Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет72/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Тейляриоз 
Бұл ірі қара малдың лимфа түйіндерінің, көк бауырдың, бауырдың, 
сүйек кемігінің ,сондай-ақ эритроциттер мен лейкоциттердің мононуклеарлы 
фагоциттер жүйесінің торшаларында ошақтанатын пигментсіз қарапайым 
тейлериялар тудыратын трансмиссивті ауруы. Ауру Европаның, Азияның, 
Африканың көптеген елдерінде таралған.Малдар арасында өлім 60–80 % 
құрайды. 
Ірі қара малдың ағзасында тейлериялар дамуының 2 сатысын өтеді: 
лимфа түйіндерінде,көкбауырда және басқа да ішкі ағзаларда гранат 
деншектердің пайда болуымен көпшілік бөліну(шизогония) және иесінің 
эритроциттерінде(тейлерийдің эритроциттік түрлері) қарапайым бөліну(2-4 
түрге) . 
Инвазияның қоздырушы көзі- барлық тұқым мен жастағы ауру 
малдар,әсіресе 6 айлық бұзаулар қатты ауырады. Қоздырушыны тасушылар-
кенелер. Ірі қара малда тейлериоздың пайда болуы көп жағдайда мамыр 
айының соңынан шілдеге дейін жалғасады, кейде күз бен қыста болады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 6-35 тәулікті құрайды.Ауру асқынған(4-
7тәул) және өте асқынбаған (16 тәул)түрде өтеді, ол лимфа түйіндерінің 
үлкейіп, дене температурасының жоғарылауымен (41°C және одан жоғары), 
жүрек-қан тамыр жүйесінің және ас қорыту қызметінің бұзылуымен 
сипатталады.
Диагнозды эпизоотологиялық және клиникалық мәліметтерге, 
патологоанотомиялық өзгерістерге жәнезақымдалған лимфа түйіндері мен 
көкбауырдан алынған қан жұғындысы мен шизонттардағы тейлериялардың 
эритроциттік түрлерінң микроскопиясы негізінде қояды 
Емдеу үшін бұлшық етіне 7 % -тік ерітінді түрінде азидинді 0,0035 г/кг 
мөлшерінде, окситетрациклин (террамицин) – 2–5 мг/кг (2–5 мың бірл/кг 


99 
дене массасы) бұлшық ет ішіне, кофеиннің 20 %-тік ерітіндісі терастына бір 
малға 5-20 мл-ден, В12 витамині 1–2 мгк/кг мөлшерден бұлшық ет ішіне, 2–6
сағ кейін малға натрий хлоридінің 10 %-тік ерітіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде 
тамыр ішіне және аскорбин қышқылының10 %-тік ерітіндісі– 3–5 кг-ға 1 мл 
тамыр ішіне. Ерітінділерді енгізгеннен кейін малға бірден су, көк сүт немесе 
сүт ұйытқышын береді.Жоғарыда аталған барлықдәрілердің кешенін 3 реттен 
көп пайдаланбайды.
Алдын-алу мен күресу шаралары негізінен қоздырушыларды 
тасымалдайтын кенелермен күресуге негізделеді. Малдарда кенелердің 
болуын үнемі текереді және апта сайын кенелерге қарсы шараларды көктем-
жаз-күз мезгілінде жүргізеді, мал шаруашылқ бөлмелерді және қоршалған 
аумақты дезакаризациялайды (1,5-2 айда 1 рет). Мәжбүрлеп өлтірілген 
малдардың етін тағамға қолданады,егер ол сары түсті болмаса және бауырда 
дистрофикалық өзгерістер болмаса.
Кокцидиоздар 
Кокцидиоздар немесе эймериоздар деп ішектің, бауырдың, және 
иесінің бүйрегінің эпителиалды торшаларында тіршілік ететін эймерий
тобының кокцидий тұқымдасының қарапайымдылары тудыратын малдар мен 
адамның ауруларын атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет