділікке 



жетесін.  

Слайдтар  түрі:  -  әртүрлілікті  қамтамасыз  ету  үшін  слайдтардың  әр  түрлісін  қолдану  тиіс: 

текстпен, кестемен, диаграмалармен. 

3.12.2.22 Тестке қойылатын талаптар. 

- тепе – теңдік (валидация) – тақырыпқа сұрақтың сәйкестігі. 

-  тест  мәнін  түсіну  –  сұрақ  пен  жауаптың  анық  тұжырымдамасы,  жалпыға  танылған 

терминдер мен атауларды қолдану. 

-  қарапайымдылық  –  бір  тесттік  тапсырмада  бір  қиындық  деңгейіндегі  бір 

тапсырманы құрау керек.  

3.12.2.23 Жалғыз жауабы бар тесттік тапсырмалар түрі: 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

52 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

-  тесттің  негізі  сұрақтан  құралады,  шын  жауапқа  ұқсас,  шынайы,  тепе-тең  түрде 



таңдауға 5 жауап беріледі 

-  егер  сұрақ  салыстырмалы  мағына  берсе,  жауап  «әдеттегідей»,  «негізінде»,  «ең 

алдымен» және т.с. белгіленеді. 

3.12.2.24 Тесттерде дұрыс жауапқа тұспалдар мен көмектер болмауы тиіс.  

3.12.2.25 Аса көп кездесетін қателіктер: 

- дұрыс жауап дистрактор ұзын болып келеді; 

- сұрақ пен жауапта жалпы элементтер бар болады; 

-  «біреуі  де  емес»,  «ешқашан»,  «әрқашан»  сөздері  дұрыс  жауап  ретінде  таңдамауға 

көмекші болып тұрады; 

-  жауаптар  нұсқасын  құрастыруда  дистрактор  немесе  дұрыс  жауаптар  ретінде 

«жоғарыда көрсетілгендердің бәрі»,  «дұрыс емес»,  «жоғарыда аталғандардың бірде  – біреуі 

емес» сөздерін қолдануға болмайды. 

3.12.2.26 Тестті құрастыру 2 кезеңнен тұрады: 

- сұрақты құрастыру 

 

- дұрыс жауапты тұжырымдау 



3.12.2.27 СӨЖ бағасын қоюға қойылатын талаптар: 

3.12.2.28  Білім  алушының  СӨЖ  бойынша  білімі  тікелей  пропорционалдық 

арасалмаққатағы балдық  – рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша  анықталады (қосымша 

Б). 


СӨЖ  бойынша  жалпы  максималдық  балл  көлемі  пән  жұмыс  бағдарламасына 

сәйкесінше, өзіндік жұмысқа қарастырылған жалпы сағат көлеміне сәйкес келеді.  

«Өте жақсы»  бағасы жалпы балл  көлемінің 90  – 100%,  «жақсы»  бағасы  – 75 – 89%, 

«қанағаттанарлық» – 50 – 74% және «қанағаттанарлықсыз» – 0 – 49% тең.  

Егер де білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай 

да бір қателер мен дәлсіздікті жібермесе, СӨЖ тапсырмаларын  уақытылы, дұрыс орындаса 

және есебін тапсырса, сонымен бірге өзіндік ойлау қабілетін танытса, материалды өздігінше 

жүйелендірсе «өте жақсы» бағасы қойылады.  

