Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет78/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
 Ірі қара малдың гиподерматозы
Бұл терінің және арқа аймағының теріасты тінінің зақымдануымен 
және сүт өнімділігінің төмендеуімен сипатталатын ауру.


105 
Аурудың қоздырушылары ми-жұлын аналығы және өңештің теріасты 
сонасының (овод) дернәсілдері болады.Қанатты жәндіктер ұзындығы 13-
15мм жетеді. Қоздырушының дамуы толық метаморфозбен өтеді. Дамуға 
келесі сатылар қатысады:жұмыртқа,дернәсілдердің 3 сатысы,қуыршақ және 
имаго (23 сурет). Соналардың алғашқы ұшуы(лет) мамыр-маусым 
айларында,тек ыстық,шуақты күндерде басталады. Ми-жұлын аналығы 
жұмыртқаны аяқ-қолдың үстіңгі бөлігіне,қарын,желін және бүйірлердің жүні 
бар жеріне,ал өнештікі тұсау буынына салады. 4–7 және одан көп күн өткен 
соң оларда 1-ші сатыдағы дернәсіл жетіледі. Өңеш дернәсілдері жұтқыншақ 
және өңеш аймағына,ал ми-жұлын дернәсілі ми-жұлын каналына ауысады,ол 
жерде 6 айға дейін болады. Одан кейін олар арқа мен бел аймағына 
ауысады,ол жерде олар дәнекер капсуласымен қапталады және ферменттерді 
бөлетін,тіндерді балқытады және өзекті жолдарды құрайтын 2-ші сатыдағы 
дернәсілдерге айналады. Бұдан сол олар 3-ші сатыдағы дернәсілге айналып, 
жерге түседі, топырақтың беткі қабатына енеді де қуыршақтанады,одан кейін 
қуыршақтан имагоға айналады. 
Ауруды жұқтыру тек жазда соналардың ыстық,құрғақ,шуақты күнде 
ұшу кезінде жүреді. Малдар көбінесе 1 мен 4 жас аралығында ауруды 
жұқтырады.Соңғы кездері жүргізілетін жаппай өңдеу жұмыстарының 
арқасында теріасты соналардың саны айтарлықтай төмендеді.
Ұзақ орын ауыстыру кезінде дернәсілдер малдардың мүшелері мен 
ұлпаларын зақымдайды. Қарқынды зақымдану кезінде малдардың 
әлсіреуі,өнімділіктің төмендеуі жүреді.Көктемде сәуір-мамыр айларында 
тері,бел мен құйымшақ аймағында дернәсілдердің болуы байқалады 
.Соналардың ұшу кезеңінде малдар мазасызданып,түшкіреді, құйрықты 
көтеріп жайылымнан қашып кетеді. Теріасты соналардың дернәсілдермен 
зақымданған малдарды көктемде,дернәсілдердің арқа аймағындағы теріасты 
клетчатканы жаппай жақындауы кезінде палпация көмегімен анықтайды.
Теріасты соналармен күресудің негізгі мақсаты – малдар ағзасындағы 
1-ші сатыдағы дернәсілдерді жою. Ол үшін гиподермин-хлорофосты (арқа 
аймағына , омыртқалардың екі жағына құю әдісімен 200 кг массасындағы 
малдарға 16 мл,ал 200 кг-нан артықтарға -24 мл мөлшерінде енгізеді), 
диоксафос-К-ны (сол мөлшерде), сульфидофосты-20, хлорофос пен 
ивермектинді қолданады, оны тек қана теріастына 1 мл/50 кг мөлшерінде 
енгізеді. Ерте химиялық терапияны күзде,қыркұйек-қараша айларында 
жүргізеді.Кеш химиялық терапияны көктемде,дәл сол препараттармен 
дернәсілдердің арқа аймағына максималды жақындау кезеңінде жүргізеді. 
Күзде жайылымда болған барлық малдарды, араға 1 ай салып, екі рет ,ал 
көктемде тек зақымданған малдарды өңдейді. Жұмыртқа салудың алдын алу 
мен 1-ші сатыдағы дернәсілдерді жою үшін малдарды 1 %-тік хлорофос 
ерітіндісімен жайылымдық кезеңде 10 күнде 1 рет шашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет