99
дене массасы) бұлшық ет ішіне, кофеиннің 20 %-тік ерітіндісі терастына бір
малға 5-20 мл-ден, В12 витамині 1–2 мгк/кг мөлшерден бұлшық ет ішіне, 2–6
сағ кейін малға натрий хлоридінің 10 %-тік ерітіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде
тамыр ішіне және аскорбин қышқылының10 %-тік ерітіндісі– 3–5 кг-ға 1 мл
тамыр ішіне. Ерітінділерді енгізгеннен кейін малға бірден су, көк сүт немесе
сүт ұйытқышын береді.Жоғарыда аталған барлықдәрілердің кешенін 3 реттен
көп пайдаланбайды.
Алдын-алу мен күресу шаралары негізінен қоздырушыларды
тасымалдайтын кенелермен күресуге негізделеді. Малдарда кенелердің
болуын үнемі текереді және апта сайын кенелерге қарсы шараларды көктем-
жаз-күз мезгілінде жүргізеді, мал шаруашылқ бөлмелерді және қоршалған
аумақты дезакаризациялайды (1,5-2 айда 1 рет). Мәжбүрлеп өлтірілген
малдардың етін тағамға қолданады,егер ол сары түсті болмаса және бауырда
дистрофикалық өзгерістер болмаса.
Кокцидиоздар
Кокцидиоздар немесе эймериоздар деп ішектің, бауырдың, және
иесінің бүйрегінің эпителиалды торшаларында тіршілік ететін эймерий
тобының кокцидий тұқымдасының қарапайымдылары тудыратын малдар мен
адамның ауруларын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: