37
Қалқанша безі алдыңғы мойынмен бірге оң және сол бөліктерге
бөлінген, ол мойын трахеясының артында орналасқан. Тироксин және
трийодтиронин гормондары ағзадағы қышқылдық процесін реттейді, зат
алмасудың барлық түріне қатысады, ферментативті процеске атсалысады.
Кальцитонин паратгормонга қарсы әрекет етеді, қандағы кальций мөлшерін
азайтады.
Қалқанша безі сонымен қатар бойдың өсуіне, талшықтардығ
дифференциясы мен дамуына әсер етеді.
Қалқанша
жанындағы бездер қалқанша безі қабырғасында
орналасқан. Одан бөлінген паратгормон сүйектегі кальцийдің мөлшерін
реттейді, ішекке кальцийдің сіңірілуін және бауырдағы фосфаттың бөлінуін
жоғарылатады.
Ұйқы безі екі жақты функция атқарады. Ішкі секреция безі ретінде ол
инсулин гормон шығарады, ол қандағы қанттың мөлшерін реттейді. Қандағы
қант мөлшерінің көбеюі оның кіші дәрет құрамында өсуіне әкеледі, ал ағза
қанның мөлшерін азайтуға тырысады.
Бүйрек үсті безі – бауырдың майлы капсуласында орналасқан жұп
ағза. Олар инсулинге қарсы альдостерон, кортикостерон (гидрокортизон)
және кортизон гормондарын түзеді.
Жыныс бездері еркек малдарда аталық ұрық безі ретінде көрінеді,
ерлердің жыныс талшықтары мен ішкі секреция безі тестостеронды реттейді.
Бұл гормон жыныс рефлекстерінің пайда болуы мен дамуын реттейді,
сперматогенез регуляциясына қатысады, жыныс дифференциясына әсер
етеді.
Еркек малдарда жыныс безі ретінде жұп жұмыртқалар саналады, бұнда
аналық жасушы, сонымен қатар жыныс гормондары түзіледі. Эстрадиол және
оның метаболиттары – эстрон және эстриол – ұрғашы жыныс бездерінің
дамуы мен өсуін реттейді, жыныс циклының регуляциясына қатысады, зат
алмасуға қатысады. Прогестерон – жұмыртақаның сары дене гормоны,
аналық жасуша ұрықтануының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.
Еркектерінің ағзасында тестостеронның әсерінен, қандайда бір мөлшерде
жұмыртқада пайда болады, фолликулдардың қалыптасуы және жыныс
циклының реттелуі жүзеге асады.
Ішкі секрецияда без ретінде пайда болатын гормондар зат алмасуға
және жалпы мал ағзасының өмір сүру процесіне әсер ететін қабілетке ие
болады. Ағзадағы бездердің бұл тобының секрециялық функциясының
бұзылуы (төмендеуі немесе жоғарылауы) арнайы ауруларға әкеледі – зат
алмасудың бұзылуы, бойының өсуінің және жыныстық мүшелерінің
дамуының бұзылуы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: