17. «Түркістан ұлттық бірлігі».
1921 жылы Ташкентте құрылған жалпытүркістандық ұйым.
18. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы».
1940-1941 жж. Орал өңірінде құрылған қазақ жастарының саяси ұйымы.
19. «Жас тұлпар».
1963 жылы Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының мәдени-ағартушылық мақсаттағы құрған ұйымы.
20. «Жас қазақ».
1960 жылдары Қарағанды қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.
21. «Тайшұбар».
1960 жылдары Семей қаласында құрылған қазақ жастарының ұлттық мәдени-ағартушылық ұйымы.
Тесттік талдаулар:
1. Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып өзгертілген мерзім:
А). 1924 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).
В). 1939 жылы – жалған жауап (сұраққа сәйкес келмейді).
С). 1936 жылы – Қазақ АКСР - і Қазақ КСР-і атанған уақыт.
D). 1920 жылы – Қазақ халқы қоныстанған аумақ кеңестік негіздегі автономиялық бірлестікке біріккен уақыт. Осы жылы Қырғыз АКСР-і құрылды.
Е). 1925 жылы – Қырғыз АКСР-і Қазақ Қазақ АКСР-і атанды.
Тірек сөздер: (1)Қырғыз АКСР, (2)Қазақ АКСР, (3)өзертілген мерзім.
Қырғыз (Қазақ) АКСР(уақыт мерзімі) 1920-1925 жж.
Қазақ АКСР(уақыт мерзімі)1925-1936 жж.
ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін қазақ
халқы орыс деректерінде қырғыз, ал қырғыздар буруттар немесе тау қырғыздары деп аталды*.
Қазақстан 1920-1925жж. Қырғыз(Қазақ) Автономиялық
Республикасы (РКФСР құрамында) - деп аталды.
Қырғызстан 1920-1925 жж. Қара-қырғыз Автономиялық облысы
(РКФСР құрамында) – деп аталды.
1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз
халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар аталсын» деген қаулы қабылдады. Осы жылғы 15 маусымдағы Бүкілодақтық Орталық комитетінің қаулысымен Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды [1; 45 - 46бб].
2. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті:
А). 1993 жылы.
В). 1997 жылы.
C). 1996 жылы.
D). 1995 жылы.
Е). 1999 жылы.
Тірек сөздер: (1) Абай Құнанбаев, (2)150 жылдығы.
Абай Құнанбаев 1845-1904 жж. өмір сүрді.
1845+150=1995
1995 жылы өткізілген қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың
мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды [1; 217б].
Достарыңызбен бөлісу: |