Егер де білім  алушы 75% төмен емес материалды меңгерген және  сұрақтарға жауап 

беру  барысында  өрескел  қателіктер  жібермесе,  бақылау  мен  зертханалық  жұмыстарды 

уақытылы  орындаған  және  оны  түбегейлі  ескертулерсіз  тапсырған,  коллоквиум  мен  үй 

тапсырмаларын  дұрыс,  уақытылы  және  түбегейлі  ескертулерсіз  орындаған,  оқытушының 

нұсқауымен  қосымша  әдебиеттерді  қолданған  болса,  ғылыми  –  зерттеу  жұмысымен 

айналысқан, түбегейлі қателіктерді студенттер өздері дұрыстай білетін болса, оқытушының 

көмегімен бағдарламалық материалды жүйелендіре білсе «жақсы» бағасы қойылады 

Егер де білім алушы 50% төмен емес материалды меңгерген болса, СӨЖ орындауда 

оқытушының  көмегіне  мұқтаж  болып,  СӨЖ  тапсырмаларын  уақытынан  кешіктіріп 

орындаса,  СӨЖ  тапсыру  барысында  түбегейлі  қателіктер

 

жіберсе,  материалды 



жүйелендіруде қиындықтарға тап болса «қанағаттанарлық» бағасы қойылады. 

Егер  де  студент  СӨЖ  тапсырмаларын  орындамаса,  СӨЖ  қарастырылған  аталмыш 

тақырып  бойынша  негізгі  әдебиет  материалдарын  өтемесе  «қанағаттанарлықсыз»  баға 

қойылады. 

 

3.13 Студент портфолиосы  

3.13.1  «Студента  портфолиосы»  –  әртүрлі  бағыттағы  студенттің  жеке  жетістіктерін 

дәлелдейтін құжаттар жиынтығы. Студентте портфолионың болуы студенттің университетте 

оқыған кезеңіндегі  әртүрлі  қызмет  бойынша (оқу, ғылыми-зерттеу, спорт  және т.б.) жеткен 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

53 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

жетістіктерінің  нәтижесін  есепке  алуға  мүмкіндік  береді.  «Портфолио»  жасау  функциясы 



студентке тапсырылады. 

3.13.2  «Портфолио»  жасаудың  басты  мақсаты  –  университетте  оқыған  кездегі  жеткен 

жетістіктерін растайтын құжаттарды жинау және сақтау.  

3.13.3  Студент  қызметінің  барлық  түрлерінің  нәтижелері  портфолиоға  енгізіледі,  бұл 

бұдан әрі интернатурада оқуын растайтын құжаттардың бірі болып табылады. 

 

3.14 Материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану ережелері 

 

3.14.1 Кітапхана  

3.14.1.1  Кітапхана  –  Университеттің  заманауи  ақпараттық  бөлімшесі,  оқырманның 

зияткерлік және эстетикалық дамуына, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға, бос уақытының мәнді 

болуына және рухани дамуына әсер етеді. 

3.14.1.2  «Астана  медицина  университеті»  АҚ-тың  тәрбие,  ғылыми,  оқу 

бағдарламалары 

қызметін 

ғылыми-медициналық 

әдебиеттерге 

және 


оқытушы-

профессорлардың,  ғылыми  қызметкерлердің,  студенттердің    басқа  да  құжаттарына  еркін 

және  толық  қолжетімділік  жолымен  кітапханалық,  библиографиялық  және  ақпараттық 

қамтамасыз ету – кітапхана миссиясы болып саналады. 1.1.  

3.14.1.3  Кітапханада  оқулықтар,  газеттер,  журналдар,  ғылыми-медициналық 

әдебиеттер,  шетел  әдебиеттері,  бір-бірімен  байланысты  мамандықтарға  байланысты 

әдебиеттер, жарыққа шықпаған материалдар (диссертациялар, авторефераттар) қоры, көркем 

әдебиеттер  бар.    Кітапхананың  барлық  қоры  әліпбилік,  пәндік  және  жүйелік  каталогпен 

жүйеленген.  Сонымен  қатар,  құжаттың  авторына,  тақырыбына,  аталуына,  шифрына, 

нөміріне  байланысты  әртүрлі  параметрлерде  қажетті  ақпаратты  іздеу  мүмкіндігін 

арттыратын электронды каталог бар.   

3.14.1.4  Пайдаланушыға  төмендегі  қосымша  қызметтер  ұсынылады:  патентті-

ақпаратты  іздеу  және  диссертациялар  қоры  бойынша  іздеуді  жүргізу,  мақалаларды 

индекстеу,  библиографиялық  тізімді  құрастыру  және  әртүрлі  құжаттарды  тақырыбына 

байланысты  іріктеу  және  тағы  басқа  қызметтер.  Оқырмандарға  толықтай  қызмет  көрсету 

үшін  оқулықтарды  тек  кітапхана  арқылы  ғана  емес,  сонымен  қатар  Интернет  арқылы 

электрондық брондау жүйесі енгізілуде.  

3.14.1.5 Кітапхананың негізгі қоры университет корпусында (Бейбітшілік көшесі, 53) 

орналасқан,  онда  төмендегі  абонементтер  бар:  оқулықтар,  ғылыми  әдебиеттер,  мерзімдік 

жарияланымдар залы, оқу залдары және анықтамалық-библиографиялық бөлім.  

3.14.1.6 Студенттер университеттің білім алушылары қатарына кіргені туралы бұйрық 

негізінде кітапханаға жазылады.   

3.14.1.6.1 Оқырман әдебиетті алу үшін оқырман билетін көрсетуі тиіс.  

3.14.1.6.2  Оқырман  билеті  кітапхананың  кітаптар  қорын  пайдалану  құқығын  беретін 

жалғыз құжат болып саналады.  

3.14.1.6.3  ЖОО-ның  студенттері,  аспиранттары,  докторанттары,  оқытушы-

профессорлары,  ғылыми  қызметкерлері  және  қызметкерлері  кітапхана  қызметін  пайдалана 

алады.   

3.14.1.6.4 Оқулықтар оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес бір семестрге, бір 

оқу жылына немесе бір оқу циклына беріледі.  

3.14.1.6.5  Жоғалған  немесе  бүлінген  басылымдардың  орнына  кітапхана 

қызметкерлерінің келісімімен тура сондай басылымдармен ауыстырылады. Жоғалған немесе 

бүлінген  басылымдардың  бағасы  нарықтық  бағаны  есепке  ала  отырып  айқындалады  («ҚР 

мәдениет туралы» Заңы 1997 ж., 23-бап). 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

54 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.14.1.6.6  Студенттер  университетті  бітіргенде  немесе  оқудан  шығарылғанда,  кету 



парағына қол қоюлары керек.   

 

3.14.2 Ақпараттық-техникалық база  

3.14.2.1  Университеттің  білім  беру  процесі  жақсы  ақпараттық-техникалық  база 

арқылы жүзеге асырылады. Оған келесілер кіреді: 

- әдебиеттің 809 мың данасынан тұратын кітап қоры; 

-  кітапхананың  негізгі  қызметі  сипатталған  және  кіруге  болатын  Web-портал: 

www.bibl.amu.kz

-  интернет,  электрондық  баспалар  мен  электрондық  мәліметтер  базасымен  қамтамасыз 



етілген студенттер мен оқытушыларға арналған кітапхананың электрондық залдары; 

-  кітапхананың  электрондық  каталогынан  және  кітапханашылардың  автоматтандырылған 

жұмыс орнынан тұратын ИРБИС – 64 автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; 

-  электрондық  кітаптар,  оқытудың  интерактивті  бағдарламасы  мен  оқу  құралдары, 

мультимедиялық контент, нақпішін (муляж) және симуляторлар базасы; 

-  әлемдік  баспалардың  электрондық  базасына  жыл  сайын  жазылу:  Springer,  Boock-UP, 

Elsevier, Thomson Reutors. 

3.15 САЙТ 

 Университеттің  www.amu.kz  ресми  сайты  оқу  орнының  айнасы  болып  табылады, 

сондай-ақ Университет қызметі туралы жылдам әрі, дұрыс ақпарат берудің негізгі құралы. 

