Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


Ірі және ұсақ мүйізді малдың эуритрематозы



Pdf көрінісі
бет80/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

 Ірі және ұсақ мүйізді малдың эуритрематозы 
Ірі және ұсақ мүйізді жануарлардың, түйелердің және көп жабайы 
қүйіс қайыратың малдың ауруы. Қоздырушысы Dicrocoelidae тұқымдысына, 
Fasciolata подотрядына жататын трематода. Шошқалар осы қоздырушымен 
зақымдалады, адамда өте бейімді болады. Мекендейтін жері – қарын асты 
безі жлдарында, өте сирек бауырда да кездеседі.
Қоздырушы – Eurytrema pancreaticum. Эуритремалар – ұлкен қызыл 
түсті трематодалар жақсы дамыған сорғыштары болады. Дене ұзындығы 13,5 
18,5мм,ені-5,5-8,5 мм. Ауыз сорғышы құрсақ сорғышына қарағандаірі келеді. 
Жұтқыншағы жартылай ауыз сорғышымен жабылған, өнеші қысқа. Екі ішек 
бұтағы дене бүйірлері бойынша орналасып артқы жақта бітеді(сур. 28). 
28Сурет -Eurytrema pancreaticum қоздырушысы 
Жұмыртқалықтын пішіні дұрыс келмеген, құрсақ сорғышынын 
жананда орналаскан. Сары денелер көп санды фолликулалардан турады. 
Жатыр трубка тәрізді, дененің бүкіл артқы жағын алады. Жұмыртқалары 
қоныр 
түсті, 
ішінде 
дамыған 
мирацидий 
болады. 
Мөлшері 
(0,045…0,052)×(0,029…0,033) мм. 
Мемлекеттің территориясында Eurytrema сoelomaticum және Eurytrema 
media түрлері кездеседі. Африка және Азия мемлекеттерінде басқа да 
түрлері тіркелген. 
Даму биологиясы. Трематода аралық иелер – жердегі моллюскалар E 
lantzi, Bradybaena similaris, Bradybaena phaeozona және т.б., тағыда 
Conophalus maculates туысына жататын қосымша иелер (шегірткелер) 
қатысуымен дамиды. Қытайда қосымша иелер Nemobiya caibae сверчогі 
болып табылады (сур. 29).


109 
29Сурет -Eurytrema pancreaticum даму схемасы 
Ауру малдың нәжісімен трематода жұмыртқалары сыртқа шығады 
және шоппен бірге моллюскалармен жұтылады. Олардың ішегінде 
жұмыртқадан мирацидий шығып бауырға енеді де бір ай арасында 
спороцистаға айналады. Церкарий 5 ай бойы дамиды, кейбір кезде оның 
дамуы бір жылға дейін созылады. Содан кейін церкарий моллюсканың 
денесінен шығып өсімдікке және суға түседі. Алғашқыда оларды
шегірткелер жиды, солардын денесінде метацеркарий – инвазиялық личинка 
дамиды. Метацеркарийлардың дамуы 21 күннен 60-90 күнге дейін 
созылады. Дефинитивтік иелер жайляуда инвазияланған шегірткелерді 
шоппен жеп зақымдалады. Жануарлардың қарын асты безінде трематодалар 
толық жыныс сатысына 2-3 айдасын жетеді (кейбіреулер айтуы бойынша 50-
100 тәулікке созылады). Өмір ұзындығы 4 жылдан аса. 
Эпизоотологиялық деректер. Эуритрема ошақты таралған. Оңтүстік 
Америкада, Шығыс Азияда, Қазақстанда, Ресейде, Алтайда кездеседі. 
Жануарлар жылдың жылы мерзімінде зақымдалады. Эуритрема 
жұмыртқалары, және спороцисталар церкарийлармен сыртқы ортаның 
құбылыстарына тұрақты келеді, сондықтан инвазияны таратуына кабілет 
етеді. Биіл туған қошақандарда инвазияның пикі қараша айына келеді, ал 
төлдерде және ересек қойларда зақымдалу көктемде және жазда байқалады, 
максимумы тамыз айына түседі. 
Инвазияның 
интенсивтігі 
жануар 
жасымен 
көтеріледі. 
Моллюскалардың инвазия экстенсивтігі 2-8% жетеді, қосымша иелерде ол 6-
47% барады. 
Моллюскалардан шыққан спороцисталар күн сәулесі астында 7-35 минут 
аралығында өледі, бірақта жапырақ астында және дымқыл жерде олар өмір 
кабілеттігін 4 тәулікке дейін сақтайды. 
Патогенез және иммунитет. Гельминттер қарын асты безі жолдарында 
жиналып оны кенейтеді. Мүше паренхимасы альвеолярляқ құрылысын 


110 
жоғалтады, ісіну және инфильтрация дамиды, дәнекер ұлпа өседі, мүшенің 
секреторлық қызметі бұзылады. Осы нәтижесінен патологиялық процесс 
бүкіл асқорыту жүйесіне таралады. Иммунитет жануарларда толық емес. 
Ауру белгілері. Ауру малда жүдеу, созылмалы диарея, жақ асты, бас 
аумағында ісінулер байқалады. Көрінетін кілегей қабықтары сұрленген, 
аурудың созылмалы түрінде малдың жүні түссіз, жылтырсыз, сынғыш және 
женіл түседі, іш өту іш қатумен аусады. 
Патологоанатомиялық өзгерістер. Жалпы арыгу, кілегей және серозды 
қабықтарының бозғылттығы, тері астында және бүлшықаралық клетчаткада 
инфильтрат, кеуде және құрсақ куыстарында мөлдір транссудат жиналадуы 
байқалады. Паренхиматоздық мүшелерінде атрофия білінеді. Ішекте 
созылмалы қабыну байқалады. 
Балау. Тірі кезінде нәжісті бірнеше шаю әдісімен зерттейді. Эуритрема 
жұмыртқаларың дикроцелий жұмыртқалаларынан ажырату керек. Біріншінің 
жұмыртқалары ірі келеді. 
Емдеу. Қойларды емдеу үшін шетелде нитроксинил қолданады, оны 
тері астына немесе бұлшықетке еңгізеді, дозасы 10мг/кг, үш рет арасында 
интервал жасайды (20мг/кг – екі рет, 48 сағаттан кейін). Ірі қара малға күсу 
тас береді, аптасына екі рет, қан тамырға, дозасы 15-20 мл, 1-2%-тық ерітінді 
түрінде. Тағыда политрем қолдануға болады. 
Алдын - алу және күресу шаралады дұрыс зерттелмеген. Таза емес 
шаруашылықтарда 
қорада 
үстаған 
уақытта 
емдеу 
– 
алдын-алу 
дегельминтизация өткізеді. Сиырлар мен қашарларды маусымның бірінші 
жартсына дейін жайляудың бар түрлерінде бағу болады, ал ересек 
шегірткелер уша бастағанда ашық және жасанды жайляуларда бағу керек. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет