232. 1996 жылдың соңында шетелдердегі отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары белгіленді [2, 345б].
233. 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, олардың 2016-сы қалалық 6144-і ауылдық жерде орналасты. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар саны – 1 млн 684 мың бала болса, орыс тілінде – 1 млн 300 мың бала, өзбек тілінде – 87 мың 300 бала, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 бала болды [2, 346б].
234. 2003 жылдың басына қарай республикада 127 жоғарғы оқу орны болып, оларда 257 мың студент оқыды [2, 346б].
235. 1999 жылдан бастап арнайы гранттар мен несиелер беріле бастады [2, 346б].
236. 2004 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық тестілеу енгізілді [2, 346б].
237. 2002 жылы ғана емдеу-сауықтыру жүйесі өз қалпына келе бастады, ықтимал эпидемиялық ауруларға қарсы жаппай егу орталықтары жер-жерде көптеп ашылды [2, 346б].
238. 1989-1994 жылдар аралығында Әділет министрлігінде 500-дей қоғамдық бірлестіктер тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың соңында 1700 қоғамдық бірлестіктер ресми тіркеуден өтті [2, 347б].
239. 2003 жылы желтоқсанда «Асар» партиясы құрылып, Қазақстанның демократиялық партиясы «Ақ жол», Қазақстанның азаматтық партиясы, Аграрлық партия, «Отан» саяси партиясы, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, Патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы қайта тіркеуден өтті [2, 347б].
240. 1998 жылдан Қазақстан зейнеткерлік жүйені, мемлекеттік қызметті, сот, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жоспарлауды бастады [2, 352б].