40. 1931 жылы көктемде бұл кезде астанға айналған Алматыға жер-жерден аштық жөніндегі мәліметтер келіп түсе бастады [2,129б].
41. 1926-1928 жылдары үкімет мекемелерінде қызмет ететін ауыл шаруашылық мамандары, қазақ зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б.) қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы экономикасы дала жағдайларына неғұрлым жақын екендігін, мал шаруашылығын егіншілікке бағындырудың кез келген әрекетінің даланың экономикалық өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғатынын дәлелдеуді жалғастыра берді [2,130б].
42. 1932 жылы жазда Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде хат жазып, Голощекинді партияның ұжымдастыруды жүргізу жолындағы басты бағытын бұрмалауы, халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынталануын тұншықтырып, мал шаруашылығымен айналысудан жеріткені үшін айыптады [2,130б].
43. 1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Мұның негізгі салдары – аман қалған 1,5 млн-дай қазақтардың Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударуы болды [2,131б].