 

 Сайтта 



студент 

Университеттің 

ғылыми-клиникалық 

қызметімен  («ғылыми-клиникалық  қызмет»  бөлімі),  білім  беру 

қызметімен  («білім  беру»  бөлімі),  тәрбие  ісі  және  әлеуметтік 

қызметімен  («тәрбие  ісі  және  әлеуметтік  қызмет»  бөлімі),  әкімшілік 

және  экономикалық  қызметімен  («әкімшілік  және  экономикалық 

қызметі» бөлімі), студенттердің қоғамдық қызметімен таныса алады, 

Университет туралы («Университет туралы» бөлімі), Университеттің 

құрылымдық  бөлімшелері  туралы  ақпарат  оқи  алады  және  соңғы 

жаңалықтардан  («Жаңалықтар»  бөлімі)  хабардар  болып  отырады. 

Студент  сайттан  «Оқу-білім  беру  порталына»,  «Университет 

кітапханасы»  сайтына  кіре  алады.  Сайттағы  ақпарат  үнемі 

жаңартылып  отырады.  Сайтта  студенттерге  арналған  «Студентке» 

бөлімі бар. 

 

3.16 Студенттермен кері байланыс 

3.16.1 Наразылықпен, өтініштермен және ұсыныстармен жұмыс 

жасау  –  мекеменің  үздіксіз  дамуының  негізгі  процестерінің  бірі.  Келіп  түскен  барлық 

жазбаша  және  ауызша  өтініштер  тұтынушылардың  ұсыныстары  мен  наразылықтары 

журналына  тіркеледі.  Мұндай  журналдар  барлық  бөлімшелерде  бар.  Университетке  келіп 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

55 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

түскен  жазбаша  өтініштер  түзету  шаралары  мен  сараптама  жүргізу  үшін  бөлімшелер  мен 



лауазымды тұлғаларға жіберіледі. 

3.16.2 Сонымен қатар университетте тұтынушыларды тікелей қабылдау қызметі бар. 

www.amu.kz

  сайтында  Университет  ректоры  мен  факультет  декандарының  блогтары  бар. 

Әлеуметтік  маңызды  қызмет  түрі  болып  табылатын  үздіксіз  жұмыс  істеп  тұратын  сенім 

телефоны, сенім жәшігі бар. 

3.16.3  Университеттегі  кураторлар  институты  оқу  орнының  тәрбие  жүйесінің  негізгі 

бөлімі.  Ол  студент  пен  оқытушы  қарым-қатынасы  бойынша  іс-шаралар  кешенін  өткізеді. 

Кураторлар  институтының  басым  бағыты  –  студент  тұлғасы,  оның  қызығушылығы  мен 

қажеттілігін ескеру. 

3.16.4  Университетте  Әлеуметтік-психологиялық  қызмет  бар.  Ол  ЖОО-дағы 

әлеуметтік-психологиялық  ахуалды  зерттейді.  Студенттер  арасында  үнемі  ахуал 

мониторингін жүргізіп, проблемаларды анықтайды және алдын алады. 

3.16.7 Университеттің МУА-12-12  «Кері байланыс мониторингі» стандартына сәйкес, 

сауалнама,  edu.amu.kz  сайтындағы  «Сириус»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі,  

«Сауалнама» модулі арқылы алынған студенттердің ұсыныстары негізінде оқу жағдайы, оқу 

сапасына қанағаттанушылық деңгейі анықталады. 

3.16.6 Университетте «Нұр Отан» партиясының «Өркен» бастауыш партия ұйымы және 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  қызмет  істейді.  Бұлар  Партия  көшбасшысы,  ел  Президенті 

саясатының  жолбасшылары,  елдегі  жастардың  жағдайын  жақсарту  бойынша  практикалық 

жағынан  жүзеге  асырушы,  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  міндетін  шешу  үшін 

жастарды мобилизациялау орталығы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет