3.17 Көшірме жасау қызметтері
3.17.1 Ксерокөшірме аппараты 53-корпуста (1-қабатта) орналасқан. Қызметі ақылы.
3.18 Спорт базасы
3.18.1 Университеттің студент жастары арасында саламатты өмір салты мен спортты
насихаттау мақсатында «Спортклуб» қызмет істейді. Студенттер 11 секцияның ішінен бір
спорт түрін таңдап ала алады: Жекпе-жек студенттік клубы, армрестлинг, волейбол,
баскетбол, шахмат, кір спорты және тағы басқа.
3.18.2 Спортпен белсенді айналысатын студенттер оқу жылы барысында Университет
қаражаты есебінен басқа қалаларда өтетін жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ спортклуб
еліміздің белгілі спортшылары, жаттықтырушылары мен спортшы студенттер арасында
кездесу ұйымдастырады. Университетте оқу барысында студент «үміткер» немесе «спорт
шебері» спорт атақтарын ала алады. Сондықтан спортклуб Университет абыройын
қорғайтын оқу орнымыздың студенттерін спортпен айналысуға шақырады, үнемі іріктеу
жүргізеді.
3.19 «АстМУ» медициналық орталығы»
3.19.1 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС тексеруден өткісі келетін, емделгісі
келетін, реабилитациялық шаралардан өткісі келетін білім алушыларға медициналық
қызметтердің толық спектрін ұсынады.
3.19.2 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС 1999 жылы ашылды.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
56 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
3.19.3 Орталық бір ауысымда 72 адамды қарауға арналған. Тегін медициналық көмек
көрсетудің кепілденген көлемін орындау аясында медициналық қызмет көрсету бойынша
мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асырады.
3.19.4 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық жүйе аясында жұмыс істейді.
2005 жылғы 31 қазандағы, сериясы ЛП №00033К медициналық және дәрігерлік қызмет
көрсетуге Мемлекеттік лицензиясы бар.
3.19.5 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС-да жоғары санатты білікті мамандар,
медицина ғылымдарының профессорлары мен доценттері, докторлары мен кандидаттары,
университет қызметкерлері жұмыс істейді.
3.19.6 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС-да келесі мамандар қызмет істейді:
кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог, терапевт, педиатр, гинеколог, уролог,
дерматовенеролог, гематолог, маммолог, эндокринолог, невропатолог, рефлексотерапевт,
стоматолог, ЛОР, косметолог.
3.19.7 Келесі зерттеулер жүргізіледі:
- электрокардиография;
- барлық ағзаларды ультрадыбыстық диагностикалау;
- қанды, несепті зертханалық зерттеу, РИФ, ИФА – диагностика;
- рентгенологиялық диагностика;
3.19.8 Емшара кабинеті, күндізгі стационар жұмыс істейді.
3.19.9 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС-да гемосканерлеу (қанның бір
тамшысынан ауруды диагностикалау), ал дәрігер-диетолог дұрыс тамақтануды үйретеді,
саламатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ орталықта
классикалық және шығыс массажын жасау қызметі бар.
3.19.10
«АстМУ»
медициналық
орталығы»
ЖШС-да
рентгенологиялық
остеоденситометрия кабинеті бар, ол Қазақстан Республикасындағы жалғыз және бірегей
«LUNAR Prodigy GE» рентгендік денситометр арқылы остеопорозға диагностика жасайды.
3.19.11 Білім алушының барлық медициналық анықтамалары (сырқаттану сеебебінен
сабаққа кіруге рұқсат ететін), санитариялық медициналық кітапшалар, ДКК қорытындысы
тек «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС берген анықтамамен расталуы керек.
3.20 Әскери кафедра
3.20.1 «АстМУ» АҚ-тың «Жалпы медицина» факультетінің студенттері (мемлекеттік
тапсырыс – 100 адам) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11
маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы» № 329
бұйрығына сәйкес әскери дайындықтан өтуі тиіс. Әскери кафедраға 2-курс студенттерінің
арасынан іріктелініп алынады. Әскери дайындыққа іріктеуді білім алушының өтініші
бойынша іріктеуші комиссия жүзеге асырады.
Студенттерді іріктеу үшін келесі ерекшеліктер ескеріледі:
- әскерге шақыру комиссиясының медициналық қорытындысы;
- емтихан сессиясының қорытындысы бойынша үлгерімінің орташа балы;
- дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындау нәтижелері.
3.20.2 Әскери дайындыққа студенттерді қабылдау іріктеу комиссиясының хаттамасы
негізінде Ректордың бұйрығымен қабылданады. Әскери дайындықты аяқтағаннан кейін білім
алушы – «Лейтенант» атағын алады.
3.21 Оқу ақысын төлеу тәртібі
3.21.1 Алғашқы оқу жылының оқу ақысы ағымдағы жылдың 25 тамызынан
кешіктірілмей төленеді. Ақшалай қаражат Университеттің есеп шотына аударылады: «Астана
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
57 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
медицина университеті» АҚ, Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 33, СТТН 031400074326, Кбе
16, БИН 080 940 008 218, ЖСК: 47998ВТВ0000002926, «Цесна Банк» АҚ Астана қаласы,
БИК: TSESKZKA.
3.20.2 Оқуын жалғастыруға қабылданған және басқа оқу орнынан ауысқан студент
Университеттің сабаққа рұқсат ету туралы бұйрығымен белгіленген мерзімнен кешікпей оқу
ақысының 100%-ын төлеуі тиіс. Оқу ақысының мөлшері Университет пен білім алушының
арасында жасалған шарт негізінде белгіленеді. Оқу ақысын Банкке басқа тұлға төлесе «төлем
мақсаты» («назначении платежа») бағанына білім алушының аты-жөні және ЖСН жазылуы
керек.
3.20.3 Университеттің есеп шотына қаражатты төлеу кезіндегі банк қызметінің құны
оқу ақысына кірмейді және Тапсырыс берушінің өз қалтасынан төленеді. Тапсырыс беруші
Университетке төлемді растайтын құжатты әкелу арқылы қызметтің төленгенін куәландыра
алады.
3.22 Стипендия тағайындау тәртібі
3.22.1 Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі
3.22.1.1 Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын,
сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған, емтихан
сессиясының немесе білім алушылардың аралық аттестациясынан «жақсы», «өте жақсы»
деген бағаларға сәйкес келетін бағалар баламасын алған студенттерге төленеді. Әр айдың 5
күні төленеді.
3.22.1.2 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа (оқудың бірінші
жылына) қабылданған білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы бірінші семестр бойы ай
сайын төленеді. Келесі семестрлерде мемлекеттік шәкіртақы емтихан сессиясының немесе
өткен семестрде өткізілген білім алушылардың аралық аттестацияның нәтижесі бойынша
төленеді.
3.22.1.3 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан зағип мүгедектерге
және естімейтін мүгедектерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және
басқа адамның қамқорлығындағы балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының
қорытындысы бойынша академиялық қарызы жоқ, аралық аттестацияда қанағаттанарлықсыз
бағасы жоқ болған жағдайда төленеді.
3.22.1.4 Жазғы сессия немесе аралық аттестация қорытындысы бойынша мемлекеттік
стипендияға ұсынылған студенттерге стипендия жазғы демалыс кезеңінде екі ай үшін
(шілде, тамыз) жиналып беріледі.
3.22.1.5 Белгіленген уақытта дәлелді себеппен (сырқаттану, отбасылық жағдайы, апат)
емтихан тапсыра алмаған студент растайтын құжатты көрсеткеннен кейін сынақтар мен
емтихандарды жеке тапсыру мерзімі белгіленеді, бұдан кейін оған мемлекеттік стипендия
тағайындалады.
3.22.1.6 Кәсіби практика, жазғы демалыс және жалақысы төленетін жұмыста немесе
қызметте жұмыс істеген кезеңде студенттерге мемлекеттік стипендия белгіленген тәртіп
бойынша төленеді.
3.22.1.7 Бір оқу орнынан екіншісіне ауысқан білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы
оқу жоспарындағы айырмашылықты жойғаннан кейін осы Ережелермен белгіленген тәртіпте
төленеді.
3.22.1.8 Студентке медициналық қорытынды негізінде берілген академиялық
демалыстарды қоспағанда басқа академиялық демалыста болған кезеңінде мемлекеттік
шәкіртақы төленбейді.
3.22.1.9 Академиялық демалыстан келген білім алушыға мемлекеттік шәкіртақы
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
58 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
алдағы (кезекті) емтихан сессиясының немесе білім алушылардың аралық аттестациясының
қорытындысы бойынша Ережелерге сәйкес белгіленген тәртіпте төленеді.
3.22.1.10 Сырқаттануына байланысты келесі оқу жылына қалдырылған студенттерге
мемлекеттік стипендия кезекті емтихан және аралық аттестаттау нәтижесіне дейін өткен сессия
(оқу жоспары орындалған) қорытындысы негізінде төленеді.
3.22.1.11 Туберкулезге шалдыққан студенттерге (сәйкес медициналық қорытынды
болған жағдайда) мемлекеттік стипендия жұмысқа қабілетсіз мерзімге төленеді, бірақ 10 айдан
артық емес.
3.22.1.12 Жүктілігі және босануына байланысты демалыс алған білім алушыларға мемлекеттік
шәкіртақы жүктілігі және босануына байланысты демалыс алғанға дейін Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген мөлшерде демалыс мерзімі аяқталғанша төленеді.
3.22.1.13 Академиялық демалыс уақытында жүктілігіне және босануына байланысты
еңбекке уақытша жарамсыздық парағын көрсеткен білім алушының академиялық демалысы
үзіледі, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.
3.22.1.14 Білім алушылар үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде баласы
үш жасқа толғанға дейін мемлекеттік шәкіртақы төленбейді.
3.22.1.15 Мемлекеттік шәкіртақы төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:
1) оқудан шығарудың себебіне қарамастан білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған
жағдайда;
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
3) оқуды бітіруіне байланысты оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап.
4) емтихан сессиясының қорытындысы бойынша.
3.22.1.16 Мемлекеттік стипендия төлеу білім беру ұйымы басшысының себебі
көрсетілген тиісті бұйрықты шығаруы арқылы тоқтатылады.
3.23 Тәрбие жұмысы
3.23.1 Жалпы ережелер
3.23.1.1 Бүгінгі таңда білім беру процесінде тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына
аса мән беріледі. Атап айтқанда тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу және рухани
қалыптастыру бүкіл тәрбие беру процесінің өзегі болып табылады.
Университет қызметінің негізгі түйіні – білім беру процесі және тәрбие беру процесі.
3.23.1.2 Тәрбие ісі жөніндегі деканаттың негізгі қызметі − кәсіптік және әлеуметтік
біліктілікті, студенттердің белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау,
жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда Отанымыздың дамуы мен нығаюына өз үлесін
қосуға дайын болашақ дәрігерлердің жеке қасиеттерін тәрбиелеуге әсер ету.
3.23.2 Тәрбие жұмысының принциптері
3.23.2.1. Ізгілендіру принципі студент тұлғасын мойындауға негізделген; оның
бірегейлігі мен ерекшелігін құрметтеу.
3.23.2.2. Кәсіби өнегелік принципі болашақ мамандардың кәсіби бірлестіктің этикалық
нормаларын
меңгеруге,
өзінің
кәсіби
қызметінің
нәтижесіне
жауапкершілігін
қалыптастыруға, олардың кәсіби бейімділігін дамытуға көмектесуге, дарындылығына,
ерекше қабілетіне бағытталған.
3.23.2.3 Тәрбиелеп оқыту принципі – оқу пәндері оқулықтарының мазмұны арқылы
тәрбиелеу, студенттерді тұлғалық дамыту, өз бетінше оқу және өзін-өзі тәрбиелеу үшін оң
уәждеме қалыптастыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламаларын қолдану, сондай-
ақ оқудан тыс уақытта шығармашылық-практикалық қызметке бейімделу.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
59 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
3.23.2.4 Демократизация принципі – теңқұқықтылық және тәрбие қызметіндегі
субъектілердің әлеуметтік серіктестігі, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің болуы және
жұмыс істеп тұруы және оның Университеттің әкімшілік-басқарушылық құрылымдарымен
өзара тиімді әрекеттесу механизмі.
3.23.2.5 Ынталандыру принципі – студенттерді оқудағы, шығармашылық
жұмысындағы, ғылымдағы, спорттағы, қоғамдағы және басқа қызмет түрлеріндегі
жетістіктері үшін моральдық және материалдық тұрғыдан марапаттау.
3.23.3 Студенттердің бос уақытын өткізу жқмысын ұйымдастыру
33.23.3.1 Шығармашылық бағыт:
- вокал, хореография, іс-шаралар жүргізушісі, Университеттің КВН командалары
арасында сайысқа қатысу, музыкалық аспаптарда ойнау, поэзия және т.б.
3.23.3.2.Университетте келесі студент үйірмелері бар:
- Жекпе-жек студенттік клубы;
- «Эскулап» дебат клубы;
- Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясы (KazMSA);
- Волонтерлік ұйымдар.
3.23.3.3 Университетте Студенттер кеңесі, студенттік ғылыми қоғам қызмет істейді.
3.23.3.4 Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер қызмет істейді. Олар белгілі
ғылыми бағыт бойынша зерттеу жүргізеді.
3.24 Жатақханадағы Студенттер кеңесі
3.24.1 Университетте білім алушылардың күнделікті тіршілігін, олардың білім
алуларына жағдай жасауды, демалуларын және спортпен айналысуларын ұйымдастыру үшін
жатақхананың Студенттер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс істейді. Кеңес «Астана
медицина университеті» АҚ жатақхана тұрғындарының үйлестіруші органы болып
саналады.
3.24.2 Кеңес ҚР «Білім туралы» Заңына, «Астана медицина университеті» АҚ-тың
Жарлығына
сәйкес
қолданыстағы
осы
Ережеге,
Университеттің
студенттік
жатақханаларында тұру тәртібіне, Университетте білім алушылардың ішкі тәртібіне және
Университеттің басқа да нормативтік актілеріне сәйкес өз жұмысын жүргізеді.
3.24.3 Кеңес Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің алдында жатақхана
студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
3.25 Әлеуметтік көмек көрсету
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға
әлеуметтік көмек кқрсету:
Киіндіру;
Ай сайын жол жүру билетін алу үшін қаржы бөлу;
Университет асханаларында тегін тамақтану;
Тамақтануға қаржы бөлу;
Жатақханада тұру.
Сондай-ақ көпбалалы, аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасынан шыққан
студенттерге ай сайын жол жүру билетін алу үшін қаржы бөлінеді (жол жүру билеті құнының
50%-ы).
Жастар ісі жөніндегі деканат Бейбітшілік көшесі, 51 мекенжайында, 211 кабинетте
орналасқан. Байланыс телефоны: 53-95-42.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
60 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
3.26
«Астана медицина университеті» АҚ-тың корпустары төмендегі
мекенжайларда орналасқан:
1.
Бейбітшілік көшесі, 49 − теміржол вокзалынан және сапаржайдан №9, 10, 19, 23, 33
автобустары жүреді, ал әуежайдан №10 автобус жүреді, «Астана медицина
университеті» аялдамасы.
2.
Бейбітшілік көшесі, 51 − теміржол вокзалынан және сапаржайдан №9, 10, 19, 23, 33
автобустары жүреді, ал әуежайдан №10 автобус жүреді, «Астана медицина
университеті» аялдамасы.
3.
Бейбітшілік көшесі, 53 − теміржол вокзалынан және сапаржайдан №9, 10, 19, 23, 33
автобустары жүреді, ал әуежайдан №10 автобус жүреді, «Астана медицина
университеті» аялдамасы.
4.
Сарыарқа көшесі, 33 − теміржол вокзалынан және сапаржайдан № 2, 12, 21, 25, 29,
31, 39, 40, 117 автобустары жүреді, «Музыка академиясы» аялдамасы.
«Астана медицина университеті» АҚ жатақханалары (№1,2 блоктар) Жеңіс
даңғылы, 35а мекенжайында орналасқан.
«Астана медицина университеті» АҚ жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-жұма 8.30-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.30
(әкімшілік-басқару персоналы үшін)
Дүйсенбі-жұма 8.00-17.00 кафедралар
Сабақтар: Дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден
Сенбі, жексенбі – демалыс күндер
4. ТІЛЕК
Құрметті студент! «Астана медицина университеті» АҚ-та алған білімің, машықтарың
және іскерлігің болашақта сенің жұмысыңда және мансабына көмектеседі. Сен де өз Alma-
mater-іңнің беделін асыра бер!
Уақытты бос жібермей, қажымай білім ал, үйрен, машықтан. Сен жоғары дәрежелі
маман болу үшін тек жақсы оқып қана қоймай, университеттің ғылыми және қоғамдық
өміріне белсене араласуың керек.
Бұл күрделі, бірақ өте қызықты жол!
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
61 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
СТУДЕНТКЕ ЖАДНАМА!
Біз бәріміз қоғамда өмір сүреміз, адамның жүріс-тұрысына қарап оның тәрбиесі мен
мәдениетінің қаншалықты жоғары екенін көруге болады.
Тәрбие – адамның айнасы.
Қоғамдық орындарда жалпыға бірдей міндетті тәртіп болады:
Сіз таза, ұқыпты және жинақы жүруіңіз керек;
сабаққа таза, үтіктелген халат киіп, шашыңызды жинап келуіңіз керек;
жабық тұрған есікті қағып, кіруге рұқсат алған соң кіріңіз;
егер үй-жайдың кіреберісіне бірнеше адам бара жатса, жасы кіші азамат есіктің
алдында біраз тұрып, үлкендерді өткізіп жіберу керек;
артыңыздан келе жатқан адамға есікті сәл ұстап, ол келгенше күте тұрған абзал;
артынан келе жатқан адамның алдынан есікті сарт еткізіп жабу әдепсіздікке
жатады;
жасы мен жынысына қарамастан үй-жайға кірген адам бірінші амандасады.
Жасы кіші бірінші болып қол ұсынады.
лифтіге кірер алдында бірінші оқытушыны, әйелді және егде жастағы адамды
жіберіңіз;
абайсызда біреуді итеріп қалсаңыз, аяғын басып кетсеңіз кешірім сұраңыз.
Қоғамдық ортада мына әдеттерден арылу керек:
аяқпен немесе биік өкшемен тақылдатып жүру;
шулап, қиқарлану, тоқтаусыз қатты сөйлеу;
орындыққа шалқайып жату немесе бар салмағыңмен үстелден итерілу;
үстелге созылып жату немесе шынтақ қою;
әңгімені рұқсат сұрамай, себепсіз бөлу;
буынды сыртылдату, саусақпен тақылдату, аяқты тербету немесе басты шайқау;
сағыз шайнап, оны үстелдің немесе орындықтың астына жабыстыру;
тырнақты кеміру, ауызды ашып шайнау, тамақты шылпылдатып жеу, тіс шұқу,
қасыну, түкіру.
Сіз сыпайы және мәдениетті адамдар ортасында жүрсіз!
Әдепті болуға тырысыңыз!
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА-16
62 беттің
62 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
«Астана медицина университеті» АҚ
Баспа-полиграфия бөлімі
Жеңіс даңғылы 35а,
тел. +7 (7172) 57-78-96, внутр. 397, 399
Достарыңызбен бөлісу: |