43
табылады. Ірі қара малда бурсит алақан
буындарының айналасында көп
пайда болады, әдетте терінің қатты қабыршақтанумен өтеді.
Ауру малдарда бурса аймағында ауыру, ісіну, қабыну ісігі,
флюктуация, ал ұштардың бурстары қабынғанда-ақсаңдау байқалады.
Іріңді
бурсит кезінде дене қызуы көтеріледі,ал бурсаны өздігінен ашу кезінде
жарадан синовия араласқан іріңді экссудат бөлінеді.
Өткір бурсит
кезінде қабынуға қарсы жылу, камфор және ихтиол
майлары, физиотерапия (соллюкс шамы, натрий хлориді,йод,
новокаин бар
ионофорез) процедуралары қажет. Созылмалы асептикалық бурсит кезінде
бурса ортасынан қабынған экссудатты сорып алып,сол ине арқылы 2–5 %-тік
йодтың спирттік ерітіндісін, 5 %-тік карбол
қышқылының ерітіндісін
енгізеді.Іріңді бурситтерді ашу,іріңді алу және ашық жара сияқты емдеу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: