2 Ішкі жұқпалы емес аурулар
Ішкі жұқпалы емес аурулар азықтандыру,күтіп-бағу мен қолдану
кезіндегі ережелерді сақтамау салдарынан пайда болады,олар дербес ауру
ретінде пайда болатын және инфекциялық,инвазиондық ауруларға
жалғасатын болып бөлінеді.
Аурудың бұл тобын алдын алу оптималды микроклиматты- ауаның
гадық құрамы, температура, ылғалдылық, бөлмелерді жарқытандыру,
уақытылы белсенді серуен ,сондай ақ толыққанды және уақытылы
азықтандыруды қамтамасыз етуге негізделеді.
Тірек-қимыл жүйесінің аурулары
Тірек-қимыл жүйесінің ауруларына сүйектердің,сіңірлердің,буындар
мен бұлшық еттердің аурулары жатады. Барлық ауруларды ветеринарлық
дәрігердің бақылауымен емдек қажет.
Бұл тарауда шаруа малға көмекті өзі бере алатын кейбір кең таралған
патологиялық жағдайлар туралы сөз етіледі.
2.1 Сүйек аурулары
Сүйек ауруларына периостит (сүйек қабығының қабынуы), остит
(сүйектің қабынуы), сүйек некрозы (жансыздану), тісжегі (бетінде ақаудың
пайда болуымен (сүйек жарасы) сүйек тінінің ыдырауы, остеомиелит (сүйек
кемігінің,эндостың,тығыз заттың және сүйек қабығының қабынуы). Олардың
пайда болу себебі ашық немесе жабық механикалық зақымданулар,сүйек
айналасында шоғырланатын жедел іріңді қабыну процестері, бұған дәрумен,
минерал жетіспеушілігі және басқа да себептер негіз болатын зат алмасу
процесі бейімдейді.
Кез-келген емдеу курсын ветеринарлық дәрігер белгілейді,ол
тыныштық,құрғақ суық,басып тұратын таңғыш,препараттарды сүйекішіілк
енгізу,жедел кірісу және т.б. нормаларды белгілейді.
Остеодистрофия
Ағзада D дәруменінің, кальций,фосфордың жетіспеуі немесе олардың
теңестірілмеген
қатынасы
кезінде
сүйектердің
қалыпты
өсуі
бұзылады,олардың
осы
байланысының
бұзылуы
жүреді,
бұл
остеодистрофияның дамуына әкеледі. Асқазан-ішек жолындағы сіңіру
қызметінің азықтандыру кезіндегі ақауларға немесе шырышты қабықтың
қабыну процесінің салдарынан бұзылуы зат алмасудың бұзылуы мен
гипокальциемияны тудыруы мүмкін. Бұзау ағзасында D дәруменінің
жетіспеуі
және
фосфор-кальций
алмасуының
бұзылуы
сүйек
түзілу(остеогенез) процесінің қатты бұзылуын және өсудегі артта
қалушылықты(рахит) тудырады. Бұндай сүйектерде бірден шеміршекті
масса басым түседі.
40
8 Сурет - Ірі қара малындағы остеодистрофия көрінісі
Өсуі
аяқталған
малдарда,әсіресе
лактация
мен
буаздылық
кезеңінде,фосфорлы-кальций,ақуыз-көмірсу және дәрумендік (D және А-
гиповитаминоз)
қамтамасыз
етілмеуі,ульракүлгін
сәулеленудің
жетіспеушілігінен
ересектер
рахиты
немесе
остеомаляция-ұлпаның
созылмалы екіншілік деминерализациясы (тұзардың шығуы) дамиды. Рацион
құрылымының өнімділік деңгейіне сәйкес келмеуі,азықтардың төмен
биологиялық толыққандылығы бұл аурудың дамуында елеулі рөл атқарады.
Кәрі малдарда көбінесе остеопороз –сорылу процесінің остеогенез
процесінен басым түсуінің салдарынан ,сүйек ұлпасының сирек болуы,
байқалады.Сүйектердің сынғыштығы,сүйек сынығының ұзақ жазылуы тән
болады.
Аурулар тәбеттің төмендеуінен,жүннің түсуінен,өнімділіктің азаюынан
басталады.Малдар сербектерді,құйымшақ төбешікті,табан және алақан
сүйіктерін қолмен ұстау кезінде мазасызданады. Құйрықты соңғы ұшы
жіңішкеруімен жүретін құйрық омыртқалары аймағында сүйір бұрыштап
бүгуге болады.Бұл сүйек массасының жіңішкеруімен қатар құйрықасты
кеңістіктің ішке енуіне әкеледі. Кейін аяқтарының әлсіздігі байқалады, жүрісі
қиындап,сырқаулы, ақсаңдау пайда болуы мүмкін, тұру кезінде қиналып,
соңғы қабырғалары майысады. Ауру малдар аз қозғалғыш және көп жататын
болып кетеді.
Остеодистрофияның алғашқы белгілерінің пайда болуы кезінде
кальций,фосфор және Д витамині бар дәруменді-минералды препараттарды
беру керек,осы компонеттерді мал азығында теңдестіру қажет. Малдарды
41
концентратты азықтандыру кезінде рационның жалпы қоректілігінің 40%-на
дейін концентрат мөлшерін төмендету керек.Малдар күн астында болуы
қажет немесе қорада арнайы ультракүлгін лампаларды орналастырады,ауру
малдарды әр күн сайын 10мин-тан 20күн сәулелